Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАРАТАЛ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ БӨГЕТІ 80 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТПЕГЕН

21.05.2021
ЭКОНОМИКА
ҚАРАТАЛ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ БӨГЕТІ 80 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТПЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Аудандағы ауқымды нысандардың бірі бас бөгетке былтырдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Қаратал өзенінің төменгі сағасында орналасқан бас бөгет сексен жылда бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Тек былтырғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2021» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жасала бастады.

Виктор Сычев басшылық жасайтын «Темірбетон» мекемесі құрылыс жұмыстарын былтыр қазан айының басынан жүргізе бастаған екен. Сол кезден бері 70-тен астам жұмысшы іргелі нысанның күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысты.

– «Темірбетон» мекемесі көпірдің астындағы су бөгейтін шлюздерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Көпірдің асты 80 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Бас бөгетке құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер мекеме Қаратал өзенінің жанынан ұзындығы 1,8 шақырым, ені 80 метр болатын ауқымды жасанды арна жасады. Былтыр жаз айында бульдозер, экскаваторларды іске қосып, 1 айдың ішінде өзен арнасын бұрып, төмен жақтан қайта қосты. Бас бөгеттің басында кеңсе, жұмысшылар үшін 4 үй салынды. Сонымен бірге монша, көмір қора секілді қажетті нысандар тұрғызылды. Трансформатор жаңартылып, электр желілері ауыстырылды. Қаратал өзенінің жағасын бетонмен бекіту жұмыстары жүргізілді. Бас бөгетті түгелдей қайта жаңғырту жұмыстары іске асып, шлюздер ауыстырылды, – дейді бас бөгет басшысы, бірінші дәрежелі инженер Ерлан Козбасынов.

Бас бөгет Үштөбе қаласының оңтүстік батысына салынған, 19 шақырым қашықтықта орналасқан. Оң жағынан Үштөбе және сол жағынан Күшік – Кәлпе магистральдық бас тоғандарына су жөнелтіледі. Қаратал ауданы бойынша Быжы, Қаратал өзендерінен, нақтырақ айтқанда, ескі Күшік, Күшік – Кәлпе, Үштөбе тоғандарынан су алады. Бұл тоғандардың магистральдық ұзындығы 115,4 шақырым, оның сыртында 132,5 шақырым қашыртқы және су лақтыру жүйелері бар. Айталық, ұзындығы 24,6 шақырым болатын Үштөбе магистральдық тоғанының су өткізу қабілеті секундына 55 текше метрді құрайды. Осы тоғанның бойында 11672 гектар суармалы жер бар. Қашытқы және су лақтыру жүйелерінің ұзындығы 72,8 шақырым болып отыр. Ұзындығы 47,2 шақырымды құрайтын Күшік – Кәлпе магистральдық тоғанының су өткізу қабілеті секундына 20 текше метр. Мұнда 6222 гектар суармалы жер бар, қашыртқы және су лақтыру жүйелерінің ұзындығы 59,7 шақырым. Жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын Ескі Күшік магистральды тоғаны секундына 3,5 текше метр су жіберуге қабілетті. Осы тоған арқылы 856 гектар егістік алқабы суғарылады.

Бас бөгет «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы филиалының Қаратал өндірістік учаскесіне қарайды. Аталмыш мекеме аудандағы шаруашылықтарды суармалы сумен қамтамасыз етіп, өзін-өзі қаржыландырады. Аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша, аудандағы суармалы жердің аумағы 24,398 мың гектарды құрайды.

– Қазіргі таңда бас бөгет айналасына абаттандыру жұмыстары жасалынады. Алаңға асфальт, бордюр төселіп, нысан айналасын қоршау, жарық шамдарын орнату секілді жұмыстар жүргізілмек. Күрделі жөндеуден өткен бас бөгеттің табаны арқылы су жіберіле бастады, – дейді «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы филиалының Қаратал өндірістік учаскесінің басшысы Бақытжан Өмірбаев.

Асхат ӨМІРБАЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.