Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Баланы бесікке тас қып таңып тастау денсаулығына зиян

22.02.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Баланы бесікке тас қып таңып тастау денсаулығына зиян

Бұл – бүгінгі дәрігерлер қауымының тұжырымы. Олардың айтуынша, бесікке ұзақ жатқан баланың қан айналымы дұрыс болмағандықтан, басы үлкейіп, сүйектері дұрыс жетілмеуі мүмкін. Ал үлкендеріміз керісінше, бесіктегі баланың денсаулығы мықты, тұла бойы таза, ұйқысы тыныш болатынын айтады. 

Қазақ бесік пен табалдырықты қасиетті санаған. Бұл екеуін ешқашан аяқасты етпеген. Өкінішке қарай бүгінде біз киелі мүлікті қоқыс арасынан көріп қаламыз. Осылайша, қазақтың бесігі қолданыстан шығып барады. Оған бір себеп – манеж, қоларба сияқты түрлі заманауи құрылғылардың пайда болуы болса керек. Десе де, бесікті қасиет көретіндер жоқ емес. Мәселен, салт-дәстүрін берік ұстанған Желдібаевтар әулетінде жарты ғасырлық тарихы бар тал бесік бар.

«Бұл бесік жасалғалы 49 жыл болды. Тұңғыш қызым дүниеге келгенде туған ағам өзінің қолынан осы бесікті жасап, сыйға тартты. Содан бері балалардың бәрі осы бесікке бөленіп келеді. 7 балам да осыған жатты. Жанымда отырған екі кішкентай да осы бесікке бөленді. Кенже ұлымның балалары», — дейді Астана қаласының тұрғыны Ақтайлақ Желдібаев.

Баланы қатты бөлеп тастаса, қан айналымы бұзылуы мүмкін.

Үлкендер бесік бір ырғақпен тербелгендіктен, баланың жүйкесі бір ізге түсетінін және сәби шошынбай, тыныш ұйықтайтынын айтады. Ал дәрігерлер бесікте ұзақ жатқан баланың жауырыны жабысып, рахит ауруына шалдығатынын алға тартады. Бүгінде бесікті сирек қолданғандықтан, «Бесікке бөлеу», «Ана жыры», «Тыштыма» секілді ұлттық салт-дәстүріміз де күн санап жоғалып барады.

«Зияндылығы – баланы бесікке қатты бөлеп қою, Омыртқа иілістері дұрыс қалыптаспай қалуына әсер етуі мүмкін. Баланы қатты бөлеп тастаса, ұзақ уақыт жататын болса, қан айналымы бұзылуы мүмкін», – дейді педиатр-дәрігер Айгүл Зүлқажықызы.

Памперсті жою керек те, бесікке қайта бөлеу керек.

«Қан жүрмейтін ғып, тас қып таңып тастамайды ғой. Оның тамырын буып тастамайды. Батыр Қабанбай, Бөгенбай, осының бәрі бесікпен өскен. «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға» деп Абай да айтады. Бесік деген үлкен тәрбие, үлкен қасиет. Біздің отбасымызда 10 шақты бала өсті, түгелдей бесікке бөледік. Памперсті жою керек те, бесікке қайта бөлеу керек. Өйткені бұл қазақтың рухында бар нәрсе», — дейді «Алтын алақалы» ана, «Құрмет» орденінің иегері Егеухан Мұхамәдиқызы.

Қазіргі медицина бесікті мейлінше қолданбауды ұсынады. Ал, көпті көрген ата-әжелеріміз бесіктің қасиетті мүлік екенін айтады. Оның жапқыш, таңғыш, түбек, қолбау сияқты құрылымдарын түсініп, орнымен қолдана білсең болғаны. Оның бала ұйқысының тыныштығынан бөлек, физиологиялық өсіп-жетілуіне де пайдасы зор дейді.

Дереккөз: khabar.kz
Фото: almaty-akshamy.kz

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.