Талдықорған: +28°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қойлықтан шыққан құндылық

26.05.2026
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Қойлықтан шыққан құндылық
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ үшін төрт түлік жесе тамақ, ішсе сусын, кисе киім, мінсе көлік болған. Ол кездегі төрт түлікке байланған қазақ тұрмысын малсыз көз алдыңа елестету әсте қиын. «Мал өсірсең – қой өсір, табысы оның көл-көсір» дейді тағы да. Шопаната тұқымының қай өнімі де уағында кәделі болды. Жесе ет, ішсе сусын, кисе киім, ойнаса асық болған дәуір өткендей көрінеді. Қой сауып, қорғасын сүт ішкендер жоқ қазір. Асық ойнағанды кезіктіру мұң. Қырықтықтан соң жүнін шашау шығармай жиып алған қазақтың өзі ілеуде-білеу. Шыны сол, қазір қой азықтық төл болып тұр. «Алақойды бөле қырықсаң, жүнге жарымайсың» деген тәмсіл бар. Аласын да, қарасын да, ағында бөлмей-жармай қырқып, жүнді болғанымызбен, кәдеге жарымай отырмыз. Қоралы қой, отар-отар қоңырды өргізген жұрт тау-тау жүнді далада өртегенін көз көріп жүр. Жүннен жасалған бұйымға қызыға да, құныға да қарағандар аз. Дегенмен, сан ғасырлық баба жұрт дәстүрін өлтірмей, дрондар мен жасанды сана дәуіріне жеткізіп, ұлттық өндірістің өрісін кеңейтіп жүргендер бар. Бар болғанда, саусақпен санарлық. Олардың бірі һәм бірегейі – Элмира Ақпанова.

Кейіпкеріміз саусақпен санарлық этнодизайнерлердің бірі. Ол күллі әлемді емес, кешегі данышпан һәм табиғатпен біте қайнаса күн кешкен қазақтың баласына «киізден көйлек кигізсем» деген арманы бар шебер. Айтуынша, бұрынғы халық алуан түрлі бұйымдар жасау үшін киізді кең қолданған. Оны киіз үйдің сыртын жабу үшін, жерге төсеу үшін және де кереге керу арқылы өз қажеттілігіне орай пайдалана білген. Киізден кебеже, сандық қаптайтын әбдіреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяққаптар жасаған. Киіз шексіз мүмкіндіктерге ие. Одан барлық өнім түрлерін жасауға болады.

Элмира Нұрқасымқызы Сарқан ауданы, Қойлық ауылының тұрғыны. Жас күнінен киіз бен қой жүнін тұрмысында тұтынып келген. Алдыңғы буындардан көргені сабау мен тулақ, киіз қарпу, жүн түту. Бірақ, жалпақ әлем гаджетке бет алғанда замандасымыз ұлттың ұлы дәстүрін технологиялар дәуіріне жеткізуді мақсат қылыпты. Себебі, ІТ саланың озығын жасап, роботты тұрмысына арқау еткен жапон халқы бабасының дәстүрін әлі ұстанып келеді емес пе?! Түске дейін костюм киіп жұмысқа барса, түстен кейін кимоносымен ғибадатханаға барып, тәу етеді. Ата-бабасына тағзым етеді. Ал, бізде ше? Бізде, мұнайдан өндірілген синтетик киім мен пластмасса һәм резеңке бұйымды тұтынуға бейімбіз. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар дейтұра, баба жұрттың дәстүрін ескілік көреміз. «Ай, қап» демей көріңіз!

– Қазір киіз ұмыт болып барады. Соңғы кезде мүлде тұтынбайтын болдық. Бұған дейін әр отбасының төрінен табылатын қазақы төсеніш жайында бүгінгі жас ұрпақ біле бермейді. Кейінгі жылдары қойдың жүнін кәдеге жарата алмай, өртейтін болды. Киіз үйлер киізсіз қалды. Осыдан кейін ұлттық құндылығымызды дәріптеп, өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртуды парызым деп білдім. Осы ойымды жүзеге асыру мақсатында ұлттық өнерімізді қолға алдым, – дейді.

Этнодизайнердің айтуынша, киіз бен қой жүнінен жасалған бұйымдардың қоршаған ортаға және адам ағзасына пайдасы зор. Ал, ел тұтынып жүрген синтетикалық бұйымдардың пайдасынан зияны мол. Мәселен, көп жұрт аллергиялық аурулардың себебін таппай дал. Кейіпкеріміз жасанды бұйымдар көп аурудың ошағы екенін алға тартып отыр. Ал, қой жүні емнің өзі. Мәселен, буын ауруларына таптырмас дауа.

