Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АҚСУДА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ — ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

21 қазан 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
АҚСУДА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Республика күні қарсаңында Ақсу ауылында заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді. Аталмыш нысан ақсулық меценат Айдын Сүлейменнің демеушілігімен салынып отыр. Нысанда бір мезгілде 180 бала спортпен шұғылдана алады. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Алмат Үшкемпіров, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы, ауыл тұрғындары қатысты.

Құны 350 млн.теңге болатын құрылыс жұмыстарын «Строй монтаж вектор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Кешенде 4 жаттығу залы бар десек, олар түгелдей қажетті спорттық жабдықтармен қамтылған. Яғни ауыл балаларының баскетбол, волейбол, шағын футбол, бокс, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша және еркін күреспен айналысуына мүмкіндік жасалған. Нысанда бір мезгілде 180 бала спортпен шұғылдана алады.

— Бұған дейін балалар еркін күрестен ауылдағы Мамания мектебінің спорт залы базасында жаттығып келді. Оларды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бөлінген маман жаттықтыратын. Енді күреспен қатар басқа да спорт түрлеріне қызыққан балалар осы кешенінің арнайы залдарында шынығатын болады. Штатқа жаттықтырушылар спорт мектебінен тартылады, — деді Ақсу аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Асхат Сауғанбаев.

Кешен жастарды саламатты өмір салтына баулып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға, табандылық пен төзімділігін шыңдауға мүмкіндік бермек. Ақсу ауылының тұрғындарының орталықта болашақ чемпиондар өсіп шығарына сенемдері мол.

Жалпы қазір Жетісу облысында Ақсудағы спорт кешенінен бөлек 5 спорттық сауықтыру кешені бар. Биыл облыста тағы 8 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Алакөл ауданындағы Достық және Лепсі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Алакөл ауданы Бескөл ауылында, Панфилов ауданы Үлкен Шыған, Пенжім ауылдарында спорт кешендері салынуда.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.