Талдықорған: +10°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖЕТІ ЖҮЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫ

4 қаңтар 2019
ӘЛЕУМЕТ
ЖЕТІ ЖҮЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ақ жаулығы көк тудай желбіреген, Бейнетпенен ақ шашы селдіреген. Талғарымда ана бар Тұяқ атты, Жетім десе жүрегі елжіреген, – деп ақын Мұса Жанәділов жырға қосқан, жүрегі мейірім мен қайырымға тұнған Тұяқ ЕСҚОЖИНА басшылық жасайтын Талғар қаласындағы «Нұр» жекеменшік отбасылық балалар үйінің құрылғанына 20 жылдан асты. Жетімін жылатпаған халықтың аяулы анасы осы жылдар аралығында 700 шақты жәудіркөз баланы бауырына басты.

Сонау қос өкпені қысқан 90-жылдардың ауыртпалығына төзбеген кейбір отбасылардың ойраны шығып, ата-ананың қамқорлығы мен мейіріміне шөліркеген балапандардың басынан сипап, жанардағы жасын құрғатуда нар тәуекелге бел буып, сан алуан қиындықты өткерген үлкен жүректі ананың жетімдерге жасаған жақсылығы бір мақала ғана емес, том кітапқа жүк болары анық. Шаңырағынан мейірімнің шуағы төгіліп, жүректерге жылу сыйлаған «Нұр» отбасылық балалар үйінің босағасынан бақыттың барын сезініп, қуаныштың дәмін татқан жүздеген жетімнің жанарына үміт оты ұялап, асқақ арманмен болашаққа қанат қақты.

Қазіргі таңда аталған үйде 8 ұлттың өкілінен тұратын 46 бала тәрбиеленуде. 20 жыл ішінде 700 шақты баланы ұядан ұшырып, қияға қанат қақтырған Тұяқ апа мен Әнуарбек ата бүгінде 20 баласынан 35 немере сүйіп, мейірімді ата-әже болып отыр.

Қазақстанның Құрметті азаматы, «Алтын жүрек» мүсіншесінің және республикалық «Бірлік» алтын медалінің иегері Тұяқ Қазкенқызының игі ісіне аудан әкімі де ризашылығын білдіріп, қара шаңыраққа арнайы барған бір сәтінде:

— Сіздің жетімнің көз жасын құрғатып, қатарға қосудағы ерен еңбегіңізді аудан ғана емес, еліміздің жұртшылығы жақсы біледі. Кешегі кішкене бүлдіршіндердің бүгінде буыны бекіп, еліміздің кемелденуіне үлес қосып жүргендігі қуантады. Сіздердің ерлікке пара-пар еңбектеріңіз бен қайырымды да өнегелі өмірлеріңіз адамзатқа үлгі-өнеге. Сол себепті, өздеріңіз тер төгіп, негізін қалаған үлкен отбасына дендеріңіз сау боп, өсірген ұл-қыздарыңыздың қызығын көрулеріңізді тілеймін, – деген еді.

Қысыл-таяң шақтарға қарамастан шаңырағының биіктеп, босағаның беки түсуіне бар қажыр-қайратын жұмылдырған алтын жүрек Тұяқ Қазкенқызы мен Әнуарбек Байсаринның «Нұр» отбасылық балалар үйінде тәрбиеленуші бүлдіршіндерге демеушілердің көмегімен барлық жағдай жасалған. Балаларды күтіп-қараумен 10 адам айналысады. Олардың білім алуы мен тынығуына, ойнап-күлуіне, қалаған істерімен айналысуына мүмкіндік берілген. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсету балалардың басты қағидасына айналған десек, еш қателеспейміз. Соның нәтижесінде бір-біріне бауыр басып, бір үйдің баласындай болған бүлдіршіндердің арман-мақсаттары айқын. Ол – тәуелсіз елінің, туған жерінің адал перзенті болу.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00
Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00
Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 13:30
Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Бүгін, 13:02

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.