Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ: ЕКІ ӨҢІРГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ БРИФИНГ

17.04.2021
ЭКОНОМИКА
КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ: ЕКІ ӨҢІРГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ БРИФИНГ
WhatsAppTelegramFacebook

«Jetisu Media» ақпарат орталығының ұйымдастыруымен «Жетісудағы егін жұмыстары» тақырыбында өткен көшпелі баспасөз-мәслихаты барысында Көксу ауданындағы Жарлыөзек елді мекеніндегі қант қызылшасы алқабы, Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді және Сарыбұлақ ауылындағы пияз және қант қызылшасы алқаптарының жұмысы таныстырылды.

Көксу ауданының барлық елді мекенінде бүгінде қызу еңбек жүріп жатыр. Жол бойы көріп өткен егіс алқаптарында бірі жер жыртып, енді бірі қопсыған топырақты ұсақтап, тағы да бірі жерге дән егіп жатқан түрлі техника мен жыл бойғы тіршілігін осы дала төсінен табатын диқандардың қарбалас еңбегін көресің. Журналистер ең алдымен осындай қызу тірлік жүріп жатқан Жарлыөзек ауылындағы «Алим-Таяр» шаруа қожалығының егіс алқабына ат басын тіреді. Бізді күтіп алған Көксу ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Шалқыбеков пен шаруа қожалығының иесі Таяр Зейналов егіс науқаны барысын таныстырып шықты.

– Біздің шаруа қожылық 1998 жылы құрылды. Міне, содан бергі жиырма неше жылдан бері ауылшаруашылығы тауарларын өндірумен айналысып келеміз. Бүгінде шаруашылыққа тиесілі 170 гектар суармалы жердің 80 гектарына қант қызылшасын, қалғанына көкөніс, майбұршақ, дәнді жүгері сеуіп, соны баптап, күтіп, мол өнім алуға тырысып жатырмыз. Қазіргі науқан кезінде 50 адам жұмыспен қамтылып, әрбіріне 80 мың теңгеден жалақы төленуде. Қолымызда төрт «МТЗ-82», төрт  «Беларусь», бір «Беларус-82,1» тракторы, екі комбайн бар. Үкімет тарапынан тұқым және жеңілдетілген жанар-жағармай арқылы қолдау көрсетілуде, – дейді шаруашылық басшысы.

Жалпы биылғы жылы Көксу ауданы 31 мың гектардан астам егістік жерді өңдемек. Оның 9 мың гектарына дәнді, 10 мың гектарына майлы дақыл, 6 мың гектарына мал азығын, 900 гектар картоп, 800 гектар көкөніс, 150 гектар бақша дақылын себуді жоспарлап отыр. Қазір көпжылдық шөптер мен арпа-бидай себіліп жатыр. Осыған дейін 4 мың гектарға жуық күздік себіліп, 7 мың гектар сүдігер жыртылыпты. Көктемгі дала жұмыстары аясында 20 мың гектардан астам егіс алқабының 30 пайызы жыртылған.

– Өңірде қызылша себу жұмысы басталды. Биыл 2600 гектар жерге қант қызылшасын себуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда 300 гектарға артық. Арзандатылған жанар-жағармай толық  алынды. Ал қазақстандық тыңайтқыштар 50, басқа елден келген тыңайтқыштар 30 пайыз жеңілдетілген бағамен шаруа қожалықтарына берілуде. Бүгінде 150 гектар жер игерілді, – дейді Көксу ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Шалқыбеков.

Аталған ауданда ауылшаруашылығымен айналысатын Қалибек Алпысбаев басқаратын «Алан» және Шекербек Шеңгелбаев басқаратын «Тоған» сервистік-дайындау орталығы бар. Олар да өңірдің ауылшаруашылығы саласын өркендетуге көп үлес қосуда.

Алажаздай туристік қызметімен экономикасын еселеп отырған Қапшағай қаласының да ауылшаруашылығы жағындағы бәсі төмен емес. Қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша, биыл 13666 гектар егістік жер игерілмекші, оның 8448 гектары суармалы  жер.

