Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

КӨЗ ТИМЕСІН, КӨШ БАСТАП ТҰР

8 қазан 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
КӨЗ ТИМЕСІН, КӨШ БАСТАП ТҰР
WhatsAppTelegramFacebook

Барша әлем тағатсыздана күткен Еуропа лигасындағы топтық кезеңнің екінші ойыны өз мәресіне жетті. Дүбірлі доп додасында еліміздің намысын қорғап жүрген «Астана» өз алаңында Францияның «Ренн» командасын қабылдады.

Ойын ә дегеннен-ақ алаң иелерінің шабуылымен басталды. Төрешінің ысқырығы шалына салысымен астаналықтар қарсыластар қақпасына лап қойды. Елордалық команда ширақ қимылдап, доп ұстауы қанша басым болғанымен ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылмады.

Кездесудің екінші кезеңінде алаң иелері жеңістің желкенін көтеру үшін барын салды.  Осындай жүйелі шабуылдардың тізбегі өз нәтижесін берді. Кездесудің 64-ші минутында Марин Томасовтың бұрыштамадан асырған добына Бахтиор Зайнутдинов бірінші жетіп, есеп ашты. Осы голдан кейін француздық команда ес жиып,  шабуылдарын үдетіп, есепті теңестіруге ұмтылды. Қонақтардың таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндіктері болғанымен бірде Ненад Эрич ерлесе, енді бірде доп қақпа бағанынан қайтты. Бас жаттықтырушы жеңісті ұстап қалу үшін қорғанысты күшейтті.  Алаңға гол соққан Бахтиор Зайнутдинов пен шабуылшы Джуниор Кабананганың орнына Янга мен Логвиненконы шығарды. Бірақ қорғаныста жамбастап жатып алған жоқ, қарымта шабуылдауға ойысты. Бұл әдіс өз жемісін берді де. Ойынның соңғы минутында Марин Томасов Янганың берген пасын ұтымды пайдаланып, есепті еселеді. Осылайша «Астана» командасы үш ұпайға қол жеткізді. Қазірге «К» тобында 4 ұпаймен көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» алғашқы турда сырт алаңда Украинаның «Динамо» командасымен 2:2 есебімен тең ойнаған болатын. Елордалық футболшылар келесі ойынын 25 қазанда сырт алаңда Чехияның «Яблонец» командасымен өткізеді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.