Талдықорған: +28°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНДЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ ЕЛДІ МЕКЕНІ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

30.08.2022
ЭКОНОМИКА
КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНДЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ ЕЛДІ МЕКЕНІ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Конституция күнінде Жетісу облысында ауылдық жердегі 2 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алды. Осы күні қуанышқа кенелген Ескелді ауданы Өрқусақ ауылы мен Талдықорғандағы Пригородный мен 3-ші бөлімшеге Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы барды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрқусақ ауылында тұрғындарды құттықтаған облыс басшысы елдің тұрмыс сапасын жақсартуда ауызсу, жол, газ, тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту, әлеуметтік нысандар салу секілді игіліктер алдыңғы орында тұратынын айтты. Мемлекет басшысының атқарушы органның алдына қойып отырған басты міндеттері де осы.

— Өткен аптада газ Мұқырыға берілген, бүгін, міне, сіздердің ауылға жеткізіліп отыр. Сол сияқты осы күні Талдықорған қаласындағы Пригородное ауылы мен №3 бөлімше тұрғындары да осындай қуанышқа кенеліп отыр. Биыл 19 ауылға, келесі жылы 20 ауылға газ қосамыз. Талдықорғаннан әрі газ құбыры Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов аудандарына тартылады. Сөйтіп, 2024 жылы газбен қамту 41 пайыз, 2025 жылы 53 пайызға жеткізіледі. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Газбен бірге үйлеріңізге жылы шуақ кірсін, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың газ қазандығының бағасын 10 айға бөліп төлеуге мүмкіндігі бар. Ал бұл ауылға газ жүйесін жүргізуге жергілікті бюджеттен 80,2 млн.теңге жұмсалған.

Ескелді ауданын газдандыру толық аяқталған жоқ. Қазіргі кезде Қарабұлақтағы 3177 абоненттің 1218-і газға қосылған. Бақтыбай, Алдабергенов, Екпінді ауылдарында газ жеткізу құбыры мен газ тарату желісінің құрылысы, М.Байысов, Көкжазық, Теректі, Қаратал ауылдарында да газ тарату желілерінің құрылысы жүріп жатыр. 7 ауылға — Шымыр, Жетісу, Жастар, Жаңалық, Абай, Өтенай, Ешкіөлмес ауылдарына газ жеткізу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Осы күні газға Талдықорған қаласы маңындағы 2 елді мекен де қол жеткізді. Олар — 300-дей тұрғыны бар Пригрородный және 1150 адам тұратын 3-ші бөлімше.

«Іргеміздегі Талдықорғанға газ келгелі біраз болған. Бізге де құбыр тартса деп армандап едік, бүгін арманымыз орындалды. Осы іске атсалысқан азаматтардың бәріне алғыс айтамыз. Тұрмысымыз жеңілдейтін болды. Біз үшін мерекеге үлкен сый болды», — деді Пригородный ауылының тұрғындары.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде Талдықорғанның 54 мыңнан астам абонентіне газға қосылуға мүмкіндік жасалды, соның 30 мыңнан астамы бүгінде көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

— Біз қала маңындағы елді мекендерге табиғи газ жеткізуге ерекше көңіл бөлеміз. Бүгіннің өзінде 2 мыңдай тұрғынға газға қосылуға мүмкіндік жасалды. Әзірге Жетісу облысында елді мекендерді газдандыру деңгейі 10%, яғни, 250 мыңдай абоненті бар 19 елді мекенге газ тартылды, — деп Б.Исабаев.

Атап өтсек, бүгінгі күні 30 метрге дейінгі қашықтыққа газ құбырын тарту газ қазандығының бағасын қоспағанда орта есеппен 130-150 мың теңгеден аспайтын қостыру құнын белгілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы күні облыс басшысы Қарабұлақтағы су жинағыш нысанның реконструкциялау жұмыстарымен де танысты.

***

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы Пригородный мен 3-ші бөлімше тұрғындарына да арнайы барып, көгілдір отынға қосылған шаңырақ иелерін құттықтады.

Өз сөзінде Бейбіт Өксікбайұлы бүгін Ескелді ауданы Өрқусақ ауылы тұрғындарының газға қосылғанын, жағдайы төмен отбасыларға газға қосылу құнын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес кешенді газдандыру аймақтық бағдарламасы аясында Жетісу облысын көгілдір отынмен толық қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуда. Ал Талдықорған қаласын газдандыру 2017 жылы басталған.

Пригородный ауылының тұрғыны Элмира Қасенова:

– Мереке күні үлкен қуанышқа кенеліп жатырмыз. Ауылымыз жылдан-жылға көркейіп келеді. Енді, міне, табиғи газға қосылдық. Сіздерге алғысымыз шексіз. Еліміз өркендей берсін. Барлықтарыңызды айтулы мерекемен құттықтаймын, – деді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.