Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ЖЕТІСУ КУБОГЫ» ПОЛЬШАҒА КЕТТІ

3 желтоқсан 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
"ЖЕТІСУ КУБОГЫ" ПОЛЬШАҒА КЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда ардагерлер арасындағы «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі қорытындыланды. Жеңімпаз — Польша командасы. Екінші орынды Ресейдің Мәскеу командасы иеленсе, үшінші орынға тағы да Ресей Федерациясына қарасты Татарстан ардагерлері табан тіреді. Бұл жайлы «Талдықорған» газетінің Taldykorgan-online.kz электронды сайты хабарлады.

«Үш күн бойына жалғасқан турнир шын мәнінде волейбол мерекесі болды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз ардагерлер арасында әлем чемпионы болсақ та, жеңіске оңай жетпедік. Командалар мықты екен. Іріктеу кезінде Мәскеуге ұтылып қалып едік, финалда жеңдік. Шараны ұйымдастырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін», — дейді Польша командасының капитаны Дариуш Паркидне.

Халықаралық турнирге 10 команда қатысты. Марапаттау рәсімінде ешкім жүлдесіз қалмады. Әр командаға арнайы кубоктар, кәдесыйлар және 100 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді. Үздік ойыншылар да марапатталды. Соның ішінде, аталымдар бойынша үздік деп танылғандар:
Ең үздік блок қоюшы — Шостек Дариуш (Польша),
Ең үздік либеро — Масимов Рустам (Жетісу),
Ең үздік пайдалы ойыншы — Плотнир Андрей (Татарстан),
Ең үздік шабуылшы — Ткаченко Андрей (Ресей),
Ең үздік байланыстырушы — Чеснаков Анатолий (Орынбор),
Көрермендер көзайымы — Каминов Чингиз (Тыва Республикасы),
Ең үздік қорғаушы — Монхбат Монхоргил (Моңғолия).

Үшінші орын алған қазандықтар қанжығасына 500 мың теңге байласа, екінші орынға тоқтаған мәскеуліктер 700 мың теңге, ал турнир чемпионы — поляктар 1 миллион теңгені олжалады. Ал «Жетісу» командасы турнирді төртінші орынмен аяқтады.

— Барша командаға турнирге қатысқаны үшін алғыс білдіремін. Менің ойымша, өте тартысты ойын болды. Шын мықтылар суырылып алға шықты. Жеңістеріңіз құтты болсын! Барлық команданы алдағы жылдары өтетін «Жетісу кубогы» турниріне тағы шақырамын. Тыңғылықты дайындықпен келсеңіздер, келесі жылы жеңіс тұғырынан өзге де командалар шығады деп есептеймін. Сондықтан, баршаңызды волейбол ойнауға, оны дамытуға үлес қосуға шақырамын, — деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.