Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«QAREKET» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ — ТАЛДЫҚОРҒАН

30 мамыр 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
"QAREKET" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ - ТАЛДЫҚОРҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорғанда шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш додаға Жастарға қызмет көрсету орталығы бастамашы болды.

Жарысқа сегіз команда қатысты. Оның ішінде, әуесқойлар арасында қала біріншілігінде бақ сынап жүрген командалар да бар. Журналистер, «Жетісу жастары» (Жастарға қызмет көрсету орталығы), «Мектеп» құрама командасы, Жолдасбеков колледжі бір топқа түсті. Бірінші кездесуде «Мектеп» командасын 3-0, екіншіде Жолдасбеков колледжін 3-1 есебімен ұтып, «Жастармен» (1-1) тең тарқасты.

Осылайша, журналистер командасы топтан 7 ұпай жинап, бірінші орынмен шықты. Жартылай финалда қарсы топтан екінші орын алған агро-техникалық колледжінің студент жастарынан құралған командамен шеберлік байқасты. Әккі жастар тегеурінді қарсылас бола білді. Негізгі уақытта ойын тең аяқталып, кездесу соңындағы пенальти сериясы бойынша «Qareket» командасы (3-2) басым түсті.

Бір қызығы, команда сапынан 2 ретпен пенальтиге шыққан «Qareket» командасының ойыншысы Серік Қантаев мүлт кетіп, келесі кезекте қақпашы есебінде өзі сұранып, допты қайтарып, қателігін түзетті. Пенальти сериясында Айдос Қалиев қарсыластың соңғы добын тойтарып, финалға жолдама алдық. Ақтық сында журналистердің жолын «ТОГ» командасы тосты. Олар жартылай финалда Жетісу жастарын 1-0 есебімен ұтты. Осылайша, финалда жолдары түйіскен екі команда арасындағы ойын тартысты өтті.

Осы тұста ескере кетейік, шешуші кезеңде қарсылас болған команданың барлық ойыншысы сөйлеу және есту мүшесі зақымданған азаматтар. Сөйлеу қабілеті жоқ дегені болмаса допты ұршықша иіреді. Өте тегеурінді қарсылас. Кескілескен ойында бірінші болып «қарекеттік» Асыл Сұлтанғазы есеп ашқан. Ойынның екінші бөлігінде «ТОГ» командасы айып добына (пенальти) мүмкіндік алып, есеп теңестірді. Матч соңына «Qareket» командасының қақпасына айып добы тағы белгіленді.

Нәтижесінде, айып соққысын қақпаға дәл бағыттаған «ТОГ» командасы турнирдің чемпионы атанды. «Qareket» командасының ойыншысы Ерлан Ошақбаев жарыстың үздік шабуылшысы атанып арнайы сыйлыққа ие болды. «ТОГ» 1-орын 200 мың теңгеге қол жеткізсе, «Qareket» 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. 3-орын агро-техникалық колледж студенттеріне бұйырды (100 мың тг).

«Qareket» командасының сапында доп тепкен Есболат Айдабосын, Ризат Қыдыралин, Айдос Қалиев, Ерлан Ошақбаев, Асыл Сұлтанғазы, Айдар Қалиев, Серік Қантаев, Аршын Айдынбек, Ерсұлтан Жүнісбек нағыз қаһармандық танытты. «Qareket» командасы екінші орынның жүлдесін қатты сырқаттанып қалған Орынбасар Серікайдың еміне аударып, қайрымдылықты қолға алды. Алла Орынбасарға шипа берсін!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.