– Бала күнімізде киіздің үстінде аунап-қунап өстік. Кейіннен бойына шаң жинайды деген желеумен киіздерді жаппай далаға шығарып тастадық. Өйткені апта сайын қағып, тазалау үлкен қиындық туғызатын еді. Осылайша, бұл төсеніштің орнын синтетикалық кілемге ауыстырдық. Алайда бүгінде киіздің пайдасы орасан екені дәлелденіп отыр. Мәселен, киіз ауадағы жағымсыз энергияларды, шаң-тозаңды бойына сіңіріп, астына тастайтын қасиеті белгілі болды. Сондықтан да апта сайын топыраққа, шаңға толып қалады. Ал синтетикалық кілемдер шаң-тозаңды бойына сіңірмейді. Соның салдарынан зиянды қалдықтарды ауа арқылы жұтып жатырмыз, – дейді этнодизайнер

Киізді кәдеге жаратқан кейіпкеріміздің сөзін ауылдасы әрі киім моделі Татьяна Лебедева да қуаттайды. Оның айтуынша, жүннен тоқылған шұлық киген соң бес-ақ күнде буын ауруын ұмытады-мыс. Себебі, қой жүнінің үйкелісі кезінде пайда болған электростатикалық өріс денсаулыққа, көңіл-күйге жағымды әсер береді. Нәтижесінде адам буын сырқыраудан, шаршаудан, күйзелістен арылады. Қан қысымын қалыпқа келтіреді, созылмалы аурулардың алдын алады.

– Біреу білер, біреу білмес қой жүнінде «ланолин» деген балауыз бар. Оны жүнді жуған судан алады. Бұл өнімнің талай дертке шипасы бар. Медицина саласының білгірі емеспін, бірақ оқығанымды айтайын, әлгі ланолин жараның жазылуына, тері күтіміне, аллергияға қарсы әсері бар. Біз табиғи өнімнен қаншалықты алыстай түссек, соншалықты денсаулықты бұзамыз. Ауылымызда осындай қолы алтын кісі тек қолөнермен айналысып жатқан жоқ, халықтың денсаулығына пайдалы бұйымдар жасап жүр, – дейді ол.

Салт-дәстүрді қайта жаңғыртушы Элмира Нұрқасымқызы бұл кәсіпке тегін келмегенін жоғарыда айттық. Өйткені, адам – өткізгіш. Өзіне дейін жақсы дүниені қабылдап алады да сонысын келесі буынға өткізеді. Аманат дейікші. Баба жұрт өз ұрпағына өмір сүруге қажетті дағдыны, салт-сананы қалдырды, ал қабылдап алғандар кейінгілерге аманатты шашау шығармай жеткізу қажет. Ұрпақ арасындағы осындай сабақтастық нәтижесінде ұлттық кеңістік сақталады. Ал, бір буын оны жалғастырмаса, дәуірден дәуірге жалғасқан тізбек жүрісінен жаңылып, «бет-бейнесіз» ұлт қалыптаспақ. Қалай деймісіз, әрбір ұлттың тілі, діні, ділі һәм кеңістігі сол ұлттың кескін-келбетін, пішімін айғақтайды. Дәл осындай ойды ортаға салған этнодизайнер Расул Ғамзатовтың басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді. Бірде дағыстандық ақын Парижге сапарлай барыпты. Сонда дағыстандық суретшіні көрген екен. Қылқалам шебері жастай Апенин түбегіне кетіп, римдік қызбен көңіл жарастырып, Еуропаның тұрмысына әбден икемделген екен. Сөз арасында туған жердегі кәрі шешесін, кіндік қаны тамған жерді сағынғанын жеткізіпті. Аманат та тапсырыпты. «Туған жерге сағыныш» деген шығарма. Бояуы қанық. Тамаша табиғат бейнеленген. Елге оралған соң ақын суретшінің шешесін тауып барып, сыйды қарт анаға тарту еткен. Кейуана картинаға қарап тұрып, шығарма иесімен қай тілде сөйлескенін сұрапты. Ақын жазбастан аудармашы көмегімен тілдескенін жеткізген. Ана күңіренген күйі «Қателескенсің, менің ұлым тым ертеде өлген» деп жауап қатыпты. Міне, кез келген адам жаһандық үдеріспен жүріп, өз халқының кеңістігінен жаңылса, демек одан туған ұрпақ ата-баба танымын керек етпейді.

– Жүн иіріп, тоқыма тігуге шәкірт тәрбиелегім-ақ келеді. Бірақ, қазіргі гаджетке құмартқандар салт пен сананы қажетсіне қоймайды. «Айқайыңнан ойбайым тыныш» дегендер көп қой. Әйтпесе, қазақтың тұтас болмысы жатқан өнерді жастарды баулуға құлықтымын. Еңбекке, қолөнерге деген құрметке баулығым келеді. Киіз басу сырт көзге қолөнер болып көрінуі мүмкін, дегенмен мұның ішінде үлкен тәрбие бар. Бабаларымыздың даналығын байқауға болады. Терең мәдениет, тыныштық және талғампаздық жатыр. Мен осыны адамдарға сезіндіргім келеді. Киіз қазақтың ұлттық коды, өмірдің философиясы десем қателеспеймін. Бұл жай материал емес, тұрмыс-тіршілікке сіңген мәдени құндылық. Киізге қарап ұлтымыздың мінезін, тарихын, жадын аңғарамын. Негізі қыз баланы іс тігуге, ұршық иіруге, кестелеуге бейімдеген бұрынғының ақжаулықтылары қателеспеді. Олар бұрымдысын шыдамдылыққа, келешек өміріндегі қиыншылыққа төзуге, сабырлы болуға баулыды. Ұлттық өнердің бұл кереметін біз ұмыттық. Тұтынушы қоғамда сатып ала салу үрдісі бар. Қажет пе, базар бардың, сатып алдың. Есесіне, сабыр, төзім, шыдам дегеннен қашықтадық. Қоғамға зер салыңыз, ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайтын шаңырақтың бүгінгі әні «кетемін», яки «ажырасамын», – дейді кейіпкеріміз.

