Талдықорған: +17°C
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Тұмау мен ЖРВИ-ден корғанудың қарапайым ережелері

07.10.2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Тұмау мен ЖРВИ-ден корғанудың қарапайым ережелері

фото: stolica58.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Күз мезгілінің келуімен ауа райы салқындап, вирустық инфекциялардың таралу қаупі артады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды маусымдық сырқаттанудың алдын алу үшін қарапайым профилактикалық шараларды ұстануға шақырады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Күз кезеңінде балалар мектеп пен балабақша ұжымдарына оралып, ересектер жабық үй-жайларда көбірек уақыт өткізеді. Бұл жағдай тыныс жолдары арқылы жуғатын аурулардың тез таралуына қолайлы орта қалыптастырады. Мамандар инфекциядан қорғанудың ең тиімді әрі сенімді жолы екпе алу екенін алға тартады. Вакцинацияны сырқаттанудың шарықтау шегіне дейін, яғни қыркүйек–қазан айларында жасатқан жөн. Өйткені ағзада вирусқа қарсы иммундық жауап пен қорғаныс тосқауылы қалыптасуы үшін кемінде 2-3 апта уақыт қажет. Екпе вирустың ауыр асқынуларының алдын алып, денсаулықты сақтауға септігін тигізеді.

Инфекциядан сақтануда жеке бас гигиенасы басты рөл атқарады. Қоғамдық орындардан, көліктен немесе даладан келген соң қолды сабынмен мұқият жуу әдетке айналуы тиіс. Сондай-ақ тұратын және жұмыс істейтін бөлмелерді жиі желдетіп, қолданыстағы заттар мен беттерді дезинфекциялау қажет. Ағзаның иммундық жүйесін нығайту үшін сапалы ұйқының маңызы зор. Ересектерге тәулігіне 7-8 сағат тынығу ұсынылады. Бұдан бөлек, күнделікті таза ауада 30 минут серуендеу және жеңіл дене жаттығулары ағзаның дертке қарсы қабілетін арттырады.

Тамақтану рационына да ерекше көңіл бөлген абзал. Күнделікті ас мәзірінде жаңа піскен көкөністер, жемістер, ет, балық, жұмыртқа мен бұршақ тұқымдас өнімдер болуы керек. Ал қант, майлы және қуырылған тағамдарды тұтынуды шектеген дұрыс. Өз бетінше емделу мен түрлі биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) бейберекет қабылдаудан сақ болған өте маңызды. ББҚ медициналық препарат болып саналмайды және ол екпені де, дұрыс тамақтануды да алмастыра алмайды. Кез келген дәруменді қолданбас бұрын дәрігермен кеңескен абзал. Сырқаттанған жағдайда өзгелермен қарым-қатынасты шектеп, бірден медицина мамандарының көмегіне жүгінген жөн.

Маусымдық вирустардан қорғану әр азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігінен басталады. Тұмау мен ЖРВИ-ден сақтану ережелерін орындау арқылы отбасымыз бен жақындарымызды қауіптен аман сақтай аламыз.

Қатысты жаңалықтар

The World Financial Review: Қазақстан шикізатқа негізделген экономикадан арылып келеді

The World Financial Review: Қазақстан шикізатқа негізделген экономикадан арылып келеді

07.10.2026
The World Financial Review Қазақстан экономикасын қалай әртараптандырып жатқанына баға берді

The World Financial Review Қазақстан экономикасын қалай әртараптандырып жатқанына баға берді

07.10.2026
Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

07.10.2026
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

07.10.2026
Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

07.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.