Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ТОҒЫЗЫНШЫ ТОП ЖАРУ

16 наурыз 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
ТОҒЫЗЫНШЫ ТОП ЖАРУ
WhatsAppTelegramFacebook

Волейболдан XXXIII ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында өткен біріншілікте «Жетісу» чемпион атанып (былтыр 4-орын алған), Шығыс Қазақстанның «Берел» командасы екінші жыл қатарынан күміс алса, «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы) қола медальға ие болды. Осылайша ел чемпионатын ең көп жеңген команда анықталды («Жетісу» 9 рет, «Рахат» 8 мәрте, «Алтай» 7 рет). 

Турнирлік кестені 1-орынмен аяқтаған «Жетісу» плей-офф кезеңін жартылай финалдан бастады (дәл солай 2-орын алған Өскеменнің «Берел» командасы да ойынды жартылай финалдан бастаса, одан бөлек, електен өткен алты команда өзара топтық кезеңде ойнады). Жартылай финалдан бастап екі жеңіске дейінгі ойындарда «А» тобынан үздік болған былтырғы чемпион «Тұран» (Түркістан) «Жетісумен» ойнап, екі күнгі кездесуде де жеңілді. Ал «Б» тобынан қара үзіп шыққан «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы) «Берелмен» ойында бірінші күні жеңіліп 0:3 (23:25, 19:25, 22:25), екінші күні 3:0 есебімен жеңіп (25:19, 25:17, 25:23) үшінші күні болған матчта 0:3 (13:25, 19:25, 23:25) көрсеткішімен ұтылып, 3-орын үшін ойнайтын болды. Ел чемпионатының қола медалі үшін болған тартыста «Қуаныш» «Тұраннан» оңай айласын асырды (екі күні де жеңді). Ал финалда жолдары түйіскен жергілікті команда мен «Жетісу» арасындағы ойын нағыз трилогияға ұласты. Бірінші күні «Берелдің» осал тұсын тапқан талдықорғандықтар 3:1 (17:25, 25:12, 25:20, 25:20) есебімен ұтты. Екінші күні «Жетісу» 1:3 (20:25, 25:20, 21:25, 22:25) есебімен жеңіліп, шешуші ойында 3:1 (21:25, 25:19, 25:12, 25:20) нәтижесімен жеңіп, ел чемпионы атанды. Тоғызыншы чемпиондығын (2009-2015, 2020) алған «Жетісу» он жылдан кейін (2020 жылы коронавирусқа байланысты плей-офф өтпей, турнирлік кесте бойынша чемпиондық берілді) финалда жеңіске жетті.

Финалдық ойын тактикалық жүріске толы, ойыншылардың жеке шеберлігі, бапкерлердің жұмысы көрінген сәт болды.

– Бұл маусым  «Жетісудың» маусымы деп сенімді айтсақ болады. Финалдық ойындар оңайға түскен жоқ. Осы тұрғыда бізді қолдаған барша жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Ал шешуші кезеңде батылдық танытып, өздерін көрсете білген ойыншыларға ризамын. Жетісу өңірінің волейболы жасай берсін, – деді өз сөзінде команда бапкері Марко Грчиш.  Марко – ел чемпионатындағы ең титулды бапкер. Ол «Алтайды» жаттықтырғанда да Азия клубтық чемпионатын жеңіп, ел чемпионатында бір ойын жеңілместен жеңіске жеткен кезі болды.

Ал жалпы ел чемпионатының биылғы маусымында «MVP» (ең бағалы ойыншы) «Жетісудың» капитаны Карина Денисова, «үздік либеро» Мадина Бекет, «үздік байланыстырушы» Дарья Шаргородская болды.

– Екінші ойын күніндегі сәтсіздіктен кейін тез жиналдық. Шешуші кездесуде барымызды салып, осы жерде өзімізді дәлелдеу керектігін жете түсіндік. Біздің командада барлық ойыншы бірдей. Ол алаңда да, ойыннан тыс та жақсы көмектеседі. Бірінің ойыны жүрмей жатса, екіншісі қолдау білдіре алады, – дейді тілшілерге берген сұхбатында Карина Денисова. Былтыр қатарға қосылған украиналық ойыншы «Жетісу» сапында барлығы 70 ойын өткізді.

Чемпиондықты анықтаған үшінші кездесуде алдыңғы екі ойында негізгі құрамда шығып, соңына дейін ойнаған Перизат Нұрбергенова, Ирина Кенжебаеваның орнына Татьяна Никитина, ал көп ойын уақытын өткізген Мадина Бекеттің орнына Марина Сырыгина шығып, «Жетісудың» жеңіске жетуіне үлес қосты. Маринаның қорғаныстағы ойыны, бірінші допты қабылдауы мүлтіксіз орындалса, Татьянаның шабуылдағы әр қимылы ұпайды еселеп отырды.

– Сырт көзге бәрі оңай көрінгенімен  чемпиондыққа жету жолындағы еңбекті бағалауымыз керек. Осы тұрғыда бізді қолдаған барша жанкүйерлерге, алаңсыз жаттығуымызға мүмкіндік берген облыс басшылығына, ойыншыларды күнделікті бақылап, дайындаған бапкерлерге  және  бастысы, бәрін мүлтіксіз орындап шыққан волейболшыларға алғыс айтамын. «Жетісу» жеңіс дәстүрін қалыптастырған клуб. Сондықтанда осалдық танытатын тұс жоқ. Әлі талай жарыста жеңіспен өз жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз, – деді чемпиондықтан кейін жолығып сұрағанымызда «Жетісу» волейбол клубының директоры Нияз Жантілеуов.

«Жетісу» биылғы маусымды сәтті бастады. «Требл» (үш кубокты да алған) жасап, бір маусымда Қазақстан суперкубогы (4 рет алды), Қазақстан кубогы (9 мәрте ие болды) және ел чемпионатында (9 чемпиондық) жеңіске жетті. Суперкубоктағы жеңіс «Жетісуға» 18-28 сәуірде Филиппинде болатын Азия клубтық чемпионатына қатысуға жолдама сыйлады. Ел чемпионатындағы жеңісінен кейін команда бір апта үзіліс алып, артынша Азия чемпионатына дайындалады. Ал Азияның 12 үздік командасы тоғысқан чемпиондар лигасында «Жетісу» «А» тобында «Creamline cool smashers» (Филиппин), «Әл Насер» (Иордания) командаларымен ойнайды.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.