Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

МЕШІТ АУЛАСЫНДАҒЫ АЙҚАС

12 қазан 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
МЕШІТ АУЛАСЫНДАҒЫ АЙҚАС
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған  қаласындағы орталық «Иман» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестен облыстық турнир өтті. Бас мүфти жүлдесі үшін өтетін V республикалық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылған аталмыш додаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 24 түйе балуан бақ сынасты.

Облыстық турнир қазақтың мақтанышы, гір тасын көтеруден және грек-рим күресінен спорт шебері, балуан әрі имам болған Әмірбай Рысқұловты еске алуға арналды. Әмірбай Рысқұлов 80 жасына қараған шағында небәрі 30 минут ішінде 700-ден асыра гір тасын көтеріп, көпшілікті таңғалдырып еді. Шараның ашылуында қазақ кино өнерінің жұлдызы, «Тақиялы періште» аталып кеткен Әлімғазы Райымбеков боз кілем шеберлеріне ақ батасын арнаса, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев: «Білекті де жүректі балуандар! Сіздер бүгін бұрында қатысқан жарыстардан бөлектеу сынға түскелі тұрсыздар. Бұл — дін саласы өкілдерінің ұлттық ойын мәртебесін асқақтатуға көңіл бөліп ұйымдастырып отырған додасы. Сондықтан, сіздер де мұсылманшылыққа сай, Пайғамбардың сүннеті болған күрес өнерін жігерлеріңізбен биіктетуге тырысыңыздар. Турнирде жеңіске жетіп, республикалық сында өңір намысын қорғап қайтуға бар қабілет-қарымдарыңызды саласыздар деп сенемін», — деді.
Айла-тәсілге әккі, шалт қимылды балуандар бозкілем үстінде жиған тәжірбиесін паш етіп, білек күшін сынға салды. Осылайша 12 жұптан тұрған қазақ күресінде қарсыластарын қоғадай жапырып, ақтық сынға бір табан қалып сүрінген кербұлақтық Мұхит Қойшыман мен көксулық Ерсайын үшінші орынға таласты. Қарсыласынан абыройы үстем түскен кербұлақтық балуан М. Қойшыман жарыстың үшінші тұғырына көтерілді. Ал ақтық сында талдықорғандық Нұрсұлтан Аманжолұлы мен сарқандық Нұрғали Жолтаев бас жүлдеге таласты. Нәтижесінде, талдықорғандық балуан жарыс жеңімпазы атанды. Ақтық сында күрескен қос балуан Астанада өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.