Талдықорған: +18°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Кірпіш шығаратын заманауи зауыт

31.03.2018
ЭКОНОМИКА
Кірпіш шығаратын заманауи зауыт
WhatsAppTelegramFacebook

Көпсалалы «BTK GROUP» компаниясы құрылысқа қажет заманауи кірпіштер – жылу блоктарын шығарумен айналысады. Күн санап ішкі нарықта зауыт өнімдеріне деген сұраныс көлемі арта түсуде. Кезекті іссапарда еуропалық технологиямен өндіріліп жатқан кірпіштердің құрылыс жұмыстарындағы артықшылықтарымен таныстық. Олардың қалай дайындалып жатқанын көзбен көріп, көңілге түйіп қайттық. 

Іле ауданына қарасты М.Түймебаев ауылында орналасқан зауыт аумағына кіргеннен-ақ жинақылықты аңғарасыз. Өндіріс цехы, зауыт әкімшілігі, оқу-өндірістік бөлімі, жұмысшыларға арналған жатақхана бір-біріне жалғасып, үйлесімді орналасқан. Бізді зауыт директоры, облыстық мәслихат депутаты Тоқан Ботабеков қарсы алып, таныстыруды ең алдымен оқу-өндірістік бөлімінен бастады.
Ғимаратқа енген кезде алдымен әдемі қалыпта қаланған кірпіштер көзге түсті. Сол арқылы үй керегелерінің сұлбасы бейнеленген. Кірпіш құрамына кіретін шикізаттар – құм, әк, гипс және алюминий пудрасына дейін осында. Тоқан Көкенұлы әңгімесін бүгінгі күн талабына сай атқарылып жатқан жұмыстан бастады.
– Қазір алдымен тұтынушыға қызмет жасау керек. Кірпішке қызығушылық танытқан адамды осы жерге әкеліп, істің жай-күйімен таныстырамыз. Бизнестің адал және ашық болғаны екі тарапқа да тиімді, – дейді Тоқан Ботабеков.
Сату бөлімінің қызметкерлері Айтбек Айтқали, Нұртас Айнабеков және Олжас Ботабековтердің айтуынша, жылу блоктарының пішіні әртүрлі. Тұтынушылар өздері таңдаған кірпішке тапсырыс береді. Бұл жердегі өнімнің басқа кірпішке қарағанда артықшылығы бар. Біріншіден, ол өте төзімді. Жерге тастасаң да оңайлықпен сынбайды. Суық өткізбейді. Кез келген ауыр жиһазды көтеруге қауқары жетеді. Сондай-ақ, бұл кірпішпен үй салған кезде бұрыш-бұрышына арматурадан колонна тоқудың керегі жоқ. Құмсылақты да қажет етпейді. Осында отырған мамандар тұтынушыға салатын үйінің көлеміне қарай неше кірпіш кететінін дәл есептеп береді. Яғни, артық шығынға жол жоқ.
Әрі қарай зертхана бөліміне бас сұқтық. Мұнда бізді лаборант Назгүл Манғышева күтіп тұрды. Зертханада кірпішке қажет шикізат құрамын және дайын өнімнің сапасын тексеретін заманауи құрал-жабдықтар орналасқан. Мұндағы әр қондырғының өзіне тән қызметі бар. Соның арқасында зауыттағы технологиялық үдерістер өз қалыбынан еш ауытқымай, сапалы кірпіш шығаруға мүмкіндік алады.
Одан кейін өндіріс цехын көрдік. Өндіріс орны болғандықтан мұнда жұмысшылардың қарбалас тіршілігі бар шығар деп ойладық. Бірақ ондағы жағдай біз күткендей болмады. Санаулы адам ғана жұмысты техника арқылы реттеп тұр. Бәрі автоматтандырылған. Яғни, кірпішке қажет шикізатты қалыпқа құю, кептіру және белгілі бір өлшемге сай етіп кесу жұмысын автомат қондырғылары атқарады. Жұмыс үдерістері компьютер арқылы басқарылады.