– Биылғы жоспар бойынша 4297  гектар дәнді дақыл, 4062 гектар майлы дақыл, 350 гектар картоп, 1935 гектар көкөніс, 190 гектар бақша дақылы, 800 гектар қант қызылшасы, 2155 гектар мал азықтық өнімін егуді жоспарлап отырмыз.  Көктемгі егіс-дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ауыл- шаруашылық басқармасынан 250 тонна жанар-жағармай бөлініп, оның литрін 165,5 теңге арзандатылған бағамен төлеп алу қарастырылды. Жоспарға сәйкес наурыз айына 83 тонна, сәуір айына 83 тонна, мамыр айына  84 тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі таңда төрт шаруа қожалық дизель отынына өтініш беріп, өтініштері толықтай қанағаттандырылды, – деді бізге берген сұхбатында қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Рауан Жамағатов.

Қапшағайлықтардың көктемгі егіс жұмысына дайындаған техникасы да сақадай-сай екенін байқадық. Бүгінде дала жұмыстарына 150 бірлік техника жұмылдырылыпты. Оның ішінде  «К-700» техникасы 3, «МТЗ» маркалы трактордың барлық түрінен 51 бірлік бар. Бұл егіс жұмысымен айналысатын шаруа қожалықтарының қиыншылығын жеңілдетіп, өнімділігін арттырып отыр.

– Шаруашылыққа қарасты 150 гектар жердің 130 гектарына қант қызылшасының «Ардан» тұқымын, қалғанына жүгері дақылын егіп жатырмыз. Қазір 100 гектар жерге тұқым сіңірілді. Қалған жерде де қызу жұмыс жүріп жатыр. Дала жұмыстарына 24 адам  және 15 техника тартылды. Тұқым, жанар-жағармайды Үкіметтен жеңілдетілген бағада алып жатырмыз. Қант қызылшасын егу, жинау жұмысына қолданылатын төрт «Беларусь» тракторы, екі «КамАЗ» көлігі, бір комбайнымыз бар. Техника жағынан тапшылық жоқ. Міне, бес жыл болды екі шаруашылықты біріктіріп, сервистік-дайындау орталығын құрып едік. Жұмысымыз өркендеп келеді. Алдағы уақытта қант қызылшасының егіс алқабын 300 гектардан арттырсақ деген ойымыз бар. Оған сай адам күші де, техника саны да арта беретінін белгілі. Сол межеге жетуге талпынып келеміз, – дейді  Сарыбұлақ ауылындағы «АгроСервисҚант СДО» ЖШС басшысы Айбек Ботай.

Қапшағайлықтар тағы бір жағынан жуа дақылын өсірумен де танымал. Сол қатарда Шеңгелді ауылындағы «Бауыр» шаруа қожалығы бірнеше жылдан бері осы дақыл түрімен арнайы айналысып келеді. Біз аталған шаруа қожалығының 20 гектер жерге жуа тұқымын сеуіп жатқанының үстінен түстік.

– Былтыр да 20 гектар жерге жуа егіп, гектарынан 70 тоннадан өнім алдық. Биыл сол межеден асырамыз деген сенім бар. Техника да, адам күші де жеткілікті. Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағамен тұқым және жанар-жағармай алынды. Өнімдеріміз «Магнум» сауда орталықтары және Алтын орда базарына сатылымға шығады. Ресейге де шығарамыз. Өнімді күзде жинап, қыс бойы ауыл іргесіндегі қоймада сақтаймыз, – дейді «Бауыр» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Жандосов.

Қай қырынан келсек те, диқандардың көңілі тоқ. Бірақ та қапшағайлықтар кей жылдары суға деген тапшылықтың белең алып қалатынын жасырмады. Алайда Қапшағай қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Рауан Жамағатов биыл су тапшылығы болмайды деген сенімде.

– Қапшағай өңіріндегі егіс алқаптары Қапшағай су қоймасынан насос арқылы сорылып алынған сумен суғарылады. Өткен жылы су деңгейінің түсіп кетуіне байланысты насостардың су тарту қуаты азайып, біраз қиындық болды. Алайда бүгінгі таңдағы су деңгейі жылдағыдан жоғары. Оның үстіне биыл 5 насос стансысын толық іске қосуды көздеп отырмыз. Оларға су келетін көздер тазаланып, бәрі реттелді. Мамыр айынан бастап су бере бастаймыз, – деді ол.

Қос өңірдің де шаруа қожалықтары ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын жаңартып,  егістікті тиімді пайдалану, топырақты қорғау жүйесін тиімді игеруді қамтамасыз ету, өсімдікті зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау, тыңайтқыштар, гербицидтер, суармалы су беру қызметтерін субсидиялауға қатысты жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына куә болдық.

Қажет АНДАС

Көксу ауданы

Қапшағай қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.