Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше бағытта жабылған маңызды автожолдар қайта ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Атап айтқанда, қалың қар мен бұрқасынның салдарынан «Алматы-Өскемен» трассасынан Қапал-Арасанға баратын (0-45 шақырым), Қапал-Арасаннан Көктөбе ауылына дейінгі (0-16 шақырым), Сарыөзек — Алтынемел — Қоғалы — Қарабұлақ және Үшарал-Достық бағытындағы жолдар жабылды. Сондай-ақ, Талдықорғаннан Үшарал қаласына (287-588 шақырым) дейінгі республикалық маңызы бар жолда қозғалыс шектелген еді.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда барлық бағыттағы жолдар ашық.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





