Талдықорған: +22°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«СӘБІЗ» КУРСЫ: БАҒА ЫРЫҚҚА КӨНБЕЙ ТҰР

24.06.2021
ЭКОНОМИКА
«СӘБІЗ» КУРСЫ: БАҒА ЫРЫҚҚА КӨНБЕЙ ТҰР
WhatsAppTelegramFacebook

Дәл қазіргі жағдайда азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты мәселе күн тәртібінен түспей тұр. Соған орай Талдықорған қаласындағы базарларға арнайы барып, ондағы бағаларды өзара салыстырып, шағын журналистік зерттеу жүргізіп қайттым. Сонымен, халық жиі баратын «Калпе», «Көк базар», «Қарағаш» және халық аузында «оптовка», «коммуналка» аталып кеткен базарлардағы бүгінгі бағаның жайы қандай? Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкен сөрелерінде жеткілікті ме? Жалпы, базардағы баға туралы тұрғындардың да пікірін білдік. Сонымен…


Өзіміз жүргізген рейдтің нәтижесін баяндасақ, алдымен, таңертеңгілік уақытта орталық базарға бас сұқтық. Бізді тұрғындар күнделікті тұтынатын нан, қант, күріш, ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоптың бағасы қызықтырды. Мысалы, «Калпе» сауда орталығында «Сәлем» маркалы макарон өнімінің бағасы 600 теңге. Ал сұранысқа ие жоғары сортты «Пионер» ұнының 50 келілігі 7800 теңге болса, 25 келісі 4000 теңгеден. Бірінші сорты 1000 теңгеге арзан. 

Десек те,  біз басты назарды қызанақ, қияр, картоп, сәбіз сынды күнделікті қажетті азық-түлік бағасына аудардық. Өйткені сәбіздің келісін жоқ дегенде 550-600 теңгеге аласың. Жұртшылық ақшаны доллар курсымен емес, «сәбіз» курсымен есептеп те жүр екен. Картоп болса 300 теңге, сарымсақты 150 теңгеге іздеп жүріп табасың. 

«Қарағаш» сауда орталығындағы баға да ырыққа көнбей тұр. Бұл жерде тауар тіптен қымбат. Сатушы да «Алтын Ордадан сондай бағаға әкелемін. Үстінен 50 теңге ғана қосамын», – дейді. Шынымен де солай ма? Анықтау үшін Алматы қаласындағы «Алтын Орданың» бағасын сұрастырған едік. Сонымен, «Алтын Ордада» бөлшек саудада картопты 230, сәбізді 400, пиязды 85, қызанақты 300, қиярды 250 теңгеге сатып аласың. Ал, көтерме сауданың бағасы бұдан төменірек. 

Бағаның тұрақты болмауын сатушылардан да көре алмайсың. Өйткені, олар сырттан келетін тауар бағасының жоғары болуы ішкі нарықтағы тұрақсыздықты туындататынын алға тартады. Мұнан соң қарапайым саудагерді кінәлау қиынға соғады. Ол күнделікті табысын айыруы керек. Оның сыртында сауда жасап тұрған орнына төлейтін пұлы, өнімді жеткізуге кететін шығыны бар, солардың бәрі түптеп келгенде тұтынушыға қойылатын бағаға ықпал етеді.

Қымбатшылық бір ғана себептен туындамайды. Оның бірнеше қосымша себеп-салдары болатыны түсінікті. Базар салты бойынша алынған тауар өтуі керек, шығынын ақтауы керек. Сол себепті баға бүгін, ертең төмендей қоймас деп ойлаймыз. 

Біз барған сауда орындары ішінде «Калпе» базарында қант қымбат болып шықты. Яғни, Көксу қант зауытынан шығатын 25 келілік шекер құны – 7600 теңге. Былтыр тура осы қантты 6500 теңгеден алуға болатын еді. Өзіміздің аймақтан шығарылатын шекердің мұншалықты неге қымбаттап бара жатқанын білмек болдық. Көксу қант зауытының басшысы Алтынбек Абатұлы «коммерциялық құпия» екенін айтып, мардымды жауап бере алмады. 

– Саудагер бізге келіп, келісімшартқа отырады. Арнайы құрылтайшылар бар. Нарық, биржа деген бар. Баға былтырғыға қарағанда бізде де қымбат. Жанармай, кокс бағасы көтеріліп кетті. Зауыттан бөлшек саудамен ала алмайды. Тек 100, 200 тонна керек десе, келісімшарт жасалынады, – деді ол. 

Өздерін ерлі-зайыптымыз деп таныстырған Елжан мен Аяулым қажетті азық-түлікті осы базардан және орталық базардан алатынын айтты. Аяулымның айтуынша, базардағы бағаға аса мән бермейді екен. Бірақ, аяқ астынан қымбаттаған ұн, май, қант бағасына алаңдағанын жасырмады. Оның үстіне жеміс-жидекке сұраныс артып тұрған уақытта баға түскеннің орнына қымбаттағанына да алаңдаушылық білдірді. Балалары жесін деп күнделікті қызанақ, қияр алып отыратын олар оның бағасы күрт өскендігін жеткізді. 150-300 теңгеден алып жүргендері 250-500 теңгеден тұр. «Кеше ғана қызанақты 300 теңгеге алып едім. Бүгін 350-ден кемі жоқ. Баға түседі ме десек, көтеріліп келеді», – дейді олар. 