– Әрине, алғаш шетелдік техникалардың тілін табу оңай болған жоқ. Арнайы мамандардың көмегіне сүйендік. Бірте-бірте өзіміз де тәжірибе жинадық. Қазір жігіттеріміз жұмысты еркін меңгеретін дәрежеге жетті, – дейді зауыттың бас механигі Мұхтар Ханназаров. Кірпіштер 2500 градус ыстықта күйдіріледі. Соның арқасында құрылыс материалының құрамындағы зиянды зат тұтас жойылады. Экологиялық таза материал болатыны сондықтан.
– Зауытта барша қызметкерге оңтайлы жағдай жасалған. Түскі ас талапқа сай әрі бағасы да арзан. Жалақы өзімізге жетеді. Мұндағы мамандар мен жұмысшылар арнайы салынған зауыт жатақханасында тұрады. Бастысы, біздің ұжымда құрмет пен сыйластық, береке мен бірлік қалыптасқан, – дейді зауыт операторы Бекзат Бегманов өз ойын ортаға салып.
Әрине, аталған компания осынау жетістікке бір күнде жеткен жоқ. Оның тарихы әріде жатыр. Енді сол жайында әңгімелеп көрейік. Мәскеудегі С. Орджоникидзе атындағы басқару институтында жоғары білім алған Тоқан Ботабеков Алматыдағы алып құрылыстарда шыңдалды. «Алматыжилстрой» тресінде қарапайым прорабтан құрылыс-монтаж басқармасының бастауыш партия ұйымының жетекшілігіне дейін көтерілді. Кеңестік кезеңде ауылдан шыққан түлектің өсуі оңай болмайтын. Ол өзінің білім-қабілетін баршаға мойындата отырып, намысқа қамшы басқаны әлі есінде.
Құрылыс саласының білікті маманына енді айнала бастаған тұста Кеңес өкіметі тарады. Экономикалық қатынасқа нарықтық жүйе енді. Сол шақтарда жас мемлекеттің қазынасында қаржының қалмағаны айтпаса да белгілі. Ол «өтпелі кезең» деген атпен тарихта қалды. «Өз күнін өзі көрудің» сынағын бастан кешіруге тура келді. Елім деген ерлердің қайратқа мінетін сәті осы кез.
– Қаржы тапшылығы біздің тресті де тұралатты. Енді не істеу керек? Жомарт, Олег, Серік деген жолдастарыммен бірігіп «ЖОСТ» деген шағын кәсіпорын құрдық. Бір күні туысым Нұрылда Нұрғалиевті кездестірдім. Аз-кем отырып ой бөлістік. «Әрине, сенің бастамаң дұрыс. Бірақ бұл саған биік мұрат бола алмайды. Үлкен мамансың. Меніңше, соған сай кесек қимылдағаның жөн. Ауыл маңында «Южный СМУ» кәсіпорнының жері бос тұр. Тәуекелге бел буып соны сатып ал. Қазір ешкімнің оған қарайтын шамасы жоқ. Сондықтан бағасы да қымбат болмауға тиісті», – деді ол. Үйге барып ұзақ ойландым. Бизнес жоспар жасап, оның кіріс-шығысын есептедім. Байқап қарасам, Нұрылда бауырымның сөзінде қисын бар секілді. Сөйтіп 14 гектар жер теліміне «Үй құрылысы» компаниясы ЖШС құрдық, – дейді Тоқан Көкенұлы өткен күндерді еске алып.
Бұл 1996 жыл еді. Сол кезде олар құрған зауыт күніне небәрі 8 мың кірпіш шығарған. Жұмыс ең қарапайым тәсілмен жүргізілді. Тапшылық не істетпейді, электрдің түнгі тарифы арзанырақ болған соң жұмысты түнде істеуге мәжбүр болыпты. Бір қуанарлығы, кірпішті сатып алушылар табылып жатты.
