Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ

26 мамыр 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Бір елдің бағына туып, әлемге атын әйгілеп тұратын бір азаматтың болатындығы хақ. О баста «Филиппин» десе жаһан білетін бокс тарихында сегіз түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған әзірге жалғыз боксшы Мэнни Пакьяо ойға оралады. Біз барған сәтте көшенің әр бұрышында Сенат сайлауына қатысушылардың суреттері ілініп, үгіт-насихаттары жүріп жатты. Арасында біз танитын Пакьяо да бар.

Оның елдегі беделі биік, абыройы асқақ. Кедей-кепшік, жетім-жесірге қамқорлық көрсетіп, шалғайда орналасқан елді мекендерге аурухана салып бергені жұрт аузында. Өкілдер палатасында депутат (2010-2016 ж.ж.), одан кейін сенатор (2016-2022 ж.ж.) болған Пакьяо 2022 жылы Президент сайлауына да қатысып көрді. Ал биыл мамырдың екінші аптасында анықталған Сенат сайлауының нәтижесі бойынша Пакьяо 18-орынға орналасып, жеңілісін өзі де мойындады. Бүгінде саясаттағы белсенділігін азайтып, 46 жасында шілдеде WBC жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық атаққа Марио Барриоспен жұдырықтасу үшін 2021 жылдан кейін шаршы алаңға қайта оралмақ.

Филиппинде жүргенде әр жолыққан жаннан Пакьяоны сұраймыз. Пікірін білігіміз келеді. Бәрі оң баға береді. Алайда сайлауда жеңіліп қалғандығының себебін саясат сахнасындағы тәжірибенің аздығымен түсіндіреді. Әдетте «бокс державасы» саналатын Қазақстан жөнінде сұраймыз. Спортты қарайтындардың танитыны – Геннадий Головкин.

Ал мені таңғалдырғаны Филиппинде қазақтың әлемдік әншісі Димаш Құдайбергеновті қолдайтын, әр кешін тұрақты қарап, оны талдай алатын ортаның бар екенін көру болды. Олардың жанкүйерлігіне риза боласың. Алғаш жолыққанымызда бастарында Қазақстанның Туы түстес көк баскиім, онда «Dimash»деп жазылған, ал үстілеріндегі ақ киімнің кеуде тұсында Димаштың ән айтып тұрған суреті, «Dimash Philippines» деген жазумен Қазақстан мен Филиппиннің туы болды. «Димаштың жерлесі» деп бас салып, сұрақтың астына алып, әр берген жауабымды қуана қабылдап отырды. Естелік үшін бірлесіп фотоға түсіп алдық. Келесі күні кездескенімізде Димаштың бейнесі бар қара-қоңыр киімді киіп келіп, қос қолына екі елдің Туын ұстап, өздері арнайы жасаған әншінің суреттері бар блокнот, мойынорағышты сыйға тартты. Арнайы құрылған жанкүйерлік топтың тарихы 2017 жылдан басталады. Құрған – Майте Абелланоса (бүгінде денсаулығына байланысты белсенділікті азайтқан), ал құрамында Мария Сантилиан (бүгінде Дубайда), Жан Глория, Айлин Перучо, Миниа Пуганан, Жульета Мангурай (бүгінде Венгрияда), Сел Салай бар. Миниа Пугананмен сөйлестім. «Өнердің биік шыңы іспеттес. Тыңдаған сайын құлақ құрышың қанып, өне бойың шымырлайды. Талантына, дарынына бас идік. Оның дауысы – баға жетпес жауһар», – деді. Одан кейін қолына телефонын алып Астанаға келгендегі кезін айтып, «міне, Димаш туған Ақтөбегеде бардық» деп суреттерді экранды сырғыта отырып кезек-кезек көрсеткенде жүрегім елжіреп, риза болдым. «Бізді жақсы қарсы алды. Халқы өте кеңпейіл, қонақжай екен. Жөн сұрағанымызда бәрін түсіндіріп, бағыттап отырды. Біз де біраз қазақша сөзді жаттап алдық» дейді риза көңіл, кеңпейілімен Миниа. Филиппинде құрылған Димаштың жанкүйерлік тобы 2019 жылы желтоқсанда Нью-Йорк (АҚШ) қаласында, 2023 жылы Куала-Лумпур (Малайзия) мен Гонконгта және 2024 жылы күзде Астанада болған Димаш Құдайбергеновтың ән кешіне арнайы барған. Енді Димаштың Қазақстанда өтетін алдағы кештерінің біріне келуді жоспарлап отыр. Телефон нөмірімді жазып алған Миниа өзінің WhatsApp желісіндегі суретіне алғашқы күні жолыққандағы фотомызды қойып, қосымша «Dimash Philippines official» деп аталатын топқа да қосыпты. Димаштың жақында шыққан «Тау ішінде» әніне түсірілген бейнебаянын талқылап, құрдасымның келесі қадамын филиппиндік фанаттармен тағатсыздана күтіп жүрмін.
Жалпы өнерде, спортта шегара жоқ. Әлем алдында сүйіспеншілікке бөленіп, махаббат пен құрметке кенеліп, бір елдің абыройын асқақтатып жүргендердің еңбегіне бас иесің. Олардың өзі сүйген ісі бойынша жетістікке жету жолында талай еңбекпен қиындық тезінен өткенін бағамдайсың.

Серік Қантай

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.