Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕТІСУЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

24 қыркүйек 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕТІСУЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ волейболдан «Жетісу» мен «Жетісу-2» әйелдер командасының жолдастық кездесуін тамашалады. Қала күніне арналған кездесуде қос команда тартысты ойын көрсетіп, алдағы додаларға сақадай-сай екендіктерін дәлелдей түсті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Жақында ғана «Жетісу-2» Өзбекстанда өткен жастар арасындағы Орта Азия кубогында Қазақстан атынан қатысып, бірінші орынды алды. Енді Павлодарда өтетін Қазақстан кубогының іріктеуіне қатысады. Ал «Жетісу» командасы Тайландта өтетін Азия клубтық чемпионатына жолға шықпақ. Бұл кездесу маңызды дода алдында қыздарға командалық жігер сыйлады.

— Өкінішке қарай, менің досым, білікті жаттықтырушы Вячеслав Шапран мезгілсіз өмірден озды. «Жетісу» командасын екеуміз бірге құрғанбыз. Осы кездесуді соған арнасаңыздар деймін. Қазақстан волейболын жаңа деңгейге көтерген ол жақсы адам, адал дос, еңбегі сіңген нағыз қайраткер еді. Оны ешқашан ұмытпаймыз, алдағы уақытта арнайы турнирлер өткіземіз. Сіздерге сәттілік тілеймін, жеңіспен оралыңыздар, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жарысты өткізудегі мақсат, біріншіден, Қала күнін атап өту, екіншіден, жолға шығар алдындағы үлкен дайындық екенін айтты. Сондай-ақ, «Жетісу» республика бойынша Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы, ал «Жетісу-2» жастар арасындағы былтыр ел біріншілігінде бір ойын жеңілместен чемпион болғанын жеткізді.

Жолдастық кездесу 3:0 есебімен «Жетісу» командасының басымдығымен аяқталды. «Жетісу-2» командасының қыздары да тартысты ойын көрсетіп, жеңісті оңай бермеді. Жолдастық кездесу туралы ойын білдірген «Жетісу» командасының капитаны Светлана Парукова:

— Бізге әрдайым қолдау көрсетіп жүрген облыс басшылығына алғыс айтамыз. Тартысты кездесу болды. «Жетісу-2» командасы қыздарының ойын деңгейі өскен. Қазақстан волейболының мықты буыны өсіп келе жатыр. Біздің абыройымызды жоғары деңгейде қорғайтынына сенімдімін. Алда өтетін жарыстардан жеңіспен келуге барымызды саламыз, – деді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — Серік ҚАНТАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.