Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚЫЗЫМЫЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

4 желтоқсан 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚЫЗЫМЫЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қызыләскер ауылының түлегі Жәмилә Бақбергенова жуырда Румынияның Бухарест қаласында қыздар арасында өткен күресте Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы U-23 әлемдік жарыста ол 72 келі салмақта белдесті.

Қола медаль үшін болған бәсекеде жерлесіміз үндістандық қарсыласын 11:0 есебімен ойсырата ұтып, қазақ елінің қанжығасына қола жүлде сыйлады. Әлемдік дода жүлдегерін жұма күні таңғы сағат төртте Алматы Халықаралық әуежайында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Далабаев бастаған топ гүл шоқтарымен қарсы алды. Дүйсенбі күні аудан әкімі Бағдат Әлиев оны мекеме басшыларының қатысуымен әкімдікте болатын жиында көпшіліктің алдында жеңісімен құттықтады. 
Бір ғажабы, Жәмиләнің сыңары Мәдина да спортшы. Егіздер 1996 жылы 6 қаңтарда Ұзынағаш перзентханасында дүниеге келген. Ал әкелері Науқаннұр Бақбергенұлы футболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 
Спортшы отбасында өскен қос бүлдіршін әкелеріне еліктеп Жамбыл аудандық спорт мектебінде шынығады. Шеберліктерін одан әрі шыңдау үшін Алматы қаласындағы республикалық дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында тәлім алады. Өмірде де, спортта да жұптары жазылмай қатар жүрген егіз қыз сонда оқып жүргенде жасөспірімдер арасындағы республикалық біріншіліктерде жыл сайын жүлделі орындар иеленіп, әлемдік жарыстарда да үздік өнер көрсете білді.
Жәмилә төрт жылда бір рет өтетін Азия балалары спорт ойындарында 2012 жылы Ресейдің Якутия аумағында әйелдер күресінен чемпион атанды. 2013 жылы Моңғолияда өткен жасөспірімдер арасындағы жарыста Азия чемпионы, 2013 жылы Сербияда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2014, 2015 жылдары Азия елдері жастары арасындағы бәсекенің екі дүркін күміс жүлдегері, Жастар арасындағы Әлем чемпионатының 2014, 2016 жылдардағы қола жүлдегері, төрт жылда бір өтетін Ислам ойындарының 2017 жылғы күміс, басқа да әртүрлі жарыстардың жүлдегері атанды. Ересектер арасындағы республикалық жарыстардың 2015, 2017, 2018 жылдардағы үш дүркін чемпионы.
Жәмилә мен Мәдинаға 2012 жылы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2014 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілген. Егіз балуанның алдағы 2019 жылы Астанада өтетін Әлем чемпионатында жеңімпаз атануына және 2020 жылы Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарында қазақ елінің Көк туын биіктен желбіретуіне тілектеспіз.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.