Талдықорған: +20°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАҒЫ ДА АУЫС-ТҮЙІС: САРҚАН АУДАНЫН ЕНДІ ҒАЛЫМЖАН МАМАНБАЕВ БАСҚАРАДЫ

26.09.2022
ЭКОНОМИКА
ТАҒЫ ДА АУЫС-ТҮЙІС: САРҚАН АУДАНЫН ЕНДІ ҒАЛЫМЖАН МАМАНБАЕВ БАСҚАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданын енді Ғалымжан Маманбаев басқаратын болды. Оның кандидатурасын аудан активіне таныстырған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бұл таңдау ауданның экономикалық әлеуетін көтеріп, әлеумет жағдайын жақсарту үшін жасалғанын жеткізді.

Аудан әкімінің орынтағына жайғасқан Ғалымжан Қанат­ұлы өңір жұртшылығына етене таныс. Ұзақ жыл аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Өңірдің барлық жағдайынан хабары бар және осы аудандағы елдің жайын, жұрттың хал-ахуалын жақсы біледі. Әрине, аудан басшылығына сол өңірдің өткені мен бүгінін, тұрғындардың талап-тілегі мен болашақ арманын назарда ұстайтын, елді береке-бірлікке ұйыстыра білетін адамның келгені көптеген мәселенің оң шешілуіне ықпал етеді.

– Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар бірауыздан Ғалымжан Маманбаевтың кандидатурасын мақұлдады. Ежелгі Қойлық қаласының тумасы Ғалымжан Қанатұлы ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Сондықтан аудан тізгінін мығым ұстап, жетістіктерге жетелейтініне сенемін. Бәріңіз бірлікте, селбесіп жұмыс атқарасыз деген ойдамын, – деді облыс басшысы.

Келесі кезекте сөз алған жаңа әкім Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында алға қойылған тапсырмаларды толық орындап, ел сенімінен шығатынын жеткізді.

Жаңа әкімді тағайындауға аудан активі, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар қатысты. Сол қатарда Сарқан ауданын 7 жыл басқарған Талғат Өмірәлиев, Сарқан ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қадыл  Жанасбеков, Сарқан аудандық аналар кеңесінің төрайымы, қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлшарбан Қалиева, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Мейрамғали Ғалиасқаров жаңа әкімнің азаматтық, жауапкершілік, біліктілік қасиетін жоғары бағалап, жылы лебізін білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Осыдан кейін облыс әкімі көпшілікке аймақтағы жол жөндеу, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, жұмыспен қамту, басқа да салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып шықты. Сондай-ақ, орын алған кемшіліктерді де назардан тыс қалдырмады. Сол қатарды қант қызылшасын өсірудегі көрсеткішті жоғарылату керектігін тапсырды. Сонымен қатар, елді мекендерді газдандырудағы сылбырлық, интернет желісінің қолжетімсіздігі де айтылды. Бірнеше ауылдағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмысын жүргізудің қажеттілігі де көтерілді.

Биыл облыстың бірнеше ауданында 100-ге жуық мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды. Соның тең жарымы Сарқан ауданының педагогтары. Осы мәселені ортаға салған облыс басшысы аудандық білім бөлімі басшысынан туындаған мәселенің жай-жапсарын сұрап, жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарастыруды тапсырды. Сол қатарда жасөспірімдердің қылмысы да назардан тыс қалмады. Соңғы екі аптаның ішінде Жетісу облысында жасөспірімдер арасында орын алған 4 суицид жағдайының екеуі Сарқанда болған. Облыс басшысы осы жағдайдың туындауының себеп-салдарын анықтауға қатысты тапсырма жүктеді. Соңында жаңадан тағайындалған  аудан әкіміне тиісті тапсырма берді.

Аудан әкімін тағайындау салтанатынан кейін облыс басшысы бірнеше нысанды аралап көрді.

Естеріңізде болса, облыс әкімінің Сарқан ауданы тұрғындарымен өткен жолғы кездесуінде облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы интернат-мектебінің педагогы Гүлбира Таева облыс басшысын білім шаңырағына барып, жағдайды бағамдап қайтуға шақырған еді. Сол жолы уақыт тапшылығынан бұл өтінішті орындай алмаған облыс әкімі осы жолы аталған интернат-мектептің жағдайымен танысып шықты.

Расында, 1962 жылы салынған ғимаратта бүгінде 50-ден аса бала тәрбиеленіп жатыр. Бірақ оқыту базасы заман талабына сай емес. Облыс әкімі педагогтардың ұсыныс-тілегі бойынша білім ордасын қайта жаңғыртуға тапсырма берді. Сонымен бірге, облыс басшысы Сарқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы мен қыстық спортзалына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысының жобасымен танысты.

Қажет АНДАС

Сарқан ауданы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.