Талдықорған: +15°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

Азаны бар ел азбайды

14.10.2024
ДІН МЕН ДӘСТҮР
Азаны бар ел азбайды

Дін – иман айнасы. Жетісу облысының орталығы Талдықорған  қаласына қарасты Мойнақ ауылында жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Аталған құлшылық ғимаратын жеке кәсіпкер Ерғали Зейноллаұлы өз қаражатына салдырған.

Мешітті ашыу салтанатында сөз алған Талдықорған қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Жансерік Алпысбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан киелі ғимарат қабылданып алынғанын айтып, өңірдің бас имамы Керімбек Дәуітовтің ізгі тілегін жеткізді. Аталған жаңа мешіт жалпы 150 адам намаз оқуға арналған. Ғимараттың ішкі  құрылымының  безендірілуі де заман талабына сай. Бұдан сырт мешіт ауласында 200 адамдық қатымхана, дәрет алу орны, имамның жанұясымен көшіп келіп тұруға қолайлы бірнеше бөлмелі жайлы баспана да бар. Нысан орталықтанған су және табиғи газ арқылы жылыйтын құбыр жүйесіне қосылған. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген. Бұл Ерғали Зеноллаұлы салдырған екінші мешіт. Бұдан бұрын ол Алматы қаласы маңындағы Ащыбұлақ ауылынан бір мезгілде 250 адам намаз оқуға болатын тағы бір мешіт салдыртып ел игілігіне берілген болатын.

–«Жалпы бүгінгі мешіт ашып, азан айтылып жатқан Мойнақ ауылының тұрғындары сізер өте бақыттысыздар. Өйткені, халық даналығында «Азаны бар ел азбайды, бірлігі бар ел тозбайды» делінген. Азан шақырылған елде құт-береке болады. Алла тағаланың киелі кітабы Құран Кәрімінде жер бетінде тұрғызылған алғашқы үй мешіт екені анық айтылған. Білесіздер жаратушы жалғыз иеміздің қалауымен Ибраһим пайғамбар өзінің ұлы Исмайылмен бірге (оларға Алланың сәлемі болсын) алғаш рет Меккеде қасиетті Қағбаның іргетасын қалап оны тұрғызған. Тарихта ұлы адамдардың істеген ең ізгілікті істерінің бәрі мешіт салу болған. Адамның ғазиз басын ұлы ететін ол сәжде.  Мешіт – сол бас қоятын сәжде сөзінен шыққан. Біз жаратқанның алдына сәждеге баратын жерді мешіт дейміз. Ойлап қарасаңыз алғашқы ғылым ордаларының бәрі осы мешіттен басталған. Мешіт бізді рухани тәрбиелеп, кемелдендіреді. Кешегі қаймана қазақтың қаймағы болған ұлы тұлғалардың барлығы алғаш мешіттен әріп танып, білім,  тәрбие алған. Жалпы мешіттің қазақ мәдениетінде, ислам тарихында да орны ерекше. Сол үшін бүгінгідей заманда мешіт бізге ауадай қажет. Осы мешітті салып ауыл тұрғындарына сыйлап отырған Ерғали бауырымызға және оның отбасына Алла үлкен сауап жазсын!», – деді танымал дін ғалымы, PhD докторы, доцент Қайрат Құрманбаев. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, Мойнақ Үштөбе күре жолының бойындағы 18 шақырым жерге орналасқан  Талдықорған қаласына қарасты  ауыл. Жалпы ауылда 200-ден астам отбасы, 1200-ге жуық тұрғын бар. Бұрын қалалық №23 орта мектеп, шағын бала бақша, жаңадан салынған балалар ойын алаңы және мәдениет үйі жұмыс жасап тұрған.  Енді, міне, жаңа мешіт ашылды. Шүкір Аллаға! Негізі дін – имандылықтың тірегі. Ал, имандылық Аллаға сиынған әр адамды тек жақсы, ізгі қасиеттерге баулиды. Қазір дінді желеу етіп елді адастыратып жүргендер  көп. Бұдан былай ауыл жастары бос уақытында мешіт жағалап ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніне көз жеткізіп, өз бағыт-бағдарын айқындай алатын болды.

Жаңа мешіттің лентасы қыйылған соң алғашқы азан шақырып, жиналған қауыммен бірге бесін намазын өтеген Медина қаласынан келген ұстаз Салман Осман Шейх өз ризашылығын білдіріп, ауыл жұртына ақ жарма тілегін арнады.  – «Әуелі барлығымызды осы бір қуанышты күнге жеткізіп, жүздестірген Аллаға сансыз мадақ, пайғамбарымызға салауат болсын! Киелі Құран Кәрімде Аллаға  сенген, иман келтірген, намаз оқып, зекет берген  адам мешіт тұрғызады делінген. Ардақты пайғамбарымыз  Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) бір хадисінде  «Кімде-кім Алланың разылығы үшін мешіт тұрғызса, жаратушы оған жәннатта дәл сондай үй тұрғызады» деп сүйіншілеген. Осы мешітті тұрғызып, халқына ұсынып жатқан адамға Алла екі дүниенің бақытын берсін!», –дейді ол.

Өңірлік дін өкілінің сөзінше, бүгінге дейін Жетісу облысында 200-ден астам мешіт бар. Мойнақ ауылында ашылған бұл құлшылық үйі облыс орталығы Талдықорған қаласына қарасты 9-шы мешіт. Жаңа шешітті ашыу шарасы аяқталғаннан кейін кәсіпкер Ерғали  қатымханада жалпы жұртқа арнап арнайы ақ дастарқан жайып, өмірден өткен барлық ата-бабалардың рухына құран бағыштатты.

                                                                         Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.