Талдықорған: +23°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ҚҰРУ — АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ БІРДЕН-БІР КЕПІЛІ

27.01.2021
ЭКОНОМИКА
ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ҚҰРУ - АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ БІРДЕН-БІР КЕПІЛІ
WhatsAppTelegramFacebook

Шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру – ауылды дамытудың кепілі. Ең бастысы, ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындары ашылып, өндірілген өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізудің мүмкіндігі туып отыр. Кооператив құрудың тиімділігін білу мақсатында «Көкжазық» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Нұрбол МАРАТҰЛЫМЕН аз-кем тілдескен едік. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

– Нұрбол Маратұлы, кооператив құрып, оған бірігудің маңыздылығы неде? Біз оған дайынбыз ба?

– Бұл мәселені шешудің әлі де болса жергілікті жерлерге бейімделген сара жолы табылмай келеді. Осы жөнінде әңгіме қозғалса, көбі шет елдердің тәжірибесіне жүгінеді. Әрине, олардың кооператив қозғалысын дамытудағы жетістіктері орасан зор. Ондай деңгейге олар бірте-бірте, ондаған, тіпті, жүздеген жылдар ішінде жетті емес пе? Біз болсақ солардың үлгісін тез арада өзімізге енгізбекпіз. Бірақ оған қоғам дайын ба, жергілікті жерлердегі жағдай шетелдік үлгіні қабылдай ала ма деген сұрақтарға жауап жоқ. Сол себептен де осы бағытта істелген жұмыс нәтижесіз аяқталуда.

– Кооператив құру арқылы ауыл халқының жағдайын жақсартуға қатысты құрған жоспар мен көтерген бастамаларыңыз құптарлық. Өз кезегінде сіздің кооперативке біріккен шаруа қожалықтары не ұтады?

– Бұл жерде идеямыз да, ниетіміз де дұрыс бағытта екенін айта кеткім келеді. Мысалы, сіз шаруашылық иесісіз. Сіздің қол астыңызда 5-6 ірі қара бар. Содан күнделікті сүт айырып, нәпақа тауып отырсыз делік. Ендігі кезекте мал басын асылдандырып, субсидия аламыз деген жоспарыңызға қаражат жеткіліксіз. Біз өз тарапымыздан малды асылдандыруға көмектесіп қана қоймай, субсидияға қолжетімділік жағын қамтамасыз етеміз. Өйткені, салиқалы несие саясаты мен инвестициялық кооперативтер үшін қолжетімді болу жағы – бірінші кезектегі мәселе. Сондай-ақ, сүт, ет өткізуге де көмек қолын созамыз.

Айта кетерлігі, қоғамды бір идея төңірегіне жинау оңай шаруа емес. Әр адаммен жеке кездесіп, оған бірігудің тиімді жолдарын тәптіштеп түсіндіру ісін қолға алып, бастап та кеттік.

– Ендігі кезекте идея қалай жүзеге асып жатыр?

– Біз бағдарламаны Алматы облысында жүзеге асыруды қолға алдық.

Кооперативіміздің құрылу тарихын қысқаша айта кетейін. Ең алдымен: «Ауыл тұрғындарының бірігіп жұмыс істеуі үшін нақты не істеу керек және кооператив құрылған жағдайда, оның тұрақтылығын қалай қамтамасыз ете аламыз?» – деген екі сұраққа жергілікті жағдай мен халықтың ойын бір-бірімен үйлестіре отырып, жауап іздедік.

Басты білгеніміз – кооператив құруда алғашқы қадамды адам емес, мемлекет не меценат жасауы тиіс. Иә, бұл істің байыбына барып, түсіну қиын. Десе де, осынау заманда: «Алдымен қосылыңдар, сосын барып керек-жарақтарыңды алып береміз», – деген уәде бос сөз болады. Сондықтан, іске кірісу үлкен рөл ойнайды.

Біз кооператив құру туралы ойымызды жүзеге асыруға кірісе бастадық. Содан жергілікті билік өкілдеріне бардық. Мәселенің анық-қанығын айтып, түсіндірдік. Түсінді. Қолдады. Сөйтіп, 2017 жылы жобамызды қағазға түсіріп, жұмысты бастап кеттік.

– Халықты кооперативке тарту үшін оларды сендіріп, көзі жететіндей бір нақты дәлел немесе ұстаным қажет шығар?

– Кооператив жұмысында төрт принципті негізге алдық. Біріншісі – қанағат. Екінші принцип – жауапкершілік пен абырой. Кооператив пен ауыл тұрғындарының арасында жасалатын келісімшарт сенімді болу үшін берген уәдені бұлжытпай орындау қажет. Үшінші принцип – технологияны дәріптеу. Бордақылау да, малды өрісте өсіру де заманауи талаптарға сай болуы шарт. Төртіншісі – ауыл тұрғыны үшін табысты ұлғайту мүмкіндігінің болуы. Яғни, мал өткізумен ғана шектелмеу. Әрі қарай, кооперативтің көмегімен арзан несиеге қол жеткізіп, оған қосымша мал алып, кооперативтің қызметін пайдалану арқылы кіріс көлемін еселеу маңызды. Бұл енді алдағы күндерімізге маңдай түзеген темірқазық жоспарымыз.

Жалпы, кооператив бастамасын халық бұрынғы ұжымдастырумен (колхоздастырумен) шатастырады. Бұл екі істің тіпті ортақ жері де жоқ. Ешкім де өз меншігін мемлекетке өткізбейді.

Қазір біздің кооперативтің ауқымы кеңейіп келеді. Халық тарапынан қызығушылық та көбейді. Осыған байланысты мал шаруашылығымен бірге көкөніс өсіру бағытын да қолға алдық. Жылыжаймен шұғылданатындар тарапынан бәріміз бірігіп, тауарымызды бір маркада шығарайық деген ұсыныстар түсті. Әйтпесе бүгінде сауда жасаушылардың көпшілігі түнгі базарлармен шектеліп қалды. Сондықтан, бір марканың төңірегінде бірігудің, көкөніс шаруашылығын да үлкен нарыққа еш кедергісіз шығарудың маңызы зор.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен – Еңлік АРЫҚБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026
Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.