Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

СЕРГЕЙ СЕДОВ. ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮР

9 сәуір 2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
СЕРГЕЙ СЕДОВ. ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮР
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде еліміздегі ауыр атлетиканың төңірегінде аз әңгіме айтылып жүрген жоқ. Басы даудан арылмаған бұл спорт түріне қызығушылықтың да бұрынғыдай еместігі жасырын емес. Елімізде ауыр атлетиканың негізгі ошағы болып саналатын облысымыздың нәтижесі жөнінде, спортшылардың халықаралық аренадағы дайындығы турасында Жетісу облысында аянбай еңбектеніп жүрген бапкер Сергей Седовпен қысқа-нұсқа сұхбат ұйымдастырған едік.


– Жетісу облысы болып жеке еншімізді алып шыққаннан кейінгі ауыр атлетикадан біздің өңірдің нәтижесі қалай?  

– Негізі база Талдықорған, Үштөбе, Текелі қалаларында орналасқандықтан айтарлықтай ештеңе өзгерген жоқ. Тек Іле ауданындағы бөлімшеміз Алматы облысында қалғаны болмаса, бәрі дұрыс. Биыл Қызылорда да өткен ел чемпионатында командалық есепте 1-орын алдық. Нәтиже өзіміз күткендей болды. 

– Жақында Албанияда жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты аяқталды. Мамырда Кореяда өтетін ересектер арасында Азия чемпионаты бар. Жетісулықтардан кімдер құрамада? Оларға деген сіздің сеніміңіз. 

– Жаттығу тұрақты жүргізіліп жатыр. Үзіліс болған жоқ. Негізгі база Текеліде орналасқандықтан жаттығудың басым көпшілігін сол жақта өткіземіз. Жастар арасындағы  әлем чемпионатына үштөбелік екі ауыр атлет қатысты. Үлкен спорттағы мансабын енді бастап жатқаннан кейін нәтижелері алғашқы жарыс үшін жақсы. Тәжірибе жинайды, жоғары аренада темір көтеріп үйренеді. Бұл да үлкен мүмкіндік. Олардан буыны бекіп, жауырыны қатайған тұста айтарлықтай нәтижені талап ете аламыз. Оған дейін үйретеміз, өзі де ізденеді. Әрине, олар да жүлдеден көрініп, биіктерді қазірден бағындырғанын қалаймыз. Осыған дейін де жастар арасында әлем чемпионын, жүлдегерін дайындап шыққанбыз. Енді Азия чемпионаты жөнінде айтар болсақ, жүлдеге үміттілер бар, бірақ нақты мыналар деп көрсете алмаймын. Дайындық жақсы. Олимпиада жүлдегері Карина Горичева сынды спортшылар чемпионатқа қатысады. Дәл қазіргі жағдаймен үштікке кірсек үлкен жетістік болғалы тұр. Бапкер есебінде мен облыс құрамасын ел Спартакиадасына дайындап жатырмын.

– Қазіргі сәтте ауыр атлетикада допинг дауы өршіп тұр. Шәкіртіңіз, Олимпиада жүлдегері Игорь Сон 8 жылға спорттан шет- тетілді. Сіз бүгінгі допинг жырына не айтасыз?  

– Шыны керек, бұл жағдайды қалай айтарымды білмеймін.  Не болып, не істеп жатқандарын түсінбеймін.  Біреулер бапкерді,  ендігісі спортшыны кінәлауға бейім. Игорь Сонның Олимпиададағы сынамасы таза. Оған күмән жоқ. Қызығы, ел ішінде тексеріс жүргізіп, нәтижесін білу үшін Германияға жіберетін мамандардың қорытындысы бойынша 2 наурызда тапсырғанынан допинг анықталса,                                  8 наурызда қайтара тапсырғанда таза болып шыққан. Бірақ, қазіргі жағдай түсініксіз. Біз одан көп үміт күттік. Азия чемпионатынан жақсы нәтиже көрсетеді деген сеніммен ел біріншілігіне де қатыстырмадық. Қазір Игор үшін өте ауыр кезең болып тұр. Жұмыс іздеп жүр, тұрақты іспен айналысқысы келеді. 10 жылымды сарп етіп, барымды беріп, тәжірибемді бөліскен мен үшін де өте ауыр. Бір күннің, болмаса бір айдың еңбегі емес. Бұл үшін біреуді кінәлай алмаймыз.

– Сұхбатыңызға рахмет!     

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.