Талдықорған: +6°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Өзекті мәселелер көтерілді

15 қазан 2018
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Билік пен бұқара халық арасына алтын көпір бола білген депутаттардың алға қойған басты мақсат міндеттері – ауылдық жерлердегі түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға атсалысу. Осы себепті, алдын ала белгіленген кестеге сай Қайнар, Нұра ауылдық округтеріне ат басын бұрған бір топ халық қалаулысы тұрғындармен кездесіп, қордаланып қалған МӘСЕЛЕЛЕРГЕ назар аударды.

Еркін ауылындағы №26 орта мектепте өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қайдар Әбдіханов, аудандық мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары мен мамандары, кәсіпкерлер палатасының өкілі қатысты. Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебаев сайлаушылар алдында есепті баяндама жасады.
Жұмахан Еңкебайұлының есепті баяндамасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тыныс-тіршілігі кеңінен қамтылды. Соның ішінде тұрғындардың көгілдір газға қосылуы, жарықтың берілуі, жолдардың жасалуы сынды мәселелер жан-жақты тарқатылды.
Аумағына 11 елді мекен кіретін Қайнар ауылдық округінде 18 мыңға таяу халық мекендейді. Округте 25 мекеме, 205 шаруа қожалығы, 28 дүкен, 17 дүңгіршек, басқа да шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс жасауда. Осы жылы Көктал ауылында жеке кәсіпкер Б. Қасымбекованың демеушілігімен 150 орынды балабақша ашылса, Жаңалық ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жанынан тарихи музейдің қабырғасы қалануда. Жалғамыс ауылында 600 орынды мектептің жобалық-сметалық құжаттарына 16 млн. 400 мың теңге қаржы бөлінгендігін Қайнар ауылдық округінің әкімі Жандос Ясинов тілге тиек етті. Ауыл әкімінің айтуынша, 2014 жылдан бері барлығы 36 шақырым су құбыры салынған. Ауылдарды жарықтандыру мен бірқатар көшелерге тас-құм төсеуге қомақты қаржы бөлініп, игерілген.
Дегенмен, мәселенің мұнымен бітпейтіндігін жиынға қатысушы тұрғындардың жанайқайы аңғартты. Халық қалаулылары құлақ асар деген үмітпен ауыл белсенділері өзекті мәселелердің бәрін жасырмастан жайып салды. Еркін ауылындағы Жастар, Киров көшелерін жөндеу, орталық көшеге бағдаршам қою қажеттігін, ауылдағы ФАП-тың сын көтермейтіндігін, жарық пен судың жиі өшіп, ескертусіз тоқтатылатындығын, соған қарамастан тарифтің қымбаттығын жіпке тізгендей етіп жарыса жеткізді. Мұндай өзекті мәселелердің «Ай-Абылай», «Айғаным» ықшамаудандарына қатысты екендігі айтылды. Ауыл арасында қаңғыбас иттердің де босып жүретіндігіне налыған жұрт қиындықтың шешімін табуына депутаттардың назар аударуын сұрады.
Туғанбай, Өстемір, Қаратоған ауылдарының басын біріктіретін Нұра ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде де күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. Аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебаевтың есептік баяндамасынан соң ауыл әкімі Сейітқұл Домбаев атқарылған жұмыстар жайын баяндады. «Нұра – 2» ықшамауданына жарық желісін, су құбырын тартуға, жолын жасауға республикалық бюджеттен 2 млрд. 438 млн. 691 мың 820 теңге бөлініп, игерілген. Нұра ауылындағы 3 және Туғанбай ауылындағы 1 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аграрлық аймақта былтыр «Алға-Нұра», «Қазына-Нұра», «Қазына-Жеміс» ауылшаруашылық кооперативтері құрылған. Нәтижесінде «Қазына-Жеміс» 50 гектар жерге көкөніс өсіріп, бүгінгі күні сауда орындарына 100 тонна көкөніс өткізген. Он адам еңбекпен қамтылған. Кәсіпкерліктің де керегесі кеңи түскен. Өстемір ауылындағы «Миклашов» жеке кәсіпкерлігі кондитер өнімдерін өндірумен айналысып келеді. Өткен жылы ол 195 тонна өнім өндіріп, 30 адамды жұмысқа тартқан.
Жиында сөз алған ауыл тұрғындары М. Жарылқасымов, Ә. Нұрәбілов, Нұрғожаев, С. Оспанов, Е. Шәкібаев бұл ауылдарда да ауызсу тапшылығы, электр қуаты кернеуінің төмендігі, жолдың сапасыздығы сынды түйткілді мәселелердің барын ортаға салды. Әсіресе, ауылдық аурухананың толыққанды іске қосылуына кедергінің шығуы, «жедел жәрдем» қызметінің өз деңгейінде еместігі, маман тапшылығы тұрғындардың бас ауруына айналған.
Кездесуде Талғар ауданының бас сәулетшісі Марат Рысбеков көпшілікті тұрғын үйлерді заңдастырудың жолдарымен таныстырса, аудандық кәсіпкерлік палатасы үйлестіру бөлімінің маманы Жасұлан Сейтқали «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, қалаған кәсіпті ашуға болатынын түсіндіріп өтті. Толғақты мәселелерді түйіндеген аудандық мәслихат хатшысы Ж. Еңкебайұлы тұрғындар айтқан ұсыныс-тілектердің аяқсыз қалмайтындығын уәде етіп, жұртты жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілікте еңбек етуге шақырды.
Сан мыңдаған сайлаушының аманатын арқалаған депутаттар осылайша ауданның барлық елді мекендерінде тұрғындармен кездесіп, сан тарау сауалдар мен ұсыныс-пікірлерге ден қойды. Енді көпке ортақ маңызды мәселелердің шешімін табуын күтеміз.

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00
Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.