Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

РУСТАМ ӘЛИ: «БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ»

23 қараша 2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
РУСТАМ ӘЛИ: "БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ"
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында баспасөз мәслихаты өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы — бұқаралық спортты дамыту. БАҚ өкілдерінің алаңына Алматы облысы әкімінің орынбасары Р.Әли, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев, Талдықорған қаласы қоғамдық палатасының төрағасы В.Буков, Алматы облысы шахмат федерациясының президенті С.Егенбердиев қатысып, ортақ ой қозғады.

Рустам Әлиұлы брифингте: «Биыл бұқаралық спортты дамытуға жаңа жоба әзірленіп, алдағы желтоқсан айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мұнда халықтың отыз пайызын спортқа тарту мәселесі қарастырылған. Жоспар бойынша пайызын одан ары ұлғайтып, жастар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдаланамыз деген ойдамыз. Сонымен қатар, жыл соңына дейін облыста тоғыз спорттық нысанды пайдалануға береміз және келер жылы тағы да үш дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің бой көтеруі жоспарда тұр», — деді.

Бұдан кейін облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жалпы аймақ спорты бойынша ақпар берді.

Жыл басынан бері жетісулық спортшылар 639 медаль жеңіп алып, толайым табысқа қол жеткізді. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасына 8 жолдама ұтып, республикалық тізімнің көш басында тұр. Бұдан бөлек, бұқаралық спорт жайлы істеліп жатқан жұмыс жайлы да кеңінен толғады.

Ал Виктор Буков облыс бойынша бұқаралық спортты дамыту үшін жеке федерациялар құру керек дегенді алға тартты. Әр ауыл, қала, мектепте федерацияның президентін сайлап, сол арқылы бұқаралық спортты дамыту керектігін жеткізді. Мұнымен қоса, балаларға тегін доп таратып, жастардың футболға тартылуына себепші болуымыз керек деген пікірді ортаға салды. Одан бөлек, спорттың даму үрдісінде әртүрлі кедергі бар екенін тілге тиек етті. Соның ішінде, көптің көкейіндегі үлкен сауал — легионер мәселесі.

Иә, Виктор Ивановичтің жанайқайын да түсінуге болады. Бірақ легионер әлемдік үрдісте бар тәжірибе. Оны алып тастау мүмкін емес. Әйтсе де санын азайтуға болады. Сонымен қатар, қоғам белсендісінің федерация жайлы айтқанына да жауап айтылды. Жалпы, облыста 63 акредиттелген федерация жұмыс істейді. Ол олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша. Бүгінде спорт басқармасы сол акредиттелген федерациямен тығыз байланыста және спорттың дамуына тізе қосып, жұмыс істеп жатыр.

Шахмат федерациясының президенті Саят Егенбердиев жыл басынан бергі жұмыстың нәтижелі болғанын айтты. Карантин кезінде онлайн жарыстар өтіп, интеллектуалды ойынға үйде отырған жастар мен жасөспірім балалар көптеп тартылған.

Баспасөз мәслихаты соңында БАҚ өкілдерінен сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.