Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жағажай футболынан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

15 тамыз 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жағажай футболынан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

ҚФФ

WhatsAppTelegramFacebook

Жағажай футболынан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының маусымы аяқталды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Павлодардың «Арман» командасы чемпион болып, 16-шы рет топ жарды. Күміс жүлдені Абай облысының Barqy командасы иеленсе, Жетісу облысының «Малайсары» командасы үздік үштікті түйіндеді.

Финалдық тур аяқталған соң маусымның үздіктері анықталды.

Үздік қақпашы: Дмитрий Бровко («Barqy»)

Golden Beach Boy үздік жас ойыншы: Михаил Кайзер («Арман»)

Үздік бапкер: Самат Ысқақов («Малайсары»)

Сұрмерген: Дәурен Қойшыбаев («Omega»)

Үздік төреші: Азамат Ахметов (Алматы)

Үздік ойыншы: Саят Әшімов («Малайсары»)

Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар мен жүлдегер командалар марпатталды. Марапаттау рәсіміне Павлодар облысы футбол федерацияысның президенті Ойрат Садуов пен Қазақстан футбол федерация жағажай футболы департаментінің бас менеджері Меруерт Танабаева қатысты.

Ойрат Садуов бұл спорт түрінің дамуының маңызын атап өтті:

«Чемпионат жоғары деңгейде өтті – ұйымдастыру да, ойынның өзі де көңілден шықты. Футболшылар көрермендерге тартымды әрі сапалы ойын көрсетті. Көркем голдар, есте қаларлық сәттер, жеке шеберлік пен командалық үйлесімділікті тамашаладық. «Арман» командасының тәжірибесі тағы да өз нәтижесін берді – олар 16-шы рет чемпион атанды. Оларды шын жүректен құттықтаймын және турнирге келіп, жанкүйерлерге нағыз спорт мерекесін сыйлаған барлық ойыншыларға алғыс айтамын. Жағажай футболын дамыту қажет. Ол үшін жастардың айналысуына жағдай жасап, тұрақты жарыстар өткізу маңызды. Бұл қарқынды да қызықты футбол түрі өңірлерде де дамып келеді. Бір кездері футзал да аз командадан басталған еді, ал қазір оған елдің түкпір-түкпірінен ондаған команда қатысады. Сенемін, жағажай футболы да осы жолдан өтіп, Қазақстан спорт өмірінде өзіне лайықты орнын алады», – деді ол.

Матчтар нәтижесі:

II тур

Бірінші ойын күні:

Omega – ТК B&A – 2:4

Арман – Барыс – 7:1

ТК B&A – Barqy – 1:3

Omega – Барыс – 9:4

Арман – Малайсары – 7:3

Екінші ойын күні:

Малайсары – Barqy – 4:2

Арман – ТК B&A – 6:1

ТК B&A – Барыс – 3:4

Barqy – Арман – 2:6

Omega – Малайсары – 4:7

Үшінші ойын күні:

Barqy – Барыс – 5:2

ТК B&A – Малайсары – 6:6 (пен. 5:6)

Omega – Арман – 2:3

Малайсары – Барыс – 8:5

Barqy – Omega – 7:5

Қорытынды турнир кестесі:

№ Команда Ойын Ұ (н.у.) Ұ (қ.у.) Ұ (пен) Ж С/Ж ДА Ұпай
1 Арман 11 7 1 1 1 53-22 31 24
3 Barqy 11 7     4 49-30 19 21
2 Малайсары 11 6   2 3 45-39 6 20
4 Omega 11 4     7 50-43 7 12
5 Барыс 11 4   1 7 39-54 -25 10
6 TK B&A 11 3     8 35-49 -14 9
7 J Liga* 0 0 0 0 0 0 0 0

Жарыс ережесі сәйкес Қазақстан чемпионатының екінші турына қатыспаған J Liga (Алматы облысы) командасының нәтижесі жойылды.

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.