Талдықорған: +19°C
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

19.05.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

GOV.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылдарының бірі Леонардо да Винчидің өміріне, ғылыми ізденістері мен инженерлік мұрасына арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесінің таныстырылымы өтті.

Көрменің ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, көрме комиссары Ольга Риго, Рим қаласындағы Леонардо да Винчи музейінің директоры Августо Биаджо, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Аида Балаева экспозицияның Халықаралық музейлер күнінде өткізілуінің айрықша мәні бар екенін атап өтті. Бұл күн әлемдік мәдени мұраны сақтау, ғылым мен өнерді дамыту және мәдениетаралық диалогты нығайту идеялары төңірегінде жұртшылықты біріктіреді. Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 286 музей жұмыс істеп тұр. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған. Музейлерге жыл сайын 6,5 миллионнан астам адам келеді.

Сонымен қатар Аида Балаева мұндай халықаралық деңгейдегі көрмелер Қазақстандағы мәдени туризмнің дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Осындай жобалар азаматтардың әлемдік өнер мен ғылым тарихындағы ұлы мұралармен өз елімізде танысуға жол ашады. Сонымен қатар еліміздің халықаралық мәдени кеңістіктегі беделін арттырып, жаңа әріптестік жобаларға негіз қалайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, цифрлық технологияларды уақыт талабына сай игерген елдер ғана өркениет көшінен қалмайды. Сондықтан Қазақстанда инновацияны, креативті индустрияны, заманауи мәдени жобаларды және жаңа форматтағы өнер кеңістіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Леонардо да Винчи мұрасы бүгінгі күнмен де терең үндеседі. Ол өз дәуірінде өнерді, ғылымды, инженерияны, сәулет пен шығармашылық ойды бір арнаға тоғыстыра білген ерекше тұлға. Оның ізденістері адамзатқа ой еркіндігінің, қиял қуатының және жаңашылдыққа ұмтылыстың қандай биік нәтижеге жеткізетінін көрсетті, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұдан бөлек, Аида Балаева мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан өнерін әлемдік деңгейде ілгерілетуге бағытталған ірі халықаралық көрме жобаларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, 2024 жылы Қазақстанда Леонардо да Винчидің құпияға толы бірегей туындыларының бірі – «Әдемі ханшайым» /La Bella Principessa/ картинасы көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар Париждегі Гиме Азия өнер музейінде «Қазақстан: Ұлы дала жауһарлары» көрмесі, Қытайдың Тяньцзинь қаласында «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Мәскеудегі Третьяков галереясында өткен «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі де көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Қазақстан 61-ші Венеция биенналесінде Ұлттық павильонын таныстырды. Ал биыл күзде Алматыда «ХХ ғасырдағы орыс өнерінің 30 жауһары» көрмесін ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Астанаға Рим мен Флоренция музейлерінен Леонардо да Винчидің әйгілі «Винчи кодекстеріндегі» сызбалары мен жазбалары негізінде қалпына келтірілген 40-тан астам толық өлшемді механизм моделі жеткізілді. Экспонаттар қатарында ұшу аппараттары, инженерлік құрылымдар, әскери машиналар мен өз дәуірінен әлдеқайда озық идеяларға негізделген құрылғылар бар. Кейін бұл идеялардың бірқатары заманауи технологиялардың бастауына айналды.

Бүгінде Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді. Бұл – даму, технология және алға ұмтылыспен ассоциацияланатын заманауи қала. Сондықтан дәл осы жерде өз заманынан бірнеше ғасыр озық тұрған Леонардо да Винчи туралы айту ерекше символдық мәнге ие. Көрме Астана тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды мәдени оқиға болатынына сенімдімін, – деді Ольга Риго.

Экспозиция шамамен 3 мың шаршы метр аумаққа орналастырылған. Көрме кеңістігі ауа, су, жер және от тақырыптарына арналған бірнеше аймаққа бөлінген. Мұндай құрылым Леонардо да Винчидің табиғат күштерін, қозғалысты, адам денесінің құрылымын және механика қағидаттарын қалай зерттегенін, өз бақылауларын инженерлік шешімдер мен өнертабыстарға қалай айналдырғанын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Көрменің жеке бөлімі суретшінің ең танымал туындыларының репродукцияларына арналған. Экспозиция мультимедиялық форматта безендірілген. LED-туннельдер, цифрлық проекциялар мен голографиялық инсталляциялар Леонардо да Винчидің идеяларын көрнекі түрде таныстырып, оның өнертабыстары қалай жұмыс істеуі мүмкін екенін әсерлі форматта көрсетеді.

Көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушы – «Астана Концерт» компаниясы.

Экспозиция келушілер үшін 2026 жылғы 19 мамырдан 30 қыркүйекке дейін күн сайын, демалыссыз, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

AI SANA – ғылым мен цифрлық білім беруді ұштастыратын маңызды бастама

AI SANA – ғылым мен цифрлық білім беруді ұштастыратын маңызды бастама

19.05.2026
Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

Талдықорғандықтар «Музей түнін» тойлады

19.05.2026
Базардағы бағаны тізгіндеу қажет

Базардағы бағаны тізгіндеу қажет

19.05.2026
Жол жөндеу – желге ұшқан ақша ма?

Жол жөндеу – желге ұшқан ақша ма?

19.05.2026
Жетісудың шұжығы

Жетісудың шұжығы

19.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.