Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Алакөлдің мақтанышы

24 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
Алакөлдің мақтанышы
WhatsAppTelegramFacebook

Дубай төрінде өткен әлемдік деңгейдегі «UAE SWAT Challenge – 2026» додасында Қазақстанның арнайы жасақтары тарихи нәтижеге қол жеткізді. Әлемдік додада 48 елден 109 команда бақ сынады.

Жал­пы­командалық есепте Kazak­h­s­­­­tan «C» абсолютті чемпион атанды. Финалдық қорытынды бойынша 1-орынға Kazakhstan «C» 536 ұпай, 2-орынға Kazakhstan «A» 515 ұпай, 3-орынға China Police «C» 493 ұпаймен тұрақтады.
Турнирдің соңғы күні өткен Obstacle Course кезеңінде де Қазақстан құрамасы жоғары қарқын көрсетіп, Kazakhstan «B» кезең жеңімпазы атанды.

UAE SWAT Challenge – арнайы жасақтардың физикалық төзімділігі мен тактикалық дәлдігін қатар сынайтын жарыс. Мәселен, сайыс күндерінің бірінде Hostage Rescue Challenge кезеңінде мергендік, жедел шабуыл, нысаналарды қателіксіз орындау және «кепілді» қауіпсіз алып шығу сияқты көпсатылы тапсырмалар орындалған.

Осы айтулы жеңістің құрамында жерлесіміз Жәнібек Серікұлы бар. Ол Алакөл ауданы, Бескөл ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде офицерлік лауазымда абыроймен қызмет атқарады. Жәнібек­тің халықаралық аренадағы еңбегі туған өңірдің ғана емес, ел намысын көтерген тұтас қазақстандық жауынгерлердің бірлігін айқындайтын жарқын мысал.

Елге оралған жеңімпаздар еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ақордада арнайы бөлімше офицерлері мен әскери қызметшілерін ұлықтау рәсімі өтіп, Жәнібек Серікұлы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл жеңіс жеке спорттық не кәсіби табыс қана емес, тәртіп пен жүйелі дайындық, командалық үйлесім және елге адал қызметтің нақты нәтижесі. Алакөлдің жас сарбаздары мен спортқа, әскери іске қызығатын өрендер үшін Жәнібек Серікұлының жолы мақсатқа адалдықтың, еңбектің және намысты биік қоюдың үлгісі.

Рысалды ШАРАПИЕВА,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55
Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.