Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков пен әкімдіктің, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері Қонаев қаласының әкімшілік орталығындағы құрылыс алаңдарының уақытша қоршауларының стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді.
Аталған іс-шара Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құрылыс алаңдарының уақытша қоршауларындағы кемшіліктерді жою және оларды стандартқа сай келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өткізілді.
Мониторингтік топ бас мердігер «Кернеу-К» ЖШС болып табылатын Қонаев көшесінде салынып жатқан автокөлік жуу орнын аралады. Биылғы шілде айының соңына қарай басталған құрылыс-монтаждау жұмыстары қазан айының соңында бітуге тиіс.
Комиссия 5-шағынаудандағы бизнес-орталық аумағының қоршауын стандартқа келтіру сапасын тексерді. Оның мердігері – «Айтқұрылыс» ЖШС. Қаржыландырудың болмауына байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылған. Қонаев көшесіндегі коммерциялық нысанның мердігерлік ұйымы «Айтқұрылыс» ЖШС құрылысты ағымдағы жылдың 25 сәуірінде бастап, қазіргі уақытта нысанның жалпы дайындығын 95 пайызға жеткізген.
Мердігер «ТСК Тұңғыш» ЖШС 5-шағынаудандағы ветеринарлық клиниканы қоршау сапасы бойынша кемшіліктерді түзеді. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызы жүргізілген. 5-шағын ауданда салынып жатқан қонақүйді қоршау да ретке келтірілген. Мердігер ұйым «Казканстрой» ЖШС оны кесте бойынша ағымдағы жылдың 23 қарашасында тапсыруға тиіс. Құрылыс алаңының айналасына қоршаулар орнату стандарттарына сәйкестігі бойынша мониторинг өткендердің қатарында 4-шағынауданындағы сауда үй-жайлары бар тұрғын үй кешенін салып жатқан «NJ Qurylys» ЖШС бас мердігері бар.
– Қонаев қаласы аумағында салынып жатқан нысандар тізіміне сәйкес, 49 коммерциялық нысан бар. Оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары 32 нысанда жүргізілуде. Олар қаржыландырудың болмауына байланысты 8 нысанда тоқтатылды. 10 нысанның құрылысы басталған жоқ. Рұқсат беру құжаттарының болмауы себебінен 4 құрылыс тоқтатылды. Салынып жатқан нысандар мен олардың аумақтарының қоршауларын стандарттарға сәйкес орнату бойынша мердігерлік ұйымдармен жұмыс жалғасатын болады, – деп атап өтті Данияр Әбдібеков.
Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Қонаев қаласы,
Алматы облысы





