Талдықорған: +20°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫН БАҚЫЛАЙТЫН ТОП ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА КЕЛДІ

28.01.2021
ЭКОНОМИКА
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫН БАҚЫЛАЙТЫН ТОП ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Облысымыздың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын бақылау бойынша құрылған жұмыс тобы Жамбыл ауданында көшпелі отырыс өткізді. Көшпелі отырысқа аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Аудандық мәслихат хатшысы Саят Жұрын жұмыс тобының мүшелерін таныстырғаннан кейін жиынды «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде партияның бағдарламасына тоқталып, сайлаушыларға берілген уәделерді іске асырудың жол картасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардан хабардар етті. Алдағы бес жылға арналған бағдарламаның жеті бөлімнен тұратынын, олар экономикалық тұрақты, қолайлы, әлеуметтік бағдарланған, жастарға арналған, тарихи және мәдениеті бай аймақтар, ашық және есеп беретін жергілікті орган және  қауіпсіз аймақ болып жіктелетінін жеткізді. Осыған орай жаңа әлеуметтік нысандар салынатынын айтты.

– Бес жылдың ішінде 80 мектеп, 72 медициналық мекеме салынады. Жоспарда 184 мың тұрғыны бар 99 ауылға табиғи газ жеткізу көзделіп отыр. Облыстық сайлауалды бағдарламада Жамбыл ауданына қатысты іс-шаралар бар. Оның ішінде, мәселен, биыл Тарғап орта мектебі, Самсы ауылындағы Сәрсенбеков атындағы орта мектеп, 2022 жылы Бозой орта мектебі мен Қопа бекетінің негізгі орта мектебі, 2023 жылы Ащысу негізгі орта мектебі, 2024 жылы Ұзынағаштағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі мен Таңбалытас ауылындағы Таңбалытас орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілмек. Сондай-ақ, 2023 жылы Үмбетәлі, 2024 жылы Қарғалы мен Самсы, ал 2025 жылы Дегерес ауылдарында Мәдениет үйі салынады. Тұрғындарды сапалы ауызсумен, көгілдір отынмен қамтамасыз етуде де біраз шаруалар көзделіп отыр. Бұл шаралар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. «Жол картасында» белгіленген осындай жобалар мен оған бюджеттен қарастырылған қаражат тұрақты комиссиялардың бақылауында болуы тиіс, – деген Гүлнар Тойлыбаева одан әрі депутаттық міндеттің жауапкершілігін еске салып, жұмыс бағытын пысықтады.

Өңірді дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған бағдарламасының сан-салалы бағыттарымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Арайлым Әлімбекова таныстырып, ондағы нақты жобаларды атап шықты. Аталған бағдарлама бойынша Жетісу өңіріне алдағы бес жылда триллиондаған теңге қаржы тартылмақ. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру өңір экономикасының қарқынды дамуын, халықтың өмір сүруі үшін қолайлы аумаққа айналуын қамтамасыз ететіні де айтылды.

Жиында облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Ерлан Құрманбаев ауданнан облыстық мәслихат депутаттығына сайланған Елдос Үшкемпіровке депутаттық мандатын көпшілік алдында тапсырды. Жұмыс тобы аудандық мәслихаттың 21 депутаттан тұратын жаңа құрамымен танысып шықты. Жиында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек депутаттық фракция алдында жауапты міндеттер тұрғандығын, сайлаушыларға берілген уәделердің барлығын орындап, ел сенімінен шығу керектігін айтты. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026
Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026
Теңдессіз спорт кешені салынуда

Теңдессіз спорт кешені салынуда

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.