Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

30 қараша 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданы «Тау-Жетісу» демалыс аймағында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Саят» ұлттық спорт түрлерінен «Сонар – 2021» республикалық турнирі өтті.

Жарысқа 11 облыстан 80-нен астам құсбегі қатысты. Облыс әкімдігінің қолдауымен өткен турнирдің жалпы жүлде қоры 4 000 000 теңгені құрайды. Бұл жарыс биыл 24-ші мәрте ұйымдастырылуда.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында «Қансонар» аңшылық бірлестіктер және аңшылық шаруашылық субъектілері республикалық ассоциациясының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрім, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қыран» федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті Нұрлан Өнербай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Айтбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Қожа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері эстрада әншісі Досымжан Таңатаров, Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли және Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қатысып, ұлттық өнерді ұлықтаған ұл-қыздарға сәттілік тіледі.

Орайы келгенде саятшылықты ұлықтаушы, құсбегілікті дамытып жүрген Бағдат Мүптекеқызының еңбегін ерекше атап өтуге болады. Үш күн бойы тау бөктерінде сайысқа түскен құсбегілер келген жұрттың таңдайын қақтырды. Бірі тазы жүгіртіп, екіншісі сұңқар ұшырып, қолына қыран қондырған жарысқа қатысушылар қырдың қызыл түлкісіне бүркіттерінің томағасын сыпырып салды.

Дәл осы тұста сексеннен аса бүркітшінің арасында қаршадай ғана қыран ұстаған Айжан Асқарқызының өнеріне тәнті болмаған жан қалмады. Өзі нәзік болғанмен рухы асқақ қайсар қыз нағыз құсбегіліктің қызығын көрсете білді. Қыраны жүлделі орынға жете алмаса да, көрермендер «Көзайымы» деген номинацияны жеңіп алды. Ескелді, Көксу, Талдықорған қаласы ақ шаңқан қазақ үйлер тігіп, үш күн бойы жарысқа қатысушыларға қонақжайлық танытып, ән мен күйден шашу шашып, мерекенің шырайын кіргізді.

Үш күнге созылған додада жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Барлығының дайындап әкелген қырандары алғыр, тазысы жүйрік, сұңқары қарымды болды. Әйтсе де мол ұпай жинаған үздіктер іріктеліп, жүлдеге қол созды. Сонымен, қанжығасы майланған құсбегілерді атап өтейік.

«ҚҰМАЙ ТАЗЫ»

1-орын Айдос Оспанов»Тұйғын» – Алматы облысы;
2-орын Еркебұлан Дәулеткелдіұлы»Айқара» – Алматы облысы;
3-орын Ернар Мүптекеев «Ақ сұңқар» – Алматы қаласы.

«СҰҢҚАР»

1-орын Мұрат Кодеков «Қаракөз» – Алматы облысы;
2- орын Танат  Оспанқұлов «Самал» – Қарағанды облысы;
3-орын Қуаныш Исабеков «Мұнтаз» – Алматы облысы.

«ҚАРШЫҒА»

1-орын Бексұлтан Сейітжан «Көкжендет» – Алматы облысы;
2-орын Дәурен Аршабай «Ақаршын» – Түркістан облысы;
3-орын Төлемырза Пан»Тұйғын» – Түркістан облысы.

«БҮРКІТ»

1-орын Ермұхан Әйетбай»Нұра» – Алматы облысы;
2-орын Арман Кушкаров»Нарын» – Атырау облысы;
3-орын Серікбек Күнтуған «Алғыр» – Нұр-Сұлтан;
4-орын Алмас Сейітжан»Нұра» – Алматы облысы;
5-орын  Аян Сейітжан»Атамұра» – Алматы облысы.

Жеңіске жеткен барлық жеңімпаздар арнайы диплом, медаль және қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталып, мерейлері үстем болды.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.