Тарих қойнауынан тамыр тартқан Құрылтай – әрқашан елдік пен тұтастықтың жарқын көрінісі болған. Ата-бабамыз ұлы істі қолға алар алдында, ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта барша ру мен тайпаның басшыларын жинап, ақылға салған. Бұл – біздің қанымызда бар демократиялық дәстүр, алқалы жиын арқылы ортақ шешім шығару мәдениеті.
Бүгінгі таңда бұл бірегей институтымыз жаңа мазмұнмен толығып, заман талабына сай қайта түледі. Технология дамып, жаһандық өзгерістер орын алуда. Жаңашыл болу – уақыт талабы. Дегенмен, қай заманда да түп тамырымыздан ажырамау, ұлттық кодты сақтау – басты парызымыз.
Өмірдің кез келген саласында, әсіресе ел мен өңірді дамыту жолында сөз емес, нақты іс пен жүйелі жұмыс қажет. Әр жетістік табандылық пен темірдей тәртіптен тұрады.
Ел болашағы басқа біреудің қолында емес, өзімізде. Өзгерісті өзгеден емес, өзімізден бастауымыз керек.
Құрылтай сияқты маңызды мемлекеттік маңызы бар саяси үдерістерде сырт қалуға хақымыз жоқ. Әр азаматтың белсенді ұстанымы – туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің айғағы болмақ.
Елдік іске бей-жай қарамау, дауыс беріп, ортақ шешімге үлес қосу – азаматтық борыш. Бірлік бар жерде – тірлік бар!
Мади БОЛАТОВ
су добынан Жетісу облысының бас бапкері