Элмира Нұрқасымқызы қолөнермен бала күннен шұғылданғанымен, кәсіпке айналдырғанына азғантай уақыт болды. Қазір іс қылғанға қаражат керек. Ұлы мұрат һәм мақсат жолында мемлекеттік мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысады. Нәтижесінде, аудандық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысып, қанжығасына 5 млн. теңге қайтарымсыз грантты байлайды. Содан бері өз туындыларын жасап жүр. Кимешектен бастап, аяқкиімге дейін, тұс киізден бастап текеметке дейін жасайды. Тіпті, бір ине мен жіп қолданбай жасаған зерлі киіз шапанының өзі неге тұрады?! «Замана көшінен қалмаймыз, төрімізге картина ілеміз, пейзаж бен натюрморт үй сәнін кіргізеді» деген кей жұртқа қой жүнімен әспеттелген һәм тұмса дүниені сөйлеткен туындылар да бар. Қазір көп азамат моншаға ғана киім жүрген қалпақтарды да жасайды кейіпкеріміз. Бірақ, мұндай бұйымдарға сұраныс аз. Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжетай Тазабекова ұлттық өнерді дәріптеп жүрген замандасын жан-жақты қолдап жүр. Айтуынша, кейіпкерімізде «білгенімді үйретсем, көрсетсем» деген құштарлық басым. Сол үшін аудандық іскер әйелдер кеңесі Элмира Ақпанованы дәстүрлі көрмелерге жиі қатыстырып отырады.

Сарқандық этнодизайнер туындыларымен әлемді мойындатуды 2018 жылы бастаған. Сол жылы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен «Войлочные перекрестки» симпозиумына қатысты. Ал, 2023 жылы Түркияда, Алания қаласында өткен «International Festival Turkic Fashion and Art» атты халықаралық түркі халықтарының өнер фестиваліне «Жетісу» туындылар жиғанымен қатысады. Одан өзге, елімізде, Қарағандыда, Қостанайда, Түркістанда өткен халықаралық көрмелерге өз туындысын ұсынады. Осындай көрмелердің нәтижесінде кейіпкеріміздің шабыты ашыла түскен.

Мұны Қойлық ауылдық округінің әкімі Әсет Садуақасов та қуаттап отыр. Әкімнің сөзіне сенсек, этнодизайнер тың туындыларымен ауылдың атын шығарып жүр.

– Ауылдасымыздың шығармашылығында ұлттық ою-өрнектер ерекше орын алады. Ол ата-бабадан жеткен өрнектерді жаңғыртып, олардың мәнін тереңірек түсінуге тырысады. Бастысы – иісі қазақтың кеңістігін суреттеп, ұлттық танымды дәріптеп жүр. Қойлық ауылынан мұндай өнерлі жанның шығуы шын қуантады. Себебі, Элмира Нұрқасымқызы қазақтың кенже қалған қолөнерін дәріптеп жүрген шебер. Қолөнершінің түрлі көрмеге қатысып, қолөнердің дамуына елеулі үлесін қосып жүр. Дегенмен, төл дәстүріміздің бұлағынан сусындаған шәкірттер тәрбиелесе дейміз. Өйткені бұл киелі өнер іздеушісіз қалмауы керек, – дейді ауыл әкімі.

Элмира Ақпанованың шығармашылығы ұлттық мәдениетті дәріптеуге, оны жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Ол ұлттық киім үлгілерін, дәстүрлі нақыштарды заманауи сәнмен үйлестіре отырып, қазақ мәдениетін әлемге танытып келеді. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік, ізденіс пен шеберлікті жанына серік еткен Қойлықтан шыққан этнодизайнерге біз әрдайым сәттілік тілейміз.

Дастанбек САДЫҚ
Қойлық ауылы,
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

26.05.2026
Өнерге өрлеген жас виртуоздар

Өнерге өрлеген жас виртуоздар

26.05.2026
Ақын елдің ардағы

Ақын елдің ардағы

26.05.2026
Қойлықтан шыққан құндылық

Қойлықтан шыққан құндылық

26.05.2026
Душанбеде Орталық Азия елдерінің су ресурстарын басқару мәселесі қаралды

Душанбеде Орталық Азия елдерінің су ресурстарын басқару мәселесі қаралды

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.