Талдықорған: +29°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ДАУ ШЫҚТЫ

04.02.2021
ЭКОНОМИКА
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ДАУ ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаңтар айын қорытындылаған басты мәселе электр жарығының төлемі болған сыңайлы. Қайсыбір әлеуметтік желіні ашып қалсаң болды — осы тақырып. Қараша халықтың талқысында да жүрген әңгіме осы. Барлығының сұрағы біреу: «Қаңтар айында электр жарығына неге көп ақша төледік?» Өңір тұрғындарын алаңдатқан мәселеге «Жетісу» газеті журналистік зерттеу жасап көрді.

Жарықтың әдеттегіден 2 есеге қымбаттауы тек Талдықорған қаласында ғана емес, аудандарда да тіркелген. Мысалы, Көксу ауданы тұрғындары желтоқсан айындағы төлем 5, 10-12 мыңның төңірегінде болса, ендігі төлем есебі екі есеге артық, екі есе көп төледік дейді. Жаркент қаласында тіптен бір адамға 92 мың теңгеге шот келген.

Осының төңірегіндегі сауалдарға жауап алу мақсатында «Жетісу Энерго Трейд» ЖШС мен «ТАЭТК» мекемелеріне хабарластық. «ТАЭТК» мекемесіне хабарласуымыздың бірден-бір себебі – қазіргі уақытта ескі электр есептеуіштің барлығы дерлік ауыстырылып, модернизацияланған. Яғни, басым бөлігі электронды жүйеге көшіріліп, енді қолданылған қуат көзін бағдарлама есептейді.

Сауалдарымызға «Жетісу Энерго Трейд» ЖШС өкілі Нұржамал Құдайбергенқызы жауап берді. Оның айтуынша, жаңаланған электр есептеуіштер өте сезімтал. Яғни, ескілері телефон қуаттағышын қосылған-қосылмағанын біле алмаса, жаңасы оны сезетін көрінеді.

– Есептелген шоттардағы төленетін соманың көптігі «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-нің тарифтерін көтерді дегенге еш қатысы жоқ. Өйткені, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментімен келісе отырып, тарифті ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 20 тиынға немесе 1,1 пайызға төмендетті. Келіп түскен өтініштер бойынша «ТАЭТК» АҚ қызметкерлері мен «Жетісу Энерготрейд» ЖШС жұмысшылары тұтынушылардың есептеу құралдарын тексерді. Тексеріс нәтижесі бойынша жүгінген тұтынушылардың 90-95 пайызының есептеу құралдарының көрсеткіштері берілген шоттарға сәйкес келетіні анықталды. Сонымен қатар, комиссиямен тұтынушылар үйлерінде электржылытқыштар мен су қыздырғыштарын қолданғаны белгілі болды, – деді Н.Құдайбергенқызы.

Мамандар қаңтар айында ұлғайтылған сома алудың бірнеше себептері болуы мүмкін деп түсіндірді. Айтуынша, қаңтар айында аязды ауа райы болғандықтан, тұтынушылар электр жылытқыштары мен электр қазандықтарын қолданды. Одан бөлек, желтоқсан, қаңтар айында мерекелік демалыс күндері көп болды. Сәйкесінше, тұрғындар негізінен үйде болды. Қаңтарда барлығы 18 жұмыс күні болды. Демалыста тұтынушылар электр энергиясын үнемдеу процесіне тиісті назар аудармаған.

Тағы бір айта кетерлігі, желтоқсан айында 25-27 күн ғана есепке алынған екен. Жаңа жылдық мерекемен тұспа-тұс келген демалыс күндері қаңтар айының есепшотына енгізілген. Тұтынушы қаңтар айында 31 күнге қоса 5-7 күн артық төлеген. Тұрғындар тарапынан наразылық туындаған жағдайда, өткен айғы есепшотпен салыстыра отырып, есептеу шоттарына түзетулер енгізу үшін «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-не жүгінуге болады. Одан бөлек, есеп түбіртегінде көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, түбіртекті мессенджерлеріне жібере отырып жауап ала алады.

Жоғарыда аталған Жаркент қаласындағы 94 мың теңгенің түбіртегіне қатысты: «Тұрғынның үйі 2 қабаттан тұрады. Ауданы 400 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді электр қазандығымен жылытады. Оның үстіне есік алдын жарықтандыру үшін тіреулерге үлкен фонарь қойылған. Монша, күзет отыратын ғимарат электр жылытқыштармен жылытынатыны белгілі болды. Әрине, ондай алаңды тоқпен жылытуға сонша киловатт кетпегенде, қалай болады?» – деді жауапты мекеме өкілдері.

Тағы да 16 мың теңге деп жолданған түбіртекке қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізгенде әлеуметтік желіге хабарламаны 8-сынып оқушысы салғаны анықталған. Ал ата-анасы осындай сомада электр тұтынғанын мойындап отыр. Саят Мұхамедқалиев есімді Еңбек ауылының тұтынушысы ешқайда шағым жарияламағанын, осы айда электр дәнекерлеу (сварка) құралдарын пайдаланғанын айтты.

«Жетісу Энерготрейд» өкілінің ресми жауабын Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы өзінің парақшасында да жариялады. Десе де, жазба астынан тұрғындардың наразылығы әлі басылмағанын байқауға болады. Бірі жаңа есептеуіш құралына сенбейтінін жазса, енді бірі әр күнгі көрсеткішті суретке түсіріп отыруға шақыруда.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.