Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ЖЕТІСУ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН ТАҒЫ ДА ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ

23 қазан 2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
"ЖЕТІСУ" ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН ТАҒЫ ДА ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан ел біріншілігінің 14-туры өз мәресіне жетті. «Қызыл-Жар» «Тараз» командасынан басым түссе, Алматылық «Қайрат» «Каспийді» жеңді. Ал «Астана» қостанайлық «Тобылды» ұтса, облысымыздың намысын қорғап жүрген «Жетісу» шымкенттік «Ордабасы» командасынан жеңіліп қалды.

«Ордабасы» – «Жетісу» – 3:1

Шыны керек, жерлестеріміз тоғыз ойыннан кейін 16 ұпай жинап, үздік үштіктер қатарына кіргенде командамыз жүлделі орыннан түспейтіндей көрінді. Мына қарқынмен «Еуропа» лигасында өнер көрсетеміз деп ойладық. Оның үстіне екінші орынға жайғасып 17 ұпай жинаған «Ордабасы» бізден екі ойын артық өткізген болатын. Яғни, оны да басып озуға мүмкіндік мол. Бірақ, Дмитрий Огай баптаған шәкірттер қатарынан төрт ойын ұтылып, турнирлік кестенің жетінші орынына бірақ сырғыды. Олар алдымен «Астанаға» 3:0 есебімен ойсырай жеңілсе, «Тобылға» 2:0, «Қайратқа» 2:4 болып ұтылды. Сонымен қатар, «Қайратпен» болған ойында «Жетісудың» екі футболшысы алаңнан қуылды. Оларға тәртіпсіз әрекеті үшін 100 АЕК көлемінде 277 800 теңге айыппұл салынды.

14-турдаТалғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен кездесуде шымкенттік футболшыларға жол берді.Ойынның алғашқы минуттан-ақ «Ордабасы» командасы салған жерден шабуылға шығып, басымдықты өз иелігінде ұстады. Сөйтіп кездесудің небәрі 7-минутында есеп ашты.Жоао Паулоның бұрыштамадан көтерген добына бірінші болып жеткенкоманда капитаны Пабло Фонтанелло қақпа торын тулатты. «Ордабасы» командасы мұнымен тынған жоқ. Шабуылдарын үдете түсті. Соның нәтижесінде есепті еселеді. 18-минутта Абдуллай Диакате пенальтиді сәтті орындап, мергендігімен танылды. Кездесудің екінші бөлігінде қос команда да алма кезек шабуылдарға көшті. Сондай шабуылдардың бірінде шымкенттік команда тағы бір гол соғып кетті.Ойынның 66-минутында Рубен Бриджидокөзге түсті. Жауапсыз үш доп жіберген «Жетісу» футболшылары көзсіз шабуылға көшіп, есепті қысқартты. Ойынның 73-минутында қосалқы құрамнан шыққан Айбар Жақсылықов гол соқты. Бірақ, ойын соңына дейін осы есеп өзгермеді. «Жетісу» қатарынан төрт ойын жеңіліп турнирлік кестенің жетінші сатысына түссе, «Ордабасы» 24 ұпай жинап үшінші орынға көтерілді.

«Қызыл-Жар» – «Тараз» – 1:0

Сегізбаев атындағы стадионда өткен ойын тартысты өтті. Бес ойын бойы үш ұпай алмаған «Қызыл-Жар» командасына жеңіс ауадай қажет еді. Бірақ, олар бас салып шабуылға көшпеді. Қос команда да бір-бірін аңдысып бақты. Сондықтан ойынның алғашқы бөлігі голсыз өтті. Кездесудің тағдырын екінші таймда соғылған жалғыз гол шешті. 69 минутта петропавлдық команданың футболшысы Момоду Сиссей қарсылас қақпасынан саңлау тауып, командасына жеңіс сыйлады. Көш соңында тұрған «Қызыл-Жар» осы жеңісінің арқасында9-орынға көтерілсе, «Тараз» 13 ұпаймен сегізінші орында тұр.

«Қайрат» – «Каспий» – 3:1

 Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойында алаң иелерінің жеңіске жететініне барлығы сенімді болды. Көш басында тұрған алматылықтар ақтаулықтарға жылдам гол соғады деп те топшыладық. Бірақ, кездесідің алғашқы минуттарында ойын басқаша өрбіді. Керісінше «Каспий» футболшылары шабуылдарын үдетіп, 14-минутында алғашқы голды соғып кетті.Бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жеткен Марат Шахметов есеп ашты. Десе де Срджан Благоевич шәкірттерінің қуанышы көпке созылмады. Үзіліске дейін алматылықтар есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. 31-минутында Адеринсола Эсеола көзге түссе, Араға тоғыз минут салып «Каспийдің» қорғаушысы Лионель Адамс өз қақпасына гол соғып алды. Кездесудің екінші бөлігінде алаң иелері басымдықты өз иелігінде ұстады. Соның нәтижесінде үшінші голын соқты. 80-минутта Вагнер Лав гол енгізді.

Қос команда да өз орындарында қалды. 35 ұпай жинаған«Қайрат» турнирлік кестедегі көшбасшылығын сақтаса, 7 ұпаймен «Каспий» соңғы 11-ші орында тұр.

«Астана» – «Тобыл» – 1:0

«Жас Қыран» стадионында өткен кездесугеелордалық «Астананы» жаңа бапкері Андрей Тихонов бастап шықты. Бапкерсіз елордалық команда бірнеше ойын жеңіліске ұшыраған болатын. Сондықтан оларға қалай да үш ұпай алу керек болды. Кездесу тартысқа толы болды. Бірақ бұл ойында да бір ғана гол көрдік.Жеңісті голды 66-минутта Алексей Щёткин салды. Үш ұпайды қанжығасына байлаған «Астана» 24 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал қостанайлық команда 23 ұпаймен төртінші орында.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.