Талдықорған: +22°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

73 ПАЙЫЗЫ ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙДІ. ОБЛЫСТАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ҚАЛАЙ?

10.05.2022
ЭКОНОМИКА
73 ПАЙЫЗЫ ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙДІ. ОБЛЫСТАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ҚАЛАЙ?

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын жақсарту, көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жиын өтті. Оған аудан, қала әкімдіктерінің, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының, жол активтері ұлттық сапа орталығының өкілдері қатысты.

Басқосуда аймақтың экологиялық, санитарлық жағдайы және стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары мен мүлік иелері бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру туралы да мәселе қаралды. Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары және елді мекен көшелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы жайлы баяндаған жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстық филиалының өкілі Мәулен Әліпов: «Автокөлік жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына тұрақты түрде сараптама жүргізіліп келеді. Былтыр аудан, қалалардың тас жолдарын тексеріп, 269 мәрте рейд өткіздік. Асфальт жабындысынан алынған 1104 сынаманың 73 пайызы талапқа сай келмейтіні анықталды. Оның бірнеше себебі бар. Жолды салған кезде технологиясын дұрыс қолданбай және әкелінген материал дұрыс тексерілмей қалады», – деп көбіне тек жол салынып біткен кезде ғана сараптама жұмыстарын жасап келгенін айтты. Сондықтан, жол салу жұмыстары басталмай тұрып шақырып, сынақтан өткізіп, технологиясын қараса мұндай кемшілік болмайтынын жеткізді. Жеңіс Шылбынұлы жауапты мекемелерге сынамалар сапасының төмен болу себебін анықтауды тапсырды.

Келесі кезекте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағлан Әбілқасымов сөз алып, көктемгі-күзгі санитарлық тазалау екі айлық шарасы басталғаннан бастап облыс аумағында 5 сенбілік өткізіліп, оған 99 859 адам қатысқанын айтты. Сонымен қатар, 965 шақырым арық желісі, 2100 көше, тұрғын үй, мекеме, ұйымдарға іргелес жатқан 37 852 жер учаскесі, 155 саябақ пен сквер қоқыстан тазартылды. 23 400 текше метрден астам қоқыс шығарылып, 678 бірлік автокөлік тартылды. 32 233 түрлі ағаш көшеті отырғызылды. Ағымдағы жылдың 13-29 сәуірі аралығында облыс бойынша экология департаменті, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы елдімекендерді аралау барысында стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болып, белгіленбеген орындарда орналасуы секілді бірнеше кемшіліктерді анықтаған.

– 2021 жылы «Геопортал» жүйесі арқылы 612 стихиялық қоқыс үйінділері анықталып, 523 қоқыс орны жойылған. Әлі де 89 қоқыс үйіндісін жою қажет. Әкімдіктер оларды жою туралы ешқандай ақпарат ұсынбады. Биылғы жылдың 22 сәуірінде Талдықорған қаласының аумағында «Геопортал» жүйесі арқылы 19 стихиялық қоқыс орны анықталды. Аталған қоқыс орындарының координаттары Талдықорған қаласының әкімдігіне жолданды. Облыстың қалған аудандары мен қалалары бойынша координаттары көрсетілген 2022 жылғы стихиялық қоқыс үйінділерінің ғарыштық түсірілімдері ағымдағы жылдың мамыр айының ортасына қарай күтілуде, – деді Бағлан Әбілханұлы.

Облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов аудан, қала әкімдеріне қалдықтарды жинау, шығару және тасымалдау тарифтерін бекіту жұмыстарын жандандыруды, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын сенімді басқаруға беруді, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп елді мекендерде стихиялық қоқыстардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жиын барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағлан Әбілқасымов мүлік иелері бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты таныстырды. Облыс бойынша 3624 көпқабатты тұрғын үйлердің 2873-і басқарудың жаңа нысандарына ауысуға жатады, оның ішінде 602 мүлік иелері бірлестігі және 2271 жай серіктестік бар. Реформаны іске асыру мерзімі биыл  шілде айында аяқталады. Бүгінде 150 мүлік иелері бірлестігі және 1537 жай серіктестік құрылған.

Кеңес соңында Жеңіс Шылбынұлы қатысушыларға жол сапасын жақсарту, аталған кемшіліктерді жою, күрежолдың бойын таза ұстау, әсіресе, туристік нысандардағы тазалық жұмыстарын күшейту міндеттерін жүктеді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.