2000 жылы мұнда 45 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Күніне 26 мың кірпіш шығарылды. Дөңгелек пеш орнатылып, кептіру цехы іске қосылды. Зауыт енді жыл он екі ай тоқтамайтын болды. Сонымен қатар кәсіпорын «ИП Ботабеков» деген жаңа атауды иеленді.
Сол жылдары серіктестік жанынан еншілес кәсіпорындар ашылды. Олар жер қазу, ескі құрылыстарды бұзу, құрылыс алаңдарын тегістеу, тіпті, үйлер салумен айналыса бастады. Алматыдағы «Ақбота», «Гольф клуб», «Нұрлы тау» секілді кешендерді жасауға қатысты. Бірқатар қала мен аудан орталығына су құбырын тартуға араласты. «Көксарай» су қоймасын салуға қатысты. Республикалық маңызы бар жолдардың құрылыстарына үлес қосты. Бұл ұжымның одан әрі жандануына себеп болды.
Тоқан Көкенұлының бойындағы арман мен құштарлық оның шабытына шабыт қосты. Ізденуден жалыққан емес. 2006 жылы үшінші зауыт толық механикаландырылды. Жылына 10 миллионға дейін кірпіш шығару мүмкіндігіне ие болды. Енді әлемдік тәжірибелердің құпияларына үңілуге кірісті. Алайда ешкім өзінің әдіс-тәсілін алақанға салып біреуге бермейді. Оған зерттеу мен зерделеудің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Кәсіпкер осыны қапысыз ұқты.
– 2012 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен халықаралық құрылыс көрмесіне қатыстым. Бәрін асықпай араладым. Көргенімді көкейге түйдім. Онда қытай мен немістердің бірлескен компаниясы бар екен. Әрине, артықшылық көп. Мұндай инновациялық зауытты елде тездетіп ашар ма еді деп армандадым. Ол үшін қыруар қаржы керек. Сөйтіп жүргенде 2014 жылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры «Өнеркәсіп 2» бағдарламасын іске қосты. Нәтижесінде 200 миллион теңге несие алуға мүмкіндік туды. Бұл қаржыға 800 мың тонна темір, 12 машина, 40 тонналық 20 контейнер сатып алдық. Қытайдан шақырылған 8 инженер бізге қол ұшын беріп, зауытты жаңаша салуға көмектесті. Соның арқасында өндіріс орны заманауи техникамен жарақтанған кәсіпорын болып шықты. Енді жыл сайын 250 мың текше метр жылу блоктарын қиналмай шығаратын деңгейге жеттік, – дейді Тоқан Көкенұлы.
Кәсіпкер зауыт жұмысымен қатар елдік шаралардың да ұйытқысы болды. Райымбек батырдың 300 жылдығын, мемлекет қайраткері Нұрбопа Өмірзақов атамыздың 90 жылдығын, Райымбек ауданының 80 жылдығын өткізуге белсене қатысып, демеушілік көрсетті. 
– Жетісу аймағы жыл сайын гүлденіп, өркендеп өсіп келеді. Осынау игі жұмыстың басында облыс әкімі Амандық Баталовтың жүргенін мақтанышпен айтуға болады. Бәріміздің ортақ тілегіміз – елдің көркеюі. Сондықтан, облыстық мәслихат депутаты ретінде бүгінгі өзекті мәселелерді шешу ісіне белсене қатысуды қалаймын. Әсіресе, жастар саясатының ойдағыдай жүзеге асуын қамтамасыз ету маңызды міндет. Өйткені, болашақ – жастардікі, – дейді Тоқан Көкенұлы. 
Кәсіпкердің еңбектері мемлекет тұрғысынан да ойдағыдай бағаланып келеді. Бірқатар медальмен марапатталғаны соның дәлелі. Іле ауданының Құрметті азаматы атанғаны тағы бар. Сөзі мен ісі үйлескен, білімді де білікті іскер азаматтардың қатары көбейе түссе қандай ғанибет?! Біз М. Түймебаев ауылынан осындай әсер алып қайттық.

Болат МӘЖИТ
Іле ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.