Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Үшаралдағы ұлы дүбір

25 ақпан 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Үшаралдағы ұлы дүбір
WhatsAppTelegramFacebook

Кейінгі жылдары елімізде ат спортының ішінде бәйге мен көкпарға ерекше мән беріліп, түрлі деңгейде додалар жиі өтіп келеді. Соның бір дәлелі іспетті болған Панфилов ауданындағы Үшарал ауылдық округінде жаппай көкпардан тұңғыш рет өткен Қазақстан кубогы. Жарысқа еліміздің 13 облысынан команда қатысты. 

Бұл шараға Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Байкенов, ҚР Жаппай көкпар федерациясының президенті Ғани Дирманов, ҚР Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт комитетінің өкілі Ерасыл Қабатаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Саят Сарқытов қатысты. 

– Жылқы десе делебесі қозатын, ежелден ат үсті тартыста ешкімге дес бермеген бабалар додасына қатысқан барша жігіттер мен ұйымдастырушыларға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полиция департаментіне, атқа мінер барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Әркез намысты жанып, аттан түспей жүре берейік, – деді аудан әкімі Марат Рақымбердіұлы  ұлттық спорттың ашылу салтанатында. 

Әр командада іріктелген 20 спортшы атқа қонған тартысты бәсекеге ат спортынан білікті бапкерлері төрелік етіп тартысты басталды. Жаппай көкпарға еліміздің 13 өңірінен келген 200-ден астам ат спортының майталмандары қатысты. Жалпы 10 миллион теңге,  2 автокөлік, 10 жылқы бәске тігілген додада 170 ұпай жинаған Түркістан облысының шабандоздары чемпион атанды. Екінші орынды 50 ұпаймен Шымкент қаласынан келген білекті жігіттер иеленсе, 20 ұпай алған жетісулықтар  үштіктен көрінді.

Жетісу жерінен бастау алған жаппай көкпардан Қазақстан кубогі енді еліміздің әр өңірінде тұрақты өтпек. Бұл турасында ұйымдастырушылар белсенді жұмыс істеп, ат спортының дамуы үшін барын салмақ. Жоспар көп, жүйелі еңбек қана нәтиже бермек.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.