Талдықорған: +21°C
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Экономикалық серпін: «Әділет» партиясы Жетісуда даму жоспарын таныстырды

12.08.2026
КҮНДЕРЕК
Экономикалық серпін: «Әділет» партиясы Жетісуда даму жоспарын таныстырды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудің алпысқа жуық ауылы Қытаймен шекара маңында орналасқан. Ал көрші елмен арада 5 өткізу пункті жұмыс істейді. Сондықтан Жетісудың транзиттік әлеуетін барынша пайдалану керек. Жетісу облысына ат басын тіреген «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен және ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесіп, осы мәселеге қатысты өз жоспарын таныстырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Аймақ-аймақты аралап жүрген партия өкілдері осымен 14-өңірге барып отыр. Талдықорғанда өткен жиында Құрылтай кандидаттары сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты түйткілдерге баса назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика құру жөніндегі жалпыұлттық бағыты аясында Жетісудың шекара маңындағы және транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану өзекті. Басқосу қатысушылары осы тақырыпты кеңінен қаузады. Тұрғындар мен кәсіпкерлер жергілікті өндіріс пен инфрақұрылымды қолдау қажет екенін көтерген еді. Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров бұл тұрғыда партияның негізгі экономикалық бастамалары бар екенін айтып берді.

Мәселен, партия агроөнеркәсіптік кешен мен шағын бизнесті дамытудың негізгі құралдары ретінде ірі және ұлттық компаниялармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасау, кепілдік беру тетіктеріне қолжетімділікті кеңейту және қаржыландырудың балама көздерін дамытуды ұсынады.

Партия 2030 жылға қарай ел экономикасындағы орта бизнестің үлесін қазіргі 7%-дан 20%-ға дейін арттыруды, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының транзиттік жүк өткізу қабілетін 67 млн тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

Суармалы су тапшылығы мәселесін шешуге де ерекше назар аударылған. Бағдарлама аясында еліміз бойынша 14,5 мың шақырым суару каналын қайта құрылымдау, оның кемінде 3,5 мың шақырымын цифрландыру көзделген.

Бағдарламаның бұл тұстарына Жетісу өңірінің бизнес-қоғамдастығы мен аграрийлері ерекше қызығушылық танытып отыр. Әсіресе, қант қызылшасы, астық, жүгері және жеміс-жидек өсіретін шекара маңындағы өңір үшін ұсынылған шараларды өзекті деп санайды.

Сонымен қатар, өңір жұрты ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге жағдай жасау, мемлекеттік сатып алудың ашық әрі түсінікті ережелерін қалыптастыру жайын да қоса кетті. Осы екі түйткіл шешіліп отырса бұл да өңір экономикасының бір серпіліп алуына мүмкіндік береді.

Кездесуді қорытындылаған «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Жетісудың елдің шығыс бағытындағы стратегиялық маңызына және Қазақстанның маңызды қақпасы ретіндегі рөліне ерекше тоқталды.

«Тарихи тұрғыдан Жетісу арқылы Ұлы Жібек жолының бағыттары өткен. Бүгінде де өңір Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетінде аса маңызды рөл атқарып отыр. Бұл жерде экологиялық таза өнімге сұраныс артып келеді. Біздің міндетіміз — шикізатты жай ғана экспорттау емес, оны ел ішінде өңдеп, қосылған құнды Қазақстанда қалдыру және өңір тұрғындары үшін сапалы жұмыс орындарын құру. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту, фермерлерді сумен қамтамасыз ету және адал бәсекелестікті қалыптастыру – «Әділет» партиясы жақтайтын экономикалық әділеттіліктің негізі», – деді ол.

Айта кетейік, сайлаушылардың өтініштері мен ұсыныстарын жинау жалғасып келеді. Бұл жұмыс ақпараттық шатырлар, шалғай ауылдарға шығатын көшпелі керуендер және онлайн платформалар арқылы жүріп жатыр. Оның барлығы кандидаттардың жаңа парламенттегі жұмысына арқау болмақ.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Қатысты жаңалықтар

Тарихи сабақтастық

Уақыт талабы

12.08.2026
Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

12.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

12.08.2026
Әйелдерге арналған бағдарламаның жаңа шарттары

Әйелдерге арналған бағдарламаның жаңа шарттары

12.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Ел ертеңі үшін

12.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.