Өскемен қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында ІІІ үлкен тур ойындары басталды. «Жетісу» командасы алғашқы кездесуін «Астанаға» қарсы өткізіп, 3:0 (25:20, 25:13, 25:20) есебімен жеңді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында басталған ІІІ үлкен тур ойындарының алғашқы матчын «Жетісу» мен «Астана» өткізді. «Жетісу» сапынан бұл ойында Татьяна Никитина үздік нәтиже көрсетті (18 ұпай – 16 шабуыл, 2 тосқауыл). Одан кейін Кристина Белова (12 ұпай – 1 эйс, 11 шабуыл) мен Мяо Ивэнь (10 ұпай – 1 эйс, 9 шабуыл) жақсы көрсеткішке ие болды.
«Жетісу»:
Шабуыл – 50 пайыз.
Эйс – 7.
Тосқауыл – 5.
«Астана»:
Шабуыл – 36 пайыз.
Эйс – 3.
Тосқауыл – 5.
Бұл «Жетісу» волейбол клубының аналитик маманы Руслан Кенжебаев ұсынған статистика.
Әрине, бірінші кездесу болғандықтан қателік жіберген тұстарымыз бар, бірақ ойын ортасында тез жиналдық. Бүгінгі кездесудің нәтижесімен тоқтап қалмаймыз, ертең «Қарағандымен» ойын күтіп тұр. Ол матчқада барымызда саламыз, – дейді «Жетісу» волейбол клубының ойыншысы Мария Сырыгина.
Әзірге 18 ойын өткізген «Жетісу» турнирлік кестенің көшін 52 ұпаймен бастап тұр. Одан кейін 48 ұпай жинаған «Қуаныш» келе жатыр.