Тағы бір қала тұрғынын сөзге тартқанымызда: «Сенбі күні «коммункалкаға» үнемі келемін. Орталық базар немесе сауда орындарына қарағанда 5-10 теңгеге болсын арзанға алуға болады. Үйім осы маңайда болғандықтан жәрмеңкеге келген ыңғайлы. Оның үстіне демалыс күні. Әрине, бағаның арзан болғаны жақсы, алайда оған сатушыларды кінәлай алмаймыз ғой. Десе де бір жетінің ішінде сұраныстағы азық-түлік қымбаттап үлгерді. Мысалы, сәбіздің келісін 150 теңгеден алып жүрдім. Енді 450-500 теңге дегені сұмдық қой. Импортталатын бананның құнымен бірдей болып тұр. Уақытша сәбізсіз тамақ істей тұрамыз. Өзі аз айлықты қайда жеткізеріңді білмей тұрғанда…», – дейді Лаура Бодықбаева. 

Біз кірген «Small» мен «Magnum», «Toimart» сауда орындарында тауар бағалары айтарлықтай өспеген. Дегенмен бұл жерде де сәбіздің бағасы аспандап тұр. Есесіне орамжапырақтың келісін 65 теңгеден аласың. «Мұның барлығы уақытша, алдағы уақытта бәрібір тауар бағасы қайта өсетін болады», – дейді сол жерден азық-түлік алып жүрген тұрғындар. 

Күріш өсіретін, қант шығаратын аймақта отырып оларды неге қымбат бағада аламыз? Жол шығыны дейтіндей сырттан әкелінбейді ғой. Керісінше, әлдеқандай сылтаулар күн тәртібіне шығып, «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарсаның» кебін киюге мәжбүр болғандаймыз. Әйтпесе елімізде азық-түлік, көкөніс пен жеміс-жидек, дәнді дақылдың жаз айында қымбаттайтынына не себеп? Керісінше, бағалары дәл осы кезде түсуі тиіс емес пе? Көп сұрақтың біреуіне болсын жауап іздеп ауылшаруашылық, кәсіпкерлік басқармаларына хабарласып та көрдік. Біріне бірі сілтейді. Осылайша, көп қоңыраудың бірі қалалық кәсіпкерлік бөліміне түсті. Бөлім қызметкерлері бүгінде облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және статистика басқармасымен бірлесе әлеуметтік маңызы бар 19 атау бойынша баға мониторингі жүргізілетінін жеткізді. 

Мониторинг нәтижесінде 1 категориялы жұмыртқа 29,4 пайызға, күнбағыс майы 29,4 пайызға, сәбіз 19,3 пайызға және картоп 26,6 пайызға өскен. Картоп пен сәбіздің қымбаттауына ерте өсірілген өнімге бағаның өсуі себеп көрінеді. Айта кетерлігі, биыл картопты 40.4 мың гектар жерге егу жоспарланып, 40.7 мың гектар жерге егілді. Жалпы былтырғы жылмен салыстырғанда алқап көлемі 353 гектарға ұлғайды. 

Аймақта «Жетісу» әлеуметтік корпорациясының құзыреттілігінде тұрақтандыру қоры бар. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингінде айтқан еді. Осы бағытта 2020-2021 жылдарға 3 млрд. теңге де бөлінген (2020 жылы – 2 млрд.; 2021 жылы – 1 млрд.). Оның ішінде 2,3 млрд. теңгесі кәсіпкерлік нысандарына несиеге болса, 0,7 млрд. теңгесі аймақтың сақтандыру қорына тауар сатып алу үшін. Баяндамада: «Аймақтық тұрақтандыру қорына 7 атау бойынша 8667,2 тонна азық-түлік сатып алынды. Оның ішінде 1 сортты ұн, күріш, күнбағыс майы, қант, картоп және сарымсақ бар. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 770,4 тонна өнім қалды. Бюджеттен қосымша 700 млн. теңге айналым жүйесіне және 400 млн. теңге тұрақтандыру қорын толықтыру үшін бөліну көзделіп отыр», – делінген.

Азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруға немесе ретсіз көтерілмеуіне жауапты қала, аудан әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, ветеринария басқармалары, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұл мәселені дер кезінде қолға алып, науқаншылдыққа жол бермесе, мұндай келеңсіздіктер орын алмас па еді деген ойда қаласың. 

Сенбілік жәрмеңкеде арзан болатын шығар деген оймен жұрт аузындағы «коммуналкаға» да бардық. Күнделікті бөлшек саудадан айырмашылығы жоқ. Тұрақтандыру қорынан қанттың келісін 200-210 теңгеге алуыңа болады. Соның өзінде бір қолға екі келіден артық берілмейді. 

Міне, Талдықорғандағы біз аралап көрген сауда орындарындағы жағдай осындай. Бұл жерде жергілікті әкімдік тек ірі супермаркеттердегі тауар бағаларына ғана бақылау жүргізген секілді. Ал базардағы баға ырыққа көнбей тұр. Сондықтан жергілікті билік тек ірі сауда орындарындағы бағаны бақылауға алмай, базардағы бағаларға да көз қырын салып қойса құба-құп болар еді. Бірақ ондағы сауда жасаушылар әкімдіктің ұсынысына көне қояр ма екен? Әй, қайдам… Оған тиісті орындар кезінде жұмысын тоқтатуға тырысқан «жабайы сауданың» өзі мысал болып тұрғандай. 

Еңлік АРЫҚБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.