Алакөл ауданына қарасты Достық стансысында кадрлық өзгеріс жүзеге асты. Аудан әкімі Алмас Абдиновтің төрағалығымен өткен жиында Достық көлік прокуроры қызметіне Дархан Қапас тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жиынға қатысқан Бас көлік прокурорының орынбасары Шыңғыс Арғымбаев тағайындауды ресми жариялап, жаңа прокурорға жүктелетін міндеттердің маңызын атап өтті.
Аудан әкімі Дархан Мейрамбекұлын құттықтап, жауапты қызметінде табыс тіледі.
Кездесу барысында заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру мәселелері қозғалды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс өңірдегі тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі кепілі ретінде айқындалды.





