Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Болайын деп тұрған бала»

16 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
«Болайын деп тұрған бала»

ҚР ҰОК

WhatsAppTelegramFacebook

Қысқы Олимпиада ойындары басталғалы теледидарға телміріп, әр әлеуметтік желіден спортшыларымыздың нәтижелерін қарап, өзімізше пікір айтып, жан-жақты талқылап жатырмыз. Ел спортшыларының арасынан көзге айрықша көрініп, нәтижесі сүйсінткен бір жан болса, ол – Илья Мизерных. Оның көрсеткіші Қазақстан тарихындағы шаңғымен тұңғырдан секірудегі ең үздік нәтиже.

Тау басына шығып, төмен түсер сәтінде тақым қысып «қалай болар екен?» деп елеңдеп қалғанымыз бар. Қазақстандық 19 жастағы Илья Мизерныхтың қайсарлығына, алғыр құстарша құйылып келіп түйіліп түскенінде бас шайқадық. О бастағы алаңдау бекер екен. Өзінің дебюттік Олимпиадасында Илья Мизерных 8-орыннан көрінді. Алғашқы секіргенінде 140,5 метрге секіріп 137.0 ұпай алса, екінші талпынысында 138,5 метрге секіріп, жеке техникасын есепке алғандар 147,0 ұпай берді. Жалпы 281.6 ұпай алды. Бұл Қазақстан тарихындағы тұғырдан секірудегі ең үздік көрсеткіш. Ал чемпион болған словениялық Домен Превц ( 138,5 + 141,5 – 301,8 ұпай) үздік нәтиже көрсетсе, одан кейін жүлдегер болған жапониялық Рен Никаидо (140,0 + 136,5 – 295,0 ұпай), поляк Кацпер Томасяк (133,0 + 138,5 – 291,2 ұпай) та барын салды.

Илья Мизерных жарысқа түсіп жатқанда «Qazsport» арнасында комментатор болған Есей Жеңісұлы ағамыз сыннан кейін: «Болайын деп тұрған бала екен. Осы баланы жақсы қолдау керек. Тентіретпей, ешкімге қол жайдырмай. К.Стох, Раймонд, т.б. мықтыларды жолға тастап, 8 (!) орын алды. Нән тұғырдан ешқашан мұндай нәтижеміз болған емес. Жүргізіп отырып жүрегім аузымнан шығып кете жаздады»,-дейді.

 

https://www.youtube.com/watch?v=nhIwKY7JBqs

Милан Олимпиадасындағы сәтсіздігін Ильяның өзі жарыстан кейін журналистерге берген сұхбатында: «Әлем кубогында жинаған ұпайларым аздық етті. Өйткені мен жиырмасыншы нөмірмен өнер көрсеттім де, менен кейін секіргендерге қарағанда екі саты жоғары секірдім. Соның салдарынан сегіз саты төмен түстім. Қонуым да сәл әлсіз болды, әлі де жетілдіру қажет. Екінші секіруде бәрі жақсы болды, тек тұғырдан серпілу сәтінде аздап кемшілік болды. Оған қоса арттан соққан жел үшін ұпай қосылды. Бізде алысқа серпілу үшін жел үлкен рөл ақтарады. Міндетті түрде қарсы бағыттан жел соғуы шарт емес, бірақ қарсы жел болса – тіпті керемет», – деді.

Осыған дейін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиададан ел тарихында тұңғыш алтынды алған Ильяның талпынысы жылдан жылға ұлғайып, нәтижесі өсіп келе жатқандығын байқадық. Оңтүстік Кореяда 2024 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада Альпенсия тұғырынан секірген Илья 1-кезеңде 110.2 ұпай, 2-кезеңде 103.8 ұпай алып, жалпы 214.0 ұпаймен жарыстың жеңімпазы атанды.

Илья 2007 жылдың 7 ақпанында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 6 жасында Алматыдағы №3 балалармен жасөспірімдер спорт мектебіне қабылданып, тұғырдан секірумен шындап айналыса бастайды. Алғашқы бапкері – Шыңғыс Нәбиев. Одан кейінгі жаттықтырушылары Алексей Губченко, Сергей Баденко және Анатолий Королев болды. Ильяның дәл осы бағытты таңдап, кәсіби шұғылдануына спортпен шұғылданатын көршісі әсер еткен. Бүгінде Ильяның өзі «жарақат алып қалу қауіпі жоғары спорттың бірі ғой» дегендерге «керсінше, әдемі спорт. Тек оны сезіну керек» деп қысқа қайырады. Оның арманы Олимпиаданың алтыны. Алғашқы талпынысын көрдік. Соған орай болашағына мол сеніммен қараймыз.

Серік ҚАНТАЙ  

Қатысты жаңалықтар

Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.