Талдықорған: +20°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«СПОРТТЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ ПА?!» АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ АРМАНЫ ЖЕЛГЕ ҰШТЫ

20.04.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
"СПОРТТЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ ПА?!" АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ АРМАНЫ ЖЕЛГЕ ҰШТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлерді дамыту бағдарламасы іске асқан күннен бастап талай игілікті шара қолға алынды. Шалғай жатқан елді мекендерде бірқатар жоба іске асып, ел игілігіне берілді. Бүгінде оның пайдасы мен қызығын көріп отырған тұрғындар қаншама. Осындай ірі жобаның бірі Қаратал ауданында да жүзеге асқан еді. Алайда арты сиырқұйымшақтанып, жоба орта жолда жұмысын тоқтатты.

Мәселенің мәнісін нақтырақ айтсақ, Қаратал ауданы, Қызылбалық ауылдық округіне қарасты Көпбірлік пен Байшегір ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылдарында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша спорттық алаң салу іске асқан. Өкінішке қарай, аталған екі спорттық алаң толық аяқталмай қалды. Спорттық алаңның құрылысын ұтып алған жеке кәсіпкер жұмысты толығымен аяқтамай, тастап кеткен. Жобаның негізгі құны жеті миллион теңге шамасында болған. Оны мемлекеттік сатып алу талабы бойынша үш миллион теңгеге жуық бағамен белгілеп, ұтып алады. Ұтып алушы «Лим Валерия Викторовна» деген жеке кәсіпкер.

Екі ауылдың аузын ысып кеткен кәсіпкер жұмысты өте сапасыз істеген. Құрылысқа қолданған материалдар талапқа сай келмейді. 2017 жылы жаз айында басталған құрылыс жылдың соңына берілуі керек-ті. Өкінішке қарай, өз мерзімімен жүрмей, артынша мүлде аяқсыз қалды.

Мәселен, Көпбірлік ауылының 1000 шаршы метр жері тегістеліп, жасанды төсеніштің астына құйылатын бетон төселген. Жан-жағы бір қабат қоршаумен қоршалып, екінші қабаты қойылмаған. Ал Алмалы ауылында жартылай ғана қоршау орнатылып, жері де тегістелмеген. Міне, осы күйінде қалдырған құрылысқа жауапты мекеме ізім-қайым жоқ болды.

Аудандық әкімдік сотқа шағымданғаны белгілі. Бірақ сот шешімінің қандай болғаны бізге әзірге беймәлім. Қалай болғанда да жұмысты аяғына дейін жеткізуді талап ету керек шығар. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен қолға алынған істің аяқсыз қалуы ауыл тұрғындарын алаңдатады. Мемлекеттің қаржысын желге шашқан құрылысты жүргізген мекеменің  елдің болашағын ойламайтыны қатты қынжылтады.

Бәрімізге белгілі, елдің абыройын асыратын, әлемдік сында бақ сынаған спортшыларымыздың барлығы ауылдан шыққан. Сондай-ақ, спортқа жаңа аяқ басқан әрбір қазақ баласы спорт әліппесін дәл осындай алаңдардан бастайтыны айдан анық. Сонда қалай, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдың балаларына спорттың керегі жоқ па?! Елбасының Жолдауларында көрсетілетін басты талаптың бірі – бұқаралық спортты дамыту, халықтың отыз пайызын спортқа тарту деп жазылған еді. Бұл азамат Жолдауда көрсетілген тапсырманы пысқырмайтын болғаны ғой.

Қала орталықтарында, шағынаудандарда аулаға орын тепкен спорттық алаңдар көз тартады. Міне, осындай алаң шалғайдағы екі ауылда бой көтереді дегенде ауыл балаларының қуанышында шек болмаған. Сол қуаныш сыйлайды деген жасанды төсеніші бар футбол алаңы салынбай қалғаны балалардың арманын желге ұшырды. Қалай болғанда да  жауапты мекеме бұл істі қолға алғаны дұрыс. Аудандық әкімдік істі аяғына дейін қадағалап, жауаптылар заң аясында жазасын алуы тиіс деп ойлаймыз. Бірақ ауылға бағытталған бағдарлама тоқтап қалмауы тиіс. «Ауылдағының аузы сасық» дегендей, ауыл балалары осындай өркениеттен шеттеп қалатыны қатты қынжылтады.

Қазір «Ауыл – ел бесігі» деген бағдарламамыз тағы бар. Осындай әдемі айдар тағып, ауылдың даму келешегіне көңіл бөлуді тапсырды. Олай болса, екі ауылдың балаларын қуантқанымыз жөн болар. Соңғы жылдары аудан орталықтарында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері бой көтеріп жатыр. Ал бұл спорттық алаң оның қасында айтарлықтай күрделі емес. Тек сенімді кәсіп иесіне беріп, жұмысты жіті бақылау керек. Ауыл тұрғындары осыны мақсат етіп отыр.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.