Талдықорған: +29°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ: «ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫН ҒАРЫШТАН БАҚЫЛАУҒА БОЛАДЫ»

18.09.2022
ЭКОНОМИКА
АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ: "ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫН ҒАРЫШТАН БАҚЫЛАУҒА БОЛАДЫ"
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» акционерлік қоғамының төрағасы Айдын Айымбетовпен кездесті. Ресми басқосуға облыстың цифрлық технологияғалар жүйесі, экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармасының жауапты мамандары қатысты.

Аймақ басшысы Бейбіт Өксікбайұлы ғарышкер Айдын Айымбетовтің туған жерге табан тірегеніне қуанышты екенін жеткізді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» акционерлік қоғамы космостық мониторинг жасаумен шұғылданады. Яғни, аспаннан қадағалау арқылы жер жағдайын толыққанды біліп отырады. Олар шабындық, суармалы жер, жабайы қоқыс алаңдары, орман шаруашылығы, су қоймалары, ауылшаруашылық жерлері жайлы ақпарат бере алады. Төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіншілік тудырады. Табиғат апатының қай жерден басталғанын, оны тоқтату үшін қандай шара қолдану керектігі жайлы кеңес береді. Себебі, олар мүмкіншіліктің барлығын ғарыштан бақылайды. Өрт, су тасқыны, қар көшкіні орын алса, алдымен соларға қоңырау түседі.

Бүгінде пайдаланылмай жатқан жерді қайтарып алу жайлы бастама көтерілгені мәлім. Бұл орайда, космомонитрингтік қызмет жердегі мәліметті дәл беруге қауқарлы. Облыс басшысы Бейбіт Исабаев акционерлік қоғам басшысынан қай жерге қандай дақыл егілгенін де біле аламыз ба деген сауал тастады. Ғарышкердің айтуынша, космомониторинг арқылы барлығын біліп отыруға мүмкіндік бар.

Мысалы, ғарыштан қадағаланатын қызмет қант қызылшасы алқабының қанша жерге егілгенін, керек болса өнімнің қандай дәрежеде екенін де айна-қатесіз мәлімдеп бере алады. Аталмыш космомониторинг қызметі Жетісу облысының Ескелді және Көксу аудандарының жеріне бақылау жасапты. Онда барлық жайылымдық жер көлемі 863,9 мың гектар екені анықталған. Бағалаушылар жайылымдық жердің жағдайын, яғни шөптің өнімділігі жайлы да мағлұмат берген. Мұнда біраз жердің құнары мүлде азайып кеткені анықталған.

Басқосу барысында облыстағы егіндікке пайдаланылатын багара, суармалы жерлердің өнім беру жағдайы, топырақтың құрамы жайлы да мәлімет берілді. Айдын Айымбетовтің сөзін мұқият тыңдаған облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы жыл басынан бері космомониторинг деректерін пайдалана отырып, 857 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерді анықтауға мүмкіншілік туғанын айтты. Оның 42,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Сондай-ақ, 438,6 гектар жер айналымға берілген.

Космомониторинг қызметі жер-жердегі, тау шатқалдарындағы, қорғауға алынған аумақтарға заңсыз салынған нысандарды да анықтай алады. Олардың айтуынша, су тоспалары, қоймалары маңына жөнсіз нысан салуға болмайды. Өйткені ол қауіпті. Сондықтан, космомониторинг арқылы заңсыз салынған нысандарды анықтаудың маңызы зор. Аталмыш қызмет кәсіпорындар шығарған, елді мекен маңында төгілген қоқыстардың қай жерде екенін көріп, біліп, уақытында жоюға септігін тигізуде.

Биыл біздің облыстың қалалары мен аудандарында 154 жабайы қоқыс орындары анықталған. Бүгінде соның 109-ы жойылған. Облыс басшысы бұл қызметтің мал басын санауға да өз септігін тигізетінін айтты. Биыл осындай қадағалауға жүгінбегендіктен Алакөл ауданында 500 гектардан астам жердің өртке оранғанын айтты.

Кездесу соңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев жиналған жауапты мамандар мен цифрлық технологиялар басқармасының жетекші мамандарына «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» акционерлік қоғамымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.