Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Көп күткен жүлде

9 қыркүйек 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Көп күткен жүлде
WhatsAppTelegramFacebook

Садақ ату спорты өңірімізде қарқынды дамып жатқанын Ұлттық құрама қатарындағы жетісулықтардың санынан көруге болады. Жүлде алып, жетістікке жетіп жатса бір жетісулықтың төбесі көрінеді. Садақ ату бойынша ел намысын Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен Әлем чемпионатында қорғаған спортшыларымыз тарихи жүлдеге қол жеткізді.

Компаунд, құралмалы садақ бағдарламасы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова қола медаль үшін болған сайыста Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңді. Бұл Қазақстанның садақ атудан 32 жылдан кейінгі әлем чемпионатындағы жүлдесі. Осыған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц қола жүлде алған болатын.

– Бұл жеңіске садақ ату федерациясының президенті Азамат Үсімбеков пен Бас хатшы Есет Байтасовтың қосқан үлесін атап өткен жөн. Олардың басшылығымен Қазақстанда садақ атумен 7 мыңнан астам спортшы айналысады, бұл спорт түрі еліміздің 15 өңірінде белсенді дамып келеді. Аталған жетістік Қазақстанда садақ ату спортының берік іргетасы қаланғанын және халықаралық аренада жаңа жетістіктерге жетуге зор әлеуеті бар екенін айқын көрсетеді, – деді өз құттықтауында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Жетісулық Адель Жексенбинова бастаған, Виктория Лян және Айжан Сейдахметовадан жасақталған Қазақстан әйелдер құрамасы былтыр көктемде Қытайдың Шанхай қаласында өткен әлем кубогында блоктік сайыста 3-орынға Эстониямен таласып, 231:224 есебімен ұтқан болатын. Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогы кезеңдерінде жеңіп алған тарихи алғашқы жүлдесі еді. Жыл басынан бері жанкүйерлерді жетістігімен қуантып келе жатқан садақшыларымыздың әлем чемпионатындағы нәтижесі кездейсоқ емес. Адель Жексенбинова былтыр Антальяда (Түркия) өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде Андрей Тютюнмен жұптық сында алтын алды. Кейінгі өткен әлемдік жарыстардан еліміз үш жүлде алса, соның үшеуінде де жетісулық садақшының үлесі бар.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.