Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісу» жанкүйерін қуантты: көптен күткен жеңіс

22 шілде 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жетісу» жанкүйерін қуантты: көптен күткен жеңіс
WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан Премьер-лиганың 17 тур ойындары аясында «Жетісу» Талдықорғандағы Орталық алаңда «Ордабасымен» (Шымкент) ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс көптен көңілі күпті болған жетісулықтарды желпінтті.

Ала-құла ойын көрсетіп, турнирлік кестеде көптің арасында келе жатқан «Жетісудың» биылғы ел чемпионатындағы бұл бар болғаны үшінші жеңісі. 17 ойынның жетеуінде жеңіліп, жетеуінде тең түскен. Өз қақпасына 25 гол өткізіп, 14 гол салды. Турнирлік кестеде 16 ұпаймен алдына «Қызыл Жарды» салып (19 ұпай), «Қайсардан» жоғарылап, (14 ұпай) 10-орында тұр.

Еуролиганың алғашқы айналымында «Торпедо Кутаисиден» (Грузия) жеңілген «Ордабасы» Талдықорғанға 3 ұпайды қармап қалуға келгендігі анық. Оны ойынның алғашқы минуттарынан-ақ аңғартты. Шабуылды үдетіп, қақпаға бағыттаған соққыларды еселей түсті. Денис Кавлиновтың ептілігі көрініп, бірнеше қауіптің бетін тойтарды. Қақпа маңдайшасы бір емес екі-үш мәрте жетісулықтарды голдан құтқарып қалды. Тоқсан минут бойы мәнсіз өрілген ойын «Жетісу» сапында дебюттік ойынын өткізуге қосалқы құрамнан алаңға кірген Рафаэль Саксес­стің голынан кейін өзге арнаға бұрылды. Жанкүйерлер орында­рынан секіріп, голды шат-шадыман қабылдады. Рафаэль «Ордабасы» қорғаушысы Шериф Джимоның қателігінен кейін қақпашы Бекхан Шайзадамен бірге-бір шығып, оңай гол салып кетті. Рафаэль биылғы ел чемпионатында «Жетісу» сапынан гол салған сегізінші ойыншы. Осыған дейін Руслан Болов (екінші кезеңде командадан кетті) 4 гол, Дмитрий Шмид 2 гол, Ринат Серікқұл 2 гол, Максим Ковель 2 гол, Аслан Ахмедов, Максим Житнев, Жансұлтан Мұхаметханов гол салған еді. Бірінші айналымнан кейін «Жетісу» сапынан Боловтан басқа отбасылық жағдайына байланысты Мақсат Тәйкенов пен Тимур Рудосельский кетті.

Ойыннан кейін «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Сымқов «Соңына дейін мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алғаны үшін ойыншыларға ерекше алғыс айтқым келеді. Матч жақсы өтті. Алаңдағы әр ойыншыны ерекше атап өтсем болады», – деді. Енді «Жетісу» 26 шілдеде Семей қаласында «Елім-ай» командасымен ойнайды.

Серік Қантай

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.