Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ҚР Денсаулық сақтау министрі ауылдағы амбулаторияға барды

14 шілде 2023
ДЕНСАУЛЫҚ
ҚР Денсаулық сақтау министрі ауылдағы амбулаторияға барды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңіріне сапарлай келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТ бірқатар медициналық нысанды аралады. Еліміздің бас дәрігері әуелі Ескелді ауданына табан тіреді. Министр мұнда аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысты.

140 төсекке және күндізгі стационардың 70 төсегіне есептелген аудандық орталық ауруханасы 50 мыңнан астам жергілікті тұрғынға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мұнда ересектер мен балаларға арналған жалпы терапия, хирургия, невропатология, жалпы дәрігерлік практика, акушерлік және гинекология сияқты бағыттар бойынша стационарлық және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек қарастырылған. Аудандық аурухана ұжымында 440-тан астам медицина қызметкері, оның ішінде 84 дәрігер және 360 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Биыл аудандық емхана базасында «Үздік практикалар орталығын» ашу жоспарлануда. 

Денсаулық сақтау министрі медициналық нысанды аралау барысында аурухана басшылығымен негізгі мәселелерді де талқылады. Қазіргі таңда аудан үшін ғана емес, еліміз үшін де аса өзекті мәселе –  медицина мамандарының тапшылығы да сөз болды. Ескелді аудандық ауруханасына жыл сайын жас мамандар келіп жатыр. Алайда, көз дәрігері, невропатолог, кардиолог, балалар психиатры, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, акушер-гинеколог мамандары аса қажет. Аудандық аурухананың бас дәрігері Сәуле Құсмолданова жас мамандарды қолдау, білімін жетілдіру бағытында атқарған жұмыстарды жіпке тізген моншақтай баяндады. Оның айтуынша, қазір ескелділік ақхалаттылар тек ел көлемінде ғана емес, шетелдік, оның ішінде Корея, Түркия сынды елдердің медициналық орталықтарында тәжірибесін шыңдауда. 

Өз кезегінде Денсаулық сақтау минис-трі ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамытудың басым бағыттарына назар аударды. Осылайша, балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау, диспансерлік науқастарды уақытылы диагностикалау және есепке қою, аудандық аурухана мамандарының ауылдық медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарымен тиімді өзара іс-қимылы мәселелері көтерілді.

Мұнан соң министр Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Бұл нысанда 7 ақхалатты маман 2 мыңнан астам жергілікті тұрғынға қызмет көрсетеді. 1974 жылы салынған амбулатория құрқылтайдың ұясындай шағын ғана. Министр жас та болса іскерлігімен ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп жүрген дәрігер Ернат Беретбековты заманауи жабдықталған дәрігерлік амбулатория салынатынымен қуантты. Бұл бастама ауылдық денсаулықты сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асады.

Дастанбек САДЫҚ
Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ

 

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.