Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Бабы келіп топ жарған

25 ақпан 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Бабы келіп топ жарған
WhatsAppTelegramFacebook

Текеліде саятшылардың турнирі өтті. Дәстүрлі жарысқа Жетісу өңірінің аудан, қалаларынан 15 құсбегі қатысты. Олар тазы жарыстырып, баптаған бүркіт, қаршыға, сұңқар, ителгі сынды құстарын аңға салып, өзара бақ сынасты.

Түсей Әбдікерім өмірін саятшылыққа арнаған құсбегілердің бірі. Атакәсіпке жастайынан аңсары ауып, бүгінге дейін қол үзбей келеді. Оның Сарша және Ақжелке атты екі бүркіті бар. Осы бүркіттерімен биыл қыста 18 түлкі, 1 шибөрі ұстаған. Түсей ақсақал  Ақсу ауданының намысын қорғауда.

– Сарша балапан кезінде қырдан тормен ұсталған. Мұны мен құсқа тор құрушылардан алдым. Жасы 3-те. Жалпы жүйрік атты баптағандай, құсты да баптай білу керек. Бүркіттің жеген асы адал болуы керек. Ал іші таза болған соң оның ұстамайтын аңы болмайды. Қолға шақырғанда лезде келуі де соған байланысты, – дейді ол.

Сайыс қолға шақыру, шырғаға салу, қоянға түсіру  сынды 3 кезеңнен тұрды. Ең бірінші, Қаршыға және ителгілер қолға шақырылып, арнайы көрсетілім қойылды. Артынша бүркіттерге кезек берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бекзат өнерімізге ден қойғандар саны жылдан жылға көбейіп келеді.

– Бізде әртүрлі жастағы бүркіттер бар. Балапандар, тірнектер,  одан кейін 16-18 жастағы бүркіттер бар. Менің өзімнің бүркітім, Айқабақ 18 жаста. Биылғы халықаралық жарыста 2-орын алды. Қартайдым деп тұрған жоқ. Әлі талай жарыста олжа салады. Қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан ұлттық спортымызды насихаттау борышымыз, – дейді облыстық саятшылар федерациясының президенті Бүркітбай Файзоллаұлы.

Турнир қорытындысы бойынша Әзен Шәймерденнің «Ерке» бүркіті III орын, Түсей Әбдікәрімнің «Ақжелке» бүркіті II орын, Ғалымбек Бүркітбайдың «Ақбөртесі» I орын жеңіп алды. Тазылар арасында Керілбек Баянның «Қаңбағы» III орын, Елдос Бердиевтің «Дауылы» II орын, Марат Жұмаділовтің «Тұмары» I орын иеленді. Жүлдегерлер Грамота және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Медет ЖҰМАБАЙ
Текелі қаласы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.