Талдықорған: +14°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ БАЛМҰЗДАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫ КӨРДІ

04.05.2022
ЭКОНОМИКА
САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ БАЛМҰЗДАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫ КӨРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВ жұмыс сапарымен облысқа келді. Министр аймақ басшысы Қанат БОЗЫМБАЕВПЕН бірге Іле ауданында болып, республикадағы ең ірі балмұздақ шығаратын «Шин-Лайн» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорынды аралаған Бақыт Тұрлыханұлы жұмысшылармен тілдесіп, оларды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, еңбектеріне жаңа табыс тіледі.

Министр: «Шин-Лайн» – бұл отандық және шетелдік нарықтарға батыл қадам басқан, экспортқа бағдарланған заманауи ірі кәсіпорын. Мұндай нәтижелерге мемлекеттік қолдау шараларының, бизнестегі белсенділіктің арқасында қол жеткізілуде. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылып, аймақ экономикасын өркендетуге оң ықпалын тигізуде», – деді.

Бұл тұрғыда Қанат Алдабергенұлы өз ойымен бөлісті.

– Біз компанияға іргелес аумақта қоғамдық кеңістікті жайластыру жобасын іске асырудың бастапқы кезеңінде бас қосып отырмыз. «Шин-Лайн» – бәріне мәлім балмұздақ ғана емес, сондай-ақ тамақ өнімдерінің тұтас желісін өндіретін компания. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін бұл желі кеңейеді деп үміттенеміз. Мәліметтер бойынша компания әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары сапалы өнімдердің 140-тан аса түрін шығарады. Биыл балмұздақ шығаратын зауыт құрылысының бірінші кезеңін іске қосу көзделуде, екінші кезең келесі жылы іске асырылатын болады. Инвестиция көлемі шамамен 34 миллиард теңгені құрайды, 2,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылады. Жылына 60 мың тоннадан аса балмұздақ өндіріліп, оның жартысынан астамы шетелге экспортталатын болады. Сондай-ақ, «Шин-Лайн» жобасы біздің облыстың ғана емес, бүкіл республиканың кәсіпорындары, инвесторлары үшін ерекше үлгі. Бұл жергілікті кадрларды даярлау, колледждерге қамқорлық жасау, түлектерді жұмысқа орналастыруда әлеуметтік-экономикалық қолдау болып табылады. Осы тұрғыда біз бас акционермен келістік. Тұтынушылар адалдығын арттыру мақсатында өнеркәсіптік туризм тұжырымдамасы өте тартымды. Бұл біздің облыс аумағындағы маңызды және ауқымды жоба, ол үшін кәсіпорын басшысы Андрей Шинге ерекше алғыс айтамыз. Баршаңызға жақсылық, өркендеу және бейбітшілік тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Бұдан соң қос тарап кәсіпорын қызметкерлерімен бірге ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Осы жобаны іске асыруға компанияның меншікті қаражатынан 200 миллион теңге бөлінген, оған кәсіпорын айналасындағы алаңдарды ғана емес, сондай-ақ меншік иелерімен және облыс, аудан әкімдіктерімен келісім бойынша «ҚазАвтоЖол» мен «ОблАвтоЖолға» тиесілі Іле ауданының бірқатар учаскесін қайта жаңарту мен көгалдандыру жоспарлануда. Осылайша жергілікті тұрғындар жаңа жабдықталған демалыс аймағына ие болмақ.  

Өндірістік кәсіпорындар айналасындағы кеңістікті дамытудың бұл тәсілі Қазақстанның және басқа да шетелдік компаниялар үшін үлкен үлгі. Көгалдандыру жобасы сараптамадан өтіп, барлық реттеуші мемлекеттік құрылымдармен мақұлданды. Ол Алматыдағы Панфилов көшесін абаттандыруды табысты жүзеге асырған белгілі дизайнерлік бюромен ынтымақтастықта әзірленді. Сәулетшілер мен жобалаушылардың ойынша кәсіпорын аумағы бойындағы саябақ аймағын кеңейту көзделеді.

– «Алматы-Жетіген» тас жолы бойындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру және балмұздақ фабрикасын көгалдандыру – бұл соңғы екі жыл бойы біз жүзеге асырып келе жатқан жоспарымыз. Біз өнеркәсіптік туризмді дамытқымыз келеді. Өткен жылы 1 мыңнан аса ағаш отырғыздық және биыл тас жол бойында, зауыт аумағында 5 мыңнан аса ағаш отырғызуды көздеп отырмыз. Алғашқы үш автофургон бізге Еуропадан американдық қызыл үйеңкі көшеттерін жеткізді. Біз оларды отырғыздық. Ағаштардың тез бейімделіп, гүлденуі бұл өте әсерлі болады. Бұл аллеяның бәрі бір шақырымға созылады, – дейді компания президенті Андрей Шин.

Компания жетекшісі сондай-ақ, өндірістегі жұмыс үрдісін сөз етті. Айтуынша, компанияның сүт, май, жедел кеспе, жартылай фабрикаттар, мұздатылған қамыр сияқты басқа да бағыттары қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Салықтардың үлесі жыл сайын өсу үстінде. Өткен жылы компания мемлекет бюджетіне 2,9 миллиард теңге көлемінде салық аударған.

Кәсіпорын жұмысына келетін болсақ, қазіргі уақытта жаңа өндірістік кешеннің құрылысы мен жабдықталуы аяқталуда. Оның жалпы құны 33,4 миллиард теңгеге бағаланған. Мұнда тәулігіне 350 тонна балмұздақ шығаруға қауқары жететін ең озық швед, неміс  италия және даниялық жабдықтар орнатылған. Орнатылған екі өндірістік желіде тесттік іске қосу басталды және олардың әрқайсысы сағатына 36 мыңнан 40 мың данаға дейін балмұздақ шығарады.

«Бүгінде бұл тек Ресейде ғана емес, әлемдегі ең заманауи жабдық. Сондай-ақ, ол технологиялық және гигиеналық стандарттар тұрғысынан да, пайдалану қауіпсіздігі мен тиімділігі жағынан да ұтымды саналады. Кәсіпорында енгізілетін көптеген шешімді бірегей деп атауға болады. Бұл жабдық Шин-Лайн мамандары тұжырымдайтын нақты міндеттерді ескере отырып, жетекші әлемдік өндірушілерімен серіктестікте жасалған. Қарапайым тілмен айтқанда, жабдық біз үшін жасалған», – дейді жеке тесттік іске қосудың не үшін қажет екенін түсіндірген «Шин-Лайн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин. Сондай-ақ, ол компанияға қатысты тілшілер тарапынан қойылған басқа да сұрақтарға жауап қайтарды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Іле ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

05.05.2026
Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.