Талдықорған: +19°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуды жалғастыруда

20.02.2024
ЭКОНОМИКА
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуды жалғастыруда
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ тарапының шақыруымен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келді.


Келіссөздер барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ӨР Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, атап айтқанда екі ел арасындағы саяси, экономикалық, су-энергетикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттарын қарастырды.

ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси еріктерінің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан бауырластыққа, теңдікке, өзара құрмет пен сенімге негізделген толық форматты өзара іс-қимылды ойдағыдай құрып жатқанын атап өтті.

«Өзбекстан – Қазақстан үшін орны ерекше, сенімді одақтас әрі маңызды әріптес мемлекет. Біз өзбек елінің көптеген салалардағы тың жетістіктерін шынайы ниетпен қабылдап, жоғары бағалаймыз» – деп мәлімдеді М. Нұртілеу.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің 2021 жылғы желтоқсанда Астанаға және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсанда Ташкентке жасаған өзара мемлекеттік сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырды.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында берік шарт-құқықтық база қалыптасқанын, өзара іс-қимылдың жаңа форматының институционалдық негіздері қаланғанын атап өтті. 2022 жылы Ташкентте қол қойылған одақтастық қатынастар және шекараны белгілеу туралы шарттар елдеріміздің қарым-қатынастарын үйлесімді дамыту үшін берік негіз қалады.

Жоғары мемлекетаралық кеңес құрылды, өткен жылдан бастап Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі жұмыс істейді. Күн тәртібінде Сыртқы істер министрлері кеңесінің құрылуы бар.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары екіжақты сауда айналымы тұрақты түрде 4 млрд АҚШ долларынан асты.

Министрлер экономикалық әріптестікті тереңдетуге, өзара сауданы 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесуге келісті.

Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салу жөніндегі жобаны іске асырудың маңыздылығы аталып өтті, оның іске қосылуы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Бүгінде айтарлықтай прогресс байқалатын өнеркәсіптік кооперация саласына ерекше назар аударылды. Екі ел үкіметтерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 156 млн АҚШ доллары сомасына 12 бірлескен жоба іске асырылды. Шамамен 1 млрд АҚШ доллары сомасына 21 жаңа бірлескен жоба пысықталуда.

Кездесу барысында тараптар көлік және логистика, энергетика, су ресурстары салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Екі мемлекеттің берік және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарының негізі болып табылатын мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері жеке қаралды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының достығы шынайы тату көршілік пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі. Қазақстан мен Өзбекстанның өскелең ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер беретін жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлары осы мақсатқа сай келеді.

Рухани құндылықтарды жаңғырту мақсатында ортақ мәдени-гуманитарлық мұраны зерделеу және дәріптеу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу ұсынылды.

Кездесу барысында министрлер көпжақты құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасасуға, екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестерді».

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері шеңберінде өңірлік кооперацияны дамыту және тереңдету бойынша одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше аталып өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ҚР мен ӨР Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары кездесуінің хаттамасына қол қойды, сондай-ақ ҚР мен ӨР Жоғары мемлекетаралық кеңесі бірінші отырысының «ҚР мен ӨР Сыртқы істер министрлері кеңесінің ережесін бекіту туралы» шешімін және ҚР мен ӨР Сыртқы істер министрлері кеңесінің ережесін дәйектеді.

Ресми сапар барысында ӨР Сыртқы істер министрі Б. Саидов сондай-ақ ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қабылдауында болды.

Қатысты жаңалықтар

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

07.05.2026
«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.