Талдықорған: +35°C
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл үні мінберден естілсе

04.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Амангелді Қияс

WhatsAppTelegramFacebook

23 тамыз күні Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Депутаттар партиялық тізім бойынша сайланатындықтан қазір саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларын мұқият зерделеп, олардың халық қалаулысы ретінде қандай кандидаттарды ұсынып отырғанына ерекше назар аудару маңызды.

Менің ойымша, партиялық тізімдерде тек танымал қоғам қайраткерлері мен ірі қалалардың білікті мамандары ғана емес, ауылдық өңірлердің де өкілдері болуы қажет. Өйткені ауылдың тыныс-тіршілігін есептен емес, өз өмір тәжірибесінен білетін адамдар ғана сапалы жолдың, тұрақты электр энергиясының, қолжетімді медицинаның, жаңа жұмыс орындарының және жастарға жасалатын мүмкіндіктердің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.

Болашақ Құрылтай халықтың үні естілетін, елдің ертеңіне қатысты маңызды мәселелер ашық талқыланатын алаңға айналуы тиіс. Онда қабылданатын заңдар мен шешімдер қағаз жүзінде қалып қоймай, шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын қоса алғанда, халықтың тұрмысын нақты жақсартуға қызмет еткені жөн.

Бүгінде өзіміздің өңірде де оң өзгерістер байқалады. Балқаш бағытына апаратын жол салынды, электр желілері тартылып жатыр, тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуы керек. Қарапайым халық үшін ең бастысы – елдегі бейбітшілік, тұрақтылық және ертеңгі күнге деген сенім.

Алдағы сайлау – әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік. Партиялық тізімге дауыс беру арқылы адам өзінің мүддесін қорғауды белгілі бір саяси партияға сеніп тапсырады. Сондықтан партиялар халықпен тұрақты байланыс орната алатын, адал, жауапты әрі ел мүддесін бәрінен биік қоятын азаматтарды ұсынуы тиіс. Олар тек ірі қалалардың ғана емес, шағын ауылдардың да мәселесін көтеруге міндетті.

Сайлауға дейін партия өкілдері ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, өңірлердегі өзекті мәселелерді сайлауалды бағдарламаларына енгізсе деген тілек бар. Ал сайлаудан кейін депутаттар берген уәделерін ұмытпай, нақты нәтижемен жұмыс істеуі қажет. Өйткені халыққа әдемі сөзден гөрі нақты іс маңызды.

Құрылтайда ауылдардың дамуына қатысты мәселелерге көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Бұл – жолдар мен коммуналдық желілерді жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, ауыл кәсіпкерлігін қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарға қолайлы жағдай жасау. Егер жастар туған жерінде білім алып, еңбек етіп, болашағын осы ауылмен байланыстыра алса, ауылдың да болашағы баянды болады.

Ең бастысы – елімізде бейбітшілік, татулық пен тұрақтылық сақталып, Қазақстанның дамуы тоқтамауы керек. Саяси партиялар лайықты кандидаттарды ұсынып, сайланған депутаттар халыққа адал қызмет етеді деп сенемін. Жаңа Құрылтайда ауылдың үні міндетті түрде естілуі тиіс.

Ермек МИЗАМБАЕВ,
Талдықорған қаласының тұрғыны

Қатысты жаңалықтар

Алқаптағы ақ алтын

Алқаптағы ақ алтын

04.08.2026
Жетісуда балалар вакцинациямен қамтылды

Жетісуда балалар вакцинациямен қамтылды

04.08.2026
Қазақстан негізгі азық-түлікпен өзін толықтай қамтамасыз етіп отыр – Сауда министрі

Қазақстан негізгі азық-түлікпен өзін толықтай қамтамасыз етіп отыр – Сауда министрі

04.08.2026
Жетісуда ер адам дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған

Жетісуда ер адам дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған

04.08.2026
Медициналық қызметтің басым бөлігі онлайн болмақ

Медициналық қызметтің басым бөлігі онлайн болмақ

04.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.