Талдықорған: +24°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚОНАЕВТА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

31.07.2022
ЭКОНОМИКА
ҚОНАЕВТА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВТІҢ «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы басшылығымен кездесуінде Алматы агломерациясы энергетикасындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жайы талқыланды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің сайты хабарлады.

Қазақстан энергетикасындағы жаңа жобалар аяқталу сатысында. «Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде келешекте және бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан жиынтық сомасы 2 трлн-нан астам сомадағы қаржы игерілуде.

Бұл соманың жартысынан астамы Алматы облысы мен Алматы қаласындағы бірқатар ірі жобаларға тиесілі. Өңір басшысымен кездесуде мұндай мәліметті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серік Түйтебаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Самұрық-Энерго» Қазақстанның энергия жүйесінде стратегиялық орынды иеленеді. Компанияда биыл және алдағы жылдары шешімін табуы тиіс негізгі міндеттердің бірі — ел энергетикасындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету бағытында қабылданып жатқан шараларды қолдау.

Облыста жасыл энергия өндіру үшін көптеген табиғи мүмкіндік бар. Еліміздің оңтүстік өңірлерінің, оның ішінде, Алматы облысының энергия тапшылығын жою мақсатында «Самұрық-Энерго» ЖЭК (жаңартылған энергия көзі) нысандары жобаларын іске асыруда.

«Бұдан басқа, біз өңірдің өнеркәсіптік, туристік және әлеуметтік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында қуат беру және электр энергиясын қосу мақсатындағы энергия нысандарымен жұмыс істейміз», — деді «Самұрық-Энерго» басшысы.

Кеңесте «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы энергия кешеніне кіретін ұйымдарының өндірістік қызметі таныстырылды. Сондай-ақ компанияның осы аумақта энергетика саласы бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен олардың болашақтағы жұмысы және Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және Алматы облысындағы ЖЭО-3 (жылу электр орталығы) нысандары үшін газ инфрақұрылымы жөніндегі жоспарлар қаралды.

Облыста жүзеге асырылатын жобалар сөз болғанда, Шелек дәлізіндегі қуаты 60 МВт, ал келешекте 300 МВт-қа дейін кеңейтілетін жел электр стансасының құрылысы айтылды. Жаңа станса жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына 226 млн.кВтс электр энергиясын өндіруді және көмірсутек отынын қолданбай-ақ электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Мойнақ ГЭС-інде электр энергиясын өндіруді жылына 100 млн.кВт/сағатқа ұлғайту сөз етілді. Жоба Кеңсу өзені ағынының бір бөлігін Бестөбе су қоймасына бұруды көздейді, бұл Алматы өңірі үшін қуатты реттеу мүмкіндігін кеңейтеді. Іле өзенінде контрреттеуші Кербұлақ СЭС-ін салу жобасы да бар. Оны іске асыру Қапшағай ГЭС-інің реттеуші қуатын 80-нен 150 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сол сияқты облыста қуаты 310 МВт ЖЭС, СЭС құрамдастырылған стансасын салуға жоба жасалған. Ол электр қуатын ең жоғары жүктемелерге теңестіру мүмкіндігімен парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған.

Жиында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО жаңғырту жайы слайд арқылы түсіндірілді. Ескі алаңда жаңа станса салу ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіру есебінен Алматы қаласының экологиялық жағдайына теріс әсерді төмендетеді.

Тағы бір жоба – стансасының қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту. Жоба Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі маневрлік қуаттардың тапшылығын ішінара жабу үшін стансада бу-газ жабдығын орнатуды көздейді. Келесі жоба – Қаскелең ҚС АТҚ-ға қосу арқылы «Көкөзек» қосалқы стансасын салу. Мұның жүзеге асуы өңірде «Боралдай» индустриалдық аймағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін реттелетін қызмет көрсету үшін қажетті бос қуаттардың тапшылығын жабуға мүмкіндік береді. Алматы қаласы мен облысының кабель желілерін жаңарту жобасы да маңызды. Оның аяқталуы желідегі ысыраптардың азаюына және апаттық істен шығудың қысқаруына әкеледі.

Компания мамандары атап өткендей, жаңартылатын энергия көздерін дамытуда облыс үлкен әлеуетке ие. Айталық, Шелек энергия торабы желілерін дамыту жобасы ТЭН-ге (техника-экономикалық негіздеме) сәйкес Шелек торабы ЖЭК объектілерінің жалпы берілетін қуаты — 603.7 МВт-ны көздейді. Жоспарда СЭС-28, СЭС-29, сондай-ақ «Көлсай» курорттық аймағын одан әрі дамытуға қуат беру және электр энергиясын қосу үшін «Саты» қосалқы стансасын салу көзделеді. Мұның бәрі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұзақ мерзімді жағдайлар жасайды.

Кеңесте электр желілері үшін жер учаскелерін сатып алуға, қаржыландыруға және тариф белгілеуге байланысты мәселелер қозғалды. Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жиынға қатысқан облыстық салалық басқармалардың басшыларына мәселені зерделеп, оңтайлы шешімін қарастыруды тапсырды.

Анықтама үшін айта кетсек, «Самұрық-Энерго» компаниясы өз қызметінің 15 жылы ішінде Алматы агломерациясында іске асырған неғұрлым ірі жобалардың қатарында қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС-ін, Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт бірегей күн стансасын, трансформаторлық қуатының жалпы өсімі 3500 МВА-дан асатын 38 қосалқы станса салған. Сондай-ақ кернеуі 220кВ электр желілерін салуы «KEGOC» АҚ 500кВ тірек қосалқы стансалары мен «АЖК» АҚ 220кВ тораптық қосалқы стансаларын біріктіріп, Алматы қаласының айналасында айналма жол құруға мүмкіндік берді.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Отанға адалдық – отбасынан

Отанға адалдық – отбасынан

06.05.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары тағайындалды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары тағайындалды

06.05.2026
Үстел теннисіндегі тарихи нәтиже

Үстел теннисіндегі тарихи нәтиже

06.05.2026
Елдос Сметов татамиге оралады

Елдос Сметов татамиге оралады

06.05.2026
Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен дайындық барысы пысықталды

Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен дайындық барысы пысықталды

